Автор: admin
-

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы
2026 жылғы 25 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, онда келесідегі мәселелер қаралды: Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы туралы; Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын, психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды…
-

«Таза Қазақстан»: Астанада банк қызметкерлері екі мектептің аумағына 100-ден астам ағаш отырғызды
Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Еуразиялық банктің қызметкерлері Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен бірлесіп, №118 және №107 жайлы мектептердің аумағын көгалдандыру акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Акцияға білім беру мекемелерінің өкілдері мен «Жер елшілері» жастар экологиялық қозғалысының мүшелері де қатысты. Қатысушылар барлығы 100-ден астам көшет отырғызды. №118 мектептің…
-

Жүлделі ІІ орын!
🏆 Жүлделі ІІ орын! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбындағы өңірлік пікірсайыс турнирінде Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының командасы 14 команданың арасынан ІІ орынға ие болды! 👏 Жеңісіміз құтты болсын! 🎉 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-bala/press/news/details/1309311?lang=ru
-

AI-Sana: Жетісу университетінде AI-DOS дауыстық көмекшісі әзірленді
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің инженер-бағдарламашысы Бекзат Тоқтаған университет туралы ақпаратты жедел ұсынуға арналған AI-DOS дауыстық көмекшісін әзірледі. Цифрлық көмекші ауызша сұрақтарды қабылдап, университет туралы ақпаратты қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынады. Көмекші құралдың білім базасы университетте қолданыстағы құжаттар негізінде қалыптастырылған. Бұл жүйенің тез әрі нақты ақпарат ұсынуына мүмкіндік береді. Егер пайдаланушының сұрағы білім базасында қамтылмаған…
-

2026 жылғы 19 қазаннан бастап ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізіледі
2026 жылғы 19 қазаннан бастап ішкі сауда қағидаларына өзгерістер енгізіледі Қағидаларға бақылау (сәйкестендіру) белгісі, материалдық жеткізгіш, сәйкестендіру коды, сәйкестендіру құралы, тауар санаты және тауар санатшасы ұғымдары қосылды. Қайта сату мақсатында азық-түлік тауарларын сатып алу және өткізу Қазақстан Республикасының тиісті ұлттық стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық стандарттар болмаған жағдайда Қағидаларға қосымшада көрсетілген талаптар қолданылады. Сатушы…
-

23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Елімізде су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар, жерасты суы және саланың өзге де бағыттары бойынша деректерді біріктіретін Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін (СРҰАЖ) әзірледі. Жүйенің негізгі мақсаты – басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті бірыңғай, сенімді әрі өзекті деректер базасын қалыптастыру. Бүгінде жүйеде 23 мыңнан астам су нысаны туралы мәлімет цифрландырылып, жүйелендірілді. Оның ішінде 17 748…
-

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күннен…
-

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді
Қаратал ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған жиын өткізілді. Жиын барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, мал ұрлығының, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларының, нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу мәселелері қаралды. Аталған құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын…
-

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЖОЛАЙРЫҚ АШЫЛДЫ
Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысында жаңа жол-көлік айырығы ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Еске сала кетейік, нысанның құрылысы өткен жылдың соңында Мемлекет басшысының мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында басталған болатын. Бүгін эстакада арқылы көлік қозғалысы іске қосылды. Қазіргі таңда мұнда негізгі құрылыс аяқталып, жол белгілері…
-

Қарағандыда ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру үдерісі баяндалды
«Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының II легі аясында «Деректер – аналитиканың негізі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев ресми статистикалық ақпаратты өндіру үдерісі туралы баяндама жасады. Шара барысында ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырудың негізгі кезеңдері, бастапқы деректерді жинау және өңдеу тәртібі, деректердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету тетіктері, сондай-ақ…
-

«Масаң күйде болдым» — Петропавлда шлагбаумды сындырған азамат әрекетін осылай түсіндірді
Петропавл қаласындағы Бөкетов көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камерасы 26 жастағы қала тұрғынының бұзақылық әрекетін тіркеді. Түнгі сағат 03:30 шамасында ол үй ауласындағы шлагбаумның жебесін сындырған. Бейнежазбаның көмегімен полицейлер құқық бұзушыны жедел анықтады. Жас жігіт өз әрекетін масаң күйде болғанымен түсіндірді. Сот оның әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған айыппұл салынды.…
-

Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы туралы
VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы туралы Хабарландыру: VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихаттың кезекті 40-сессиясы 2026 жылдың 9 қазанында сағ. 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында өтеді (Абылайхан даңғылы, №122, 2-қабат). Сессияға ұсынылатын күн тәртібі: Ауданда қысқы мерзімге жол қатынасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерінде жылу маусымына дайындықтың барысы туралы. А.Тұрлыбеков –…
-

Тәртіп, бірлік және патриотизм: Жетісу облысының полициясында саптық сабақтар өтеді
Жетісу облысы Полиция департаментінде әр дүйсенбі сайын жеке құраммен саптық даярлық сабақтары өткізіледі. Оның мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, саптық машықтарды жетілдіру және қызметкерлердің патриоттық рухын арттыру. Кезекті сабақ барысында полицейлер саптық даярлық элементтерін, әскери сәлемдесу тәртібін, басшылық құраммен амандасуды және салтанатты шерумен жүруді пысықтады. Іс-шараның патриоттық мәніне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын…
-

Анонс: Орталық Азиядағы стихиялық бедствиелер қаупін азайту және тұрақтылықты арттыру жөніндегі өңірлік семинар
“KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігі, Төтенше жағдайлар және стихиялық бедствиелер қаупін азайту орталығы және Япондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) бірлесіп «Орталық Азиядағы стихиялық бедствиелер қаупін азайту және тұрақтылықты арттыру үшін өңірлік семинар: нақты деректерге негізделген қауіптерді азайту бойынша тәжірибе алмасу және әріптестік орнату» атты өңірлік іс-шараға шақырады. Күні: 2026 жылғы 4 қараша Уақыты: 09:30 –…
-

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен елді мекендердегі 80 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылды.
Мемлекет басшысының газбен қамтамасыз етуді жеделдету және оның деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Үкімет бұл мақсатқа Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-kiikti/press/news/details/1309308?lang=ru
