
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – бұл зейнеткерлік жасқа толған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем. Ол Біріңғай жинақтық зейнетақы қорындағы жинақтар мен еңбек өтіліне қарамастан, республикалық бюджеттен төленеді.
Базалық зейнетақы мөлшеріне 1998 жылға дейін жинақталған еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі зейнетақы жинақтық жүйесіне қатысу өтілі әсер етеді.
2026 жылғы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын құрайды. Базалық зейнетақының ең жоғарғы мөлшері 60 005 теңгені немесе ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118%-ын құрайды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:
1) Әлеуметтік кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңдегі еңбек өтілі, ;
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) еңбек, кәсіпкерлік қызмет кезеңдері;
4) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің жас балалардың (олардың іс жүзінде күтіміне байланысты) күтіміне жұмсаған уақыты, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейінгі мерзімде жалпы жиынтығында 12 жылдан аспайтын уақыты;
5) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы күту уақыты;
6) әскери қызмет кезеңдері;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамға және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға күтім жасау уақыты есептелінеді.
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және жинақтаушы жүйедегі өтілі болашақ базалық зейнетақы төлемінің мөлшеріне не әсер етеді.
Базалық зейнетақы ең мөлшері ең жоғарғы шекке жетуі мүмкін, сондықтан ресми түрде жұмысқа орналасу, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу, сондай-ақ зейнетақы аударымдарын мерзімді түрде бақылап отыру маңызды.
Бұрын базалық зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне қарамастан барлық алушылар үшін бірдей болды. Қазіргі уақытта: еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтіл неғұрлым көп болса, базалық зейнетақы соғұрлым жоғары болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1309107?lang=ru

Жауап қалдыру