Заңды құрметтеу – тәртіптен басталады: Мұғалжарда жастармен кездесу өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мұғалжар ауданында жоғары сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттауға және жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кездесу өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары таныстырылды.
Кездесуге Ақтөбе облысы Полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жедел қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары, полиция аға лейтенанттары Ерасыл Амангелді  мен Нұрлыхан Мұханбетов  қатысты.
Амангелді Ерасыл – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен әлем чемпионы. Мұханбетов Нұрлыхан – қазақ күресінен спорт шебері, ІІМ кубогының чемпионы және ІІМ чемпионатының үш дүркін жеңімпазы.
Чемпион полицейлер оқушыларға өздерінің спорттағы жетістіктері мен қызметтік жолы туралы айтып, тәртіп, табандылық пен еңбектің маңызын атап өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция мамандығы туралы пайдалы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, елге қызмет етуге деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1308473?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді