Қызылтал ауылдық округінде аумақтарды тазалау және көркейту жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қызылтал ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді

Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №248 «Мойынқұм ауданы елді мекендерін көктемгі көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары туралы» қаулысын орындау мақсатында 2026 жылғы 10 қазанда Қызылтал ауылдық округіне қарасты А. Назарбеков және Көкжелек ауылдарында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында ауыл көшелерінің бойында орналасқан электр бағаналарын әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, А. Назарбеков және Көкжелек ауылдарының кіреберіс көшелерінің бойында өскен шөптер шабылып, тазалық жұмыстары атқарылды.

Бұдан бөлек, ауылішілік көшелер полиэтилен пакеттер, пластик және шыны бөтелкелер, сондай-ақ басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-kyzyltal/press/news/details/1308658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді