Автор: admin
-

18 маусымда мүгедектігі бар тұлғалармен және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кезекті кездесу өтті
Кездесу барысында бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері қарастырылып, азаматтардың жаңа өтініштері талқыланды. Көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері анықталды. Мұндай кездесулер мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелерін уақтылы шешуге, қалалық ортаның қолжетімділігін және олардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1244889?lang=ru
-

Құрметті Байғанин ауданының тұрғындарымен қонақтары
Жаз мезгілінде өзен-көлдер мен су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.Балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыздар!Кәмелетке толмағандарды су айдындарына жалғыз жібермеңіздер және оларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Өкінішке қарай, судағы қайғылы оқиғалардың басым бөлігі балалардың бақылаусыз қалуынан орын алады.Суға түсу кезінде:Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарды таңдаңыздар;Балаларға қауіпсіздік ережелерін алдын…
-

Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді
Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілді Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу мақсатында жергілікті ветеринариялық станциямен бірлесе отырып, Сапақ ауылдық округі Сапақ елді мекені бойынша ойын алаңдары мен мал қораларға залалсыздандару жұмыстары жүргізілді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-sapaq/press/news/details/1244873?lang=ru
-

Жазғы маусымның басталуы: Шығыс Қазақстанның туристік полициясы
Жазғы маусымның басталуы: Шығыс Қазақстанның туристік полициясы Шығыс Қазақстанның туристік полициясы — бұл тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар өлкемізді демалыс орны ретінде таңдаған әрбір азаматтың жайлылығына қамқорлық жасау. 2024 жылдың маусым айынан бастап Алтай аудандық полиция бөлімінде полиция қызметінің сапасын арттыру мақсатында арнайы топ жұмыс істейді. Қазіргі таңда бөлімше штатында 5 қызметкер…
-

Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті Бүгін, 19 маусым күні, М. Ибраевтың төрағалығымен Теректі аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары және бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында аудан және ауылдық округтердің ағымдағы жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу мәселелері, сондай-ақ Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №361 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру…
-

Мемлекеттік еңбек инспекторы Alikhan Bokeikhanov University студенттеріне арналған подкастқа қатысты
Alikhan Bokeikhanov University-де мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен студенттер мен жас мамандардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған подкаст өтті. Кездесу барысында қатысушылар еңбек заңнамасының негізгі ережелерін, ресми жұмысқа орналасу тәртібін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ еңбек құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау тетіктерін талқылады. Еңбек шарттарын жасасу, еңбекақы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз…
-

Үкіметте тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері қаралды
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің, сондай-ақ «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басшылығының қатысуымен тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыс сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті. Кездесу барысында құрылыс жобаларын жүзеге асыру кезінде бақылауды күшейту шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Кеңес Мемлекет басшысының құрылыс…
-

Ашық есік күні: Шымкент жастары полиция қызметімен жақын танысты
Қазақстан полициясы күніне орай Шымкент қаласы полиция департаментінде жастар, студенттер, мектеп оқушылары, еріктілер және қоғам өкілдерінің қатысуымен Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар полиция департаментінің музейін аралап, ішкі істер органдарының қалыптасу тарихымен, сала ардагерлерінің өнегелі жолымен танысты. Одан кейін қонақтар Жедел басқару орталығына барып, бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қалай қамтамасыз…
-

Қызмет жолы бөлек болғанымен, мақсат бір
Медицина қызметкерлері күніне орай Алматы қаласы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Вилик Мерекеев өзінің жары — терапевт дәрігер Рукиям Умарованы кәсіби мерекесімен құттықтады. Вилик төтенше жағдайлар саласында 9 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ал Рукиям медицина саласына 3 жылын арнаған. Сегіз жылдан бері бірге өмір жолын жалғап келе жатқан жұп бір-біріне әрдайым…
-

Жол бойындағы күтпеген достық
Жол бойындағы күтпеген достық Велосипедпен саяхат жасау — бұл тек жаңа бағыттар мен әсерлі көріністер ғана емес, сонымен қатар жол үстінде кездесетін түрлі сынақтар. Осындай жағдайлардың бірі Қытайдан келген саяхатшыға Шығыс Қазақстан арқылы Марқакөл көліне бет алған сапарында кездесті. Кешкі уақытта Алтай ауданына қарасты Серебрянск қаласында аялдаған саяхатшы демалу үшін шатыр тіккен. Алайда бейтаныс орта…
-

Шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қабылдау науқанының байланыс деректері
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына оқуға түсу мәселелері бойынша талапкерлерге арналған өзекті ақпаратты қамтитын инфографиканы ұсынады. Материалда қабылдау комиссияларының байланыс деректері, құжат қабылдау мерзімдері, оқуға қабылдау шарттары, білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер және талапкерлерге қажетті өзге де ақпарат берілген. Инфографика талапкерлер мен олардың ата-аналарын Қазақстанда сапалы халықаралық…
-

20 маусымда Қазақстанның жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталады
20 маусымда еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссияларының жұмысы басталады. ҰБТ тапсырып, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысуды жоспарламайтын талапкерлер 20 маусымнан бастап өздері таңдаған жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Мемлекеттік білім беру грантын алуға үміткер талапкерлер үшін гранттар конкурсына қатысуға өтініштер…
-

Ақтөбеде Әкелер күніне орай «Менің әкем» атты мерекелік шара өтті.
Ақтөбеде Әкелер күніне орай «Менің әкем» атты мерекелік шара өтті. Қаланың орталық демалыс орындарының бірі – «Астана» саябағында өткен шараға тұрғындар мен қонақтар көптеп жиналды. Іс-шараның басты мақсаты – әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлін дәріптеу, әке мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтарды нығайту және жас ұрпаққа өнегелі әкелердің үлгісін насихаттау. Мерекелік бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі – «Мерейлі…
-

Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА АУДАНДЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ.Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында ауданда мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық сайыстар ұйымдастырылды.Күнделікті қауырт жұмыс арасында спортқа ден қойып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған командалық сайыс спорттың бірнеше түрінен өтті.Шараның ашылуына аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысып, мамандарды кәсіби мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.Спорттық сайыстар арқан тарту, эстафета, гір тасын көтеру, қол…
