«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.
Акция барысында азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасы және мұрагерлік құқық, тұрғын үй қатынастары, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша консультациялар берілді.
Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға деген құрметті нығайтуға және заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1308773?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді