
Цифрлық майнинг үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) цифрлық майнинг кезінде тұтынылған электр энергиясының көлемі үшін осы төлеішілерден алынады:
Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнингті жүзеге асыратын;
цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға есептеу операцияларын орындау және деректерді өңдеу үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар
Цифрлық майнинг мақсатында төлемақыны есептеу есепті кезеңде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 2 теңге мөлшеріндегі мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.
Цифрлық майнинг мақсатында төлемақы Қазақстан Республикасының аумағындағы меншікті электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен немесе Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылардан өндірілген электр энергиясын пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия, электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған кезде цифрлық майнинг мақсатында төлемақы тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағатына 25 теңге мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алудың бақылау аспаптары болмаған және (немесе) олар ақаулы күйде болған жағдайларда цифрлық майнинг мақсатында тұтынылған электр энергиясының көлемі электр энергиясының ең жоғары қуатын тәулік бойы тұтыну есебінен есептеледі.
Төлемақыны есептеу үшін тоқсан салықтық кезең болып табылады.
Декларация салық төлеушінің тұрған жері бойынша салық органына тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей ұсынылады.
Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1308806?lang=ru

Жауап қалдыру