Автор: admin
-
Қостанай облысында жайылым тапшылығы сақталуда
Қостанай облысында жайылым тапшылығы сақталуда Облыстық мәслихат депутаттары комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Есимжан Баймақанов жайылымдық жерлерге қатысты жағдай туралы баяндады. 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда 471,8 мың шартты бас ауыл шаруашылығы жануары бар. Мал басын жаю үшін қажетті жайылым көлемі 1,769 млн гектарды құрайды, ал қолда…
-
ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ
ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТТЕРІ БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРҒА КЕҢЕС БЕРІЛДІ Шымкент қаласы Әділет департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Г. Орынбетова мен Ш. Досаева қатысып, азаматтарға құқықтық консультациялық көмек көрсетті. Іс-шара барысында жылжымайтын…
-
ШҚО-да туризм саласында 124 млрд теңгеге бес ірі жоба жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан – тауы, көлі, орманы мен тарихи-мәдени нысандары мол өңір. Соңғы жылдары осы мүмкіндікті туризм саласын дамыту жолында пайдалану үшін жолдар, демалыс орындары, жағажайлар мен инженерлік желілер кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Жазғы туристік маусымның қорытындылары Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте таныстырылды. Жыл басынан бері облысқа 195 мың турист келген. Оның 189 мыңы-ел азаматтары, 6…
-
ШҚО әкімі Марқакөл ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданындағы Қалжыр ауылында аудан тұрғындарымен кездесті. Төменде жиында айтылған негізгі тезистер ұсынылып отыр: Марқакөл ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Ауданның одан әрі дамуы үшін берік негіз болатын салалар: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жоғары туристік әлеует, шағын және орта бизнес. Ауданда өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамытуға бағытталған…
-
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%. 2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті. Міндетті кәсіптік зейнетақы…
-
МАУСЫМДЫҚ АУРУШАҢДЫҚТЫҢ ӨСУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Маусымдық аурушаңдықтың өсуіне байланысты қаладағы медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қабылданып жатқан шаралар туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләйлә Иманғалиева айтып берді. Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасы мен оның екі бөлімшесінде балаларға тәулік бойы мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Барлығы 360 төсекке арналған 11…
-
Қатон-Қарағай ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту перспективалары BI Group компаниясымен талқыланды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі BI Group компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру және Қатон-Қарағай ауданындағы туристік инфрақұрылымды дамыту перспективалары қаралды. Компания ұсынған негізгі жобалардың бірі — Берел аумағында цифрлық және мультимедиялық технологияларды қолдана отырып, заманауи музейлік-экспозициялық кешен құру. Бірінші кезеңде шамамен 800 млн теңге инвестициялау қарастырылып отыр. Алғашқы нысанды 2027…
-
Астаналық жас маман өзі тәрбие алған балабақшаға тәрбиеші болып оралды
Астанадағы №39 «Меруерт» балабақшасында ерекше еңбек жолы бар жас маман жұмыс істейді. Сағат Аружан Танатқызы – өзі тәрбиеленген балабақшаға жылдар өткен соң тәрбиеші болып оралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аружан 2009-2013 жылдары №39 «Меруерт» балабақшасына тәрбиеленуші ретінде барған. Кейін 2013-2022 жылдары №15 мектеп-лицейде білім алған. 2022-2025 жылдары Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде «Мектепке…
-
Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні өтті
Еңбек күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында халықтың жұмыспен қамту саласында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан қолдау шаралары туралы хабардарлығын арттыру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау мақсатында «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ базасында Еңбек инспекциясы мемлекеттік инспекторларының қатысуымен «Еңбек күніне арналған әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде…
-
ТҮРКІСТАНДА 600-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Бүгін Түркістан қаласында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс орындарын ұсыну мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 30-ға жуық мекеме мен ұйым қатысып, жұмыс іздеушілерге 610 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шараның ашылуында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауы мен тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жоспары толығымен орындалып, қысқа мерзімді экономикалық өсім 121,9%-ды құрады. Осылайша, Түркістан облысы республика бойынша 1 орынға тұрақтады. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен…
-
Сәтсіз әзіл жолаушыны 5 тәулікке қамауға алуға әкелді – Көліктегі ПД
Оқиға 21 қыркүйекте Шымкент қаласының әуежайында орын алған. Шымкент – Астана бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде мас күйінде болған ер адам өзінің жүгінде «жарылғыш құрылғы» бар екенін айтқан. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыны рейстен дереу түсіріп, көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырды. Көлік полицейлері жүргізген тексеру барысында айтылған ақпарат расталмады, ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Әуежайда эвакуация…
-
Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты
Бүгін, Петропавл станциясындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері Бәйкен Әшімов атындағы машина жасау және көлік колледжінің еріктілерімен бірлесіп, «Петропавл – Кондратовка» теміржол аралығында заңсыз жазулар мен граффитилерді анықтау және жою бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол инфрақұрылымы нысандарының тиісті санитарлық және эстетикалық жай-күйін сақтау, олардың зақымдану фактілерінің алдын алу, сондай-ақ жастардың қоғамдық мүлікке…
-
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ҚҰРЫЛЫС, ЖОЛ САЛАЛАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында ауыл шаруашылығы, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмыстар қаралды. Алдымен ауыл шаруашылығы басқармасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Әсіресе мемлекеттік қызмет көрсету,…
-
Жамбыл облысында 2,4 мыңнан астам тұрғын «Жеке менеджер» сервисін пайдаланды
Жамбыл облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-ларында 2026 жылдың 8 айында «Жеке менеджер» сервисін 2 410 адам пайдаланды. Салыстырмалы түрде, 2025 жылдың сәйкес кезеңінде аталған сервисті 941 адам пайдаланған. Осылайша, сервиске жүгінушілер саны 2,5 еседен астам өскен. Бұл азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде жеке көмек көрсетуге деген қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді. «Жеке менеджер»…
