
Ұлытау облысында 2026–2027 жылдарға арналған жылыту кезеңіне дайындық және өрттің алдын алу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Өткен маусымда тұрғын үй секторында 45 өрт тіркеліп, адам шығынына жол берілмеген болатын. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖД тамыз айынан бастап үш кезеңнен тұратын арнайы жоспарды іске асыруда.
Бүгінде өңірде қатты отынмен жылытылатын 8 651 үй бар. Басты назар әлеуметтік осал топтар тұратын 278 үйге аударылуда. Бірінші және екінші кезеңдер аясында ТЖД, полиция, әкімдік және еріктілер өкілдері 705 жеке үйді аралап, 6 218 тұрғынға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында анықталған кемшіліктер жойылып, халыққа қауіпсіздік жадынамалары таратылды.
Сонымен қатар, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін тұрғын үйлерде иіс газы мен түтінді анықтайтын 271 дабылқаққыш датчик орнатылды. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилакатикалық обходтар жылыту маусымының соңына дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-ulytau/press/news/details/1308721?lang=ru

Жауап қалдыру