Шымкентте 183 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып болып табылады.
       Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысында мемлекеттік органдардың заңсыз іс-əрекеттерінің дер кезінде жолын кесу жəне кінəлі адамдарды жауаптылыққа тарту басты назар аударылған.
       2024 жылы прокуратурының қадағалау актілерімен 183 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдарының заңсыз әкімшілік жаза қабылдау туралы қаулыларының күші жойылды және 12 кінәлі қызметкер әртүрлі тәртіптік жазаға тартылды.
       Мысалы, Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 176 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша дара кәсіпкерлердің іс жүргізу құқықтарын пайдалану құқығын шектеген, іс жүргізуді олардың қатысуынсыз жүргізген, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабы бойынша (Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау) заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
       Прокуратураның қадағалау актісі бойынша заңсыз шығарылған қаулылардың күші жойылды және 6 кінәлі тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/980989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді