Тұрғындармен кездесу: өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ырғыз ауданының әкімі Р. Өтешов Аманкөл ауылдық округіне қарасты Құтикөл, Аманкөл және Жарма елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын толғандырған жолдардың жағдайы, ауыз су мәселесі, жұмыспен қамту, елді мекендерді абаттандыру және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, толғандырған сауалдарын жеткізді. Аудан әкімі көтерілген мәселелердің назарға алынатынын айтып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1308732?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді