Автор: admin
-

Шымкентте аптап ыстыққа қарсы жұмыстар жалғасуда
Жаздың аптап ыстығында тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстарға Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері де белсенді атсалысуда. Полиция қызметкерлері коммуналдық қызметтермен бірлесіп, қоғамдық орындарда жүргізіліп жатқан салқындату жұмыстарына қолдау көрсетіп, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Шымкент қаласы Полиция департаменті тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін атқарылып…
-

Жұмыс қарқыны жоспарға сәйкес
Аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионына барды.Бірегей нысанда жасыл алаңнан бөлек бокс, спорттық гимнастика, таеквондо, ауыр атлетика және күрес түрлеріне арналған арнайы жаттығу залдары қарастырылған. Қазіргі таңда мұнда грек-рим күресі мен таеквондо үйірмелері ашылып, спортшылар күнделікті жаттығуда. Алдағы қыркүйек айынан бокс және дзюдо секциялары да…
-

Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына арналған мерекелік бағдарламаның жарқын жалғасы – «Dance Vibes» өңірлік жастар би байқауы болды.
Би батлына Жітіқара ауданынан, Қостанай қаласынан және Бейімбет Майлин ауданынан келген 100-ге жуық дарынды жас биші қатысты. Екі сағат бойы сахнада ерекше атмосфера орнап, қатысушылар өздерінің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсетті. Жас бишілер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, заманауи бидегі ерекше стильдерімен және өнерге деген сүйіспеншіліктерімен тәнті етті. Байқау жастардың шығармашылығын қолдап, талантты өрендердің басын…
-

ТКШ саласын жаңғырту, транзитті дамыту және ауылды қолдау: Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыруда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында инфрақұрылымдық дамуды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізуді басты басым бағыттардың бірі ретінде айқындады. Бүгінде Үкімет жекелеген нысандарды жөндеу тәжірибесінен бас тартып, желілер мен магистральдарды жүйелі түрде жаңартуға көшуде. Инфрақұрылымның негізгі салаларындағы жұмыс…
-

Атырау облысындағы Ганюшкино және Аққыстау теміржол вокзалдарында жаңғырту жұмыстары аяқталды
Вокзал ғимараттарының қасбеттері мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер мен шатырлары ауыстырылды, сондай-ақ жаңа жиһаз бен қажетті жабдықтар орнатылып, вокзал маңы абаттандырылды. Жаңғырту нәтижесінде Ганюшкино вокзалының жалпы аумағы 249,5 шаршы метрден 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайды, ал Аққыстау вокзалының аумағы 202,3 шаршы метрден 214,7 шаршы метрге дейін кеңейтілді. Облыс аумағы арқылы 9 жолаушылар пойызы қатынайды.…
-

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына барды
Өңір басшысы қала активімен кездесіп, Ақсу қаласының 65 жылдығы мен Металлургтер күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Асайын Байханов қала тұрғындары мен металлургия саласының қызметкерлерін Ақсу қаласының 65 жылдық мерейтойымен және кәсіби мереке – Металлургтер күнімен құттықтады.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше рет: «Еліміздің ең басты байлығы –…
-

Мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті.
Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі Ғ. Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімдері, басқармалар мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Кадрлық өзгерістерге байланысты Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы бекітілді.Сессия барысында Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетовтің Қазақстан Республикасының…
-

Теміртауда металлургтер марапатталды
Теміртауда кәсіби мереке – Металлург күніне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлері мен ардагерлері салтанатты түрде марапатталды. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өндірісте ұзақ жылдар еңбек етіп, отандық металлургияның дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға ведомстволық наградаларды табыстады. Qarmet компаниясының металлургтері «Еңбек ардагері» медалімен, І және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамоталарымен…
-

Сырдария ауданында газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Ауданда тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мемлекеттік бағдарламалар аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасуда. Газдандыру жобаларын жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы көлемі 5,1 млрд теңге қаржы қарастырылған.Қазіргі таңда құны 1,8 млрд теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жобасының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанды қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Жақын күндері…
-

Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде реставрация жұмыстары жалғасып жатыр
Алматы облысы Жамбыл ауданында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың музей-үйінде реставрация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары аумағы 90 шаршы метрді құрайтын шатырдың ағаш қаңқасы мен металл жабындысын толық жаңартып, су ағызу жүйесін орнатты. Ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары мен едені де жөнделді. Алдағы кезеңде музей-үйдің қасбеті қалпына келтіріліп, қабырғалардың бүлінген бөліктері нығайтылады.…
-

Павлодар облысы әкімінің Металлургтер күнімен құттықтауы
Құрметті металлургтер, ардақты сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен металлургия кешенін Қазақстанның индустриялық дамуының берік тірегі ретінде ерекше атап келеді. Павлодар облысы үшін металлургия – экономиканың маңызды саласы ғана емес, еңбекқорлықтың жарқын үлгісі. Өңірімізде еліміздің жетекші металлургиялық кәсіпорындары – «Қазақстан алюминийі» АҚ, Қазақстан электролиз зауыты,…
-

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі. Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-karkaraly/press/news/details/1260330?lang=kk
-

Жәнібек Мұхамедлауиұлы Сығаевтың рухына арналған «Сырнай сазы – Жәнібек мұрасы» атты еске алу кеші ұйымдастырылды
Маңырақ ауылдық мәдениет үйінде ауданымыздың мәдениет саласының ардақты ардагері, өмірін өнерге арнаған сырнайшы, мәдениет қызметкері Жәнібек Мұхамедлауиұлы Сығаевтың рухына арналған «Сырнай сазы – Жәнібек мұрасы» атты тағылымды еске алу кеші ұйымдастырылды. Шара аясында аудандық сырнайшылар байқауы өтіп, оған ауданымыздың барлық ауылдық округтерінен келген өнерпаздар қатысты. Байқау барысында қатысушылар сырнай аспабында өз шеберліктерін көрсетіп, қазылар алқасының…
-

Mемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талаптырын, діни нанымдар және «Ойын бизнесі туралы»
2026 жылы 15 шілдеде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Мамадалиевтің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талаптырын, діни нанымдар және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу жөніндегі…
-

Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17 шілде күні аудан тұрғындары мен қонақтары қос бірдей айтулы мерекені – Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойы мен Металлургтер күнін бірге атап өтті. «Мерейлі Мерейтой – 90!» театрландырылған қойылымы туған жерге, еңбек адамдарына және ауданның бай тарихына деген шынайы құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Салтанатты бөлімде құттықтаулар айтылып, ауданның және «Варваринское» ЖШС-нің дамуына елеулі үлес…
