Автор: admin
-
Бүгін, 2026 жылғы 21 мамырда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 53 кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін, 2026 жылғы 21 мамырда Д.М. Сакеновтың төрағалығымен Абай аудандық мәслихатының 53 кезектен тыс сессиясы өтті. Аудан бюджетіне ұсынылған өзгерістер туралы «Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Б.Р. Муталяпова баяндама жасады. Сессияда Абай ауданы бюджеттік комиссиясының құрамы бекітілді. Мәслихат депутаттары Абай ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму Жоспарына, сондай-ақ, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының…
-
Мойынқұмда жас өнерпаздардың шығармашылық есебі өтті
Мойынқұм аудандық мәдениет үйінде Өнер және қосымша білім беру шығармашылық орталығының бір жылдық есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындарына ерекше рухани кеш сыйлады. Жыл бойы шығармашылық ізденіс пен өнер жолында еңбек еткен жас таланттардың жетістіктерін қорытындылаған кешке ұстаздар, ата-аналар, өнерсүйер қауым мен аудан тұрғындары қатысты. Есеп беру концерті барысында орталық тәрбиеленушілері республикалық, облыстық…
-
Безопасность детей в летний период
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Елімізде жыл сайын 180 мыңнан астам бала жарақат алады. Өткен жылы суға түсу маусымында 39 бала суға кетіп, жол апаттарынан 285 кәмелетке толмаған жас қаза тапты. Сондай-ақ балалардың терезеден құлауы мен жасөспірімдердің түнде қараусыз жүруі фактілері де кездеседі. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — балалардың өмірі мен…
-
Экология және қоғамдық денсаулық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту
Астана қаласында Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғылыми және сараптамалық қауымдастық қатысуымен Өңірлік экологиялық саммит өтті. Саммит жұмысына Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Садвакасова қатысты. Іс-шара барысында климаттың өзгеруі мен оның халық денсаулығына әсері, сондай-ақ Арал маңы өңіріндегі экологиялық ахуал және қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлер кеңінен талқыланды. Экологиялық және климаттық факторлардың…
-
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2026»
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2026» облыстық байқауы2026 жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2026» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — оқытушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру деңгейін анықтау және озық кәсіби шеберлікті насихаттау.Облыстық кезеңге шыққан үздік оқытушылар өздерінің жаңашыл әдістемелік тәжірибелерін ортаға салды. Қатысушылар үш кезеңнен өтті:1. В2…
-
Газ-түтіннен қорғаушылармен жаттығу өткізілді
Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің газ-түтіннен қорғау буынында жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлермен арнайы жылу-түтін камерасында тәжірибелік жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дайындықтарын жетілдіру, түтінге толы және жоғары температура жағдайындағы іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ өрт немесе өзге де түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын дамыту. Жаттығу барысында қызметкерлер арнайы тыныс…
-
Техникалық оқыту өткізілді
2026 жылғы 20 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалында Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Успанова Камила Кажмухановна техникалық оқу өткізді. Іс-шара мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді…
-
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда құрылыстың сапасын, ашықтығын және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Негізгі өзгерістердің бірі – мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділік талаптарының сақталуын бақылауды күшейту болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1225578?lang=ru
-
Жамбыл облысында оқушыларға есірткі қылмысының салдары түсіндірілді
JAS TAMIR ELITE SCHOOL мектебінде “Жастар есірткісіз өмірді қолдайды” тақырыбында профилактикалық кездесу өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен AMANAT партиясы жанындағы “Жастар Рухы” жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды. Кездесудің мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдердің есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.…
-
Пестицидтерді сақтау және олармен жұмыс істеуге қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Пестицидтер мен химиялық заттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес реттеледі. Пестицидтерді сақтау тек санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда және арнайы жабдықталған қоймаларда ғана рұқсат етіледі. Оларды ашық алаңда немесе қалқа астында сақтауға жол берілмейді. Қойма аумағы қоршалып, жүк түсіруге, ыдыстарды залалсыздандыруға арналған…
-
Қазақстанда балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді
Оқу-ағарту министрлігі балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балалар сауықтыру орталықтарының қызметін лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл бастама балалардың демалысы, оқуы және сауықтырылуы үшін бірыңғай талаптарды қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, құжаттарды жыл сайын қайта рәсімдеу…
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарландыру
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы хабарландыру «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: – Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттардағы сыбайлас…
-
ШҚО әкімдігінде оқу жылының аяқталуы, жазғы демалыс және туризм мәселелері қаралды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында оқу жылының аяқталуы және оқушылардың қорытынды аттестациясына дайындық туралы сөз етілді. ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, өңірдегі 99 мыңнан астам мектеп оқушысының ішінде 11-сынып бітірушілерінің саны – 5 192. Оның ішінде 500-ге…
-
Аборт: денсаулыққа төнетін қауіптер мен ықтимал асқынулар
Аборт — әйел ағзасына елеулі әсер ететін медициналық араласу. Асқынулар қаупі жүктілік мерзімі ұзарған сайын, қайталанған аборттар кезінде және құралдық әдістер қолданылған жағдайда арта түседі. Асқынулар әр кезеңде байқалуы мүмкін: процедурадан кейін бірден, алғашқы ай ішінде немесе ұзақ уақыт өткен соң. Ең қауіптілері — қабыну үдерістері (перитонит, сепсис), ұрпақ өрбіту қызметінің бұзылыстары, соның ішінде бедеулік,…
-
Жетісу облысында полиция ата-аналарды балалар қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды
Жетісу облысында полицейлер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуде. Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдер көбіне кешкі және түнгі уақытта түрлі қауіп-қатерге тап болып, құқықбұзушылыққа араласуы немесе өздері қылмыс құрбанына айналуы мүмкін. Осыған байланысты өңірде заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде жүрген…
