
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Лесной ауылдық кітапханасында «Біз әртүрліміз – бірақ біргеміз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары қатысып, әр түрлі халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрі және еліміздегі бейбіт өмірді бейнелейтін әдебиеттермен танысты. Балалар көрмеден алған әсерлерімен бөлісіп, бірлік пен келісімнің маңызын түсінді. Кітап көрмесі оқушыларға танымдық әрі тәрбиелік әсер беріп, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/981017?lang=kk
Жауап қалдыру