Шымкент қаласының прокуратурасы құны 4,8 млн теңгені құрайтын жер учаскесін мемлекетке қайтарды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органмен заңсыз табысталған жер учаскелерін мемлекетке қайтаруға шара қолдану туралы Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаментіне ұсыну енгізген.
Өз кезегінде Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті заңсыз табысталған жер учаскесі бойынша келісім-шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты жер учаскесін беру туралы заңды шешім қабылдаған деген қате тұжырымға келіп, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырды.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры соттың шешіміне апелляциялық өтініш хат енгізді.
04.02.2025 жылы Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатылы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдады.
Нәтижесінде құны 4,8 млн теңгені құрайтын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/980981?lang=kk
Жауап қалдыру