
Ағымдағы жылдың 8 қазанында сағат 16.00-де аудандық мәслихат төрағасы С.С. Мусапированың төрағалығымен Алтынсарин аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы ZOOM режимінде өтті. Депутаттар 3 мәселені қарады: 1) «Алтынсарин ауданының аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2) Алтынсарин ауданындағы Осиповка елді мекенін тарату туралы; 3) Алтынсарин ауданындағы Бирюковка елді мекенін тарату туралы. Аудандық бюджетке енгізілген түзетулерді депутаттар мақұлдады. Алтынсарин ауданындағы екі ауылды тарату аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала талқыланды. Сессияда Бирюковка ауылын таратып, оны Зуевка ауылына қосу, Осиповка ауылын таратып, оны Большая Чураковка ауылына қосу туралы ұсыныстар облыстық атқарушы және өкілді органдардың қарауына ұсынылды.
Сессияның онлайн трансляциясы келесі сілтеме арқылы өтті:

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1308471?lang=ru

Жауап қалдыру