Автор: admin
-

Біз арманымыздағы астананы саламыз» жас суретшілердің шығармашылық байқауы
«Айгөлек» клубының мүшелері үшін ауылдық кітапхананың меңгерушісі «Біз арманымыздағы астананы саламыз» атты шығармашылық сурет байқауын өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында патриоттық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының астанасына деген құрметті қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын дамыту және Қазақстан мен оның тарихы туралы кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың шығармашылық қиялы олардың армандағы астанасын әсем, заманауи, жасыл…
-

📌Вирустық гепатиттердің алдын алу – денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы
Вирустық гепатиттер – бауырды зақымдап, оның қызметін бұзатын жұқпалы аурулар. Аурудың кейбір түрлері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтіп, бауыр циррозы мен бауыр обырын қоса алғанда, ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ең кең таралған түрлері – А, В, С, D және Е вирустық гепатиттері. А және Е гепатиттері ластанған су, тағам өнімдері және лас қол…
-

Қайназар ауылында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұйымдастыруымен ауыз су құбырларын салу және ауыстыру жұмыстарының орындалу барысына қатысты жұмыс кездесуі өткізілді.
Қайназар ауылында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі ұйымдастыруымен ауыз су құбырларын салу және ауыстыру жұмыстарының орындалу барысына қатысты жұмыс кездесуі өткізілді.Кездесуге Қайназар ауылының жігітбасы, аудандық мәслихат депутаты, мердігер мекеменің өкілдері және жауапты мамандар қатысты.Жұмыс барысында мердігер ұйымның атқарып жатқан құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу барысы қаралып, анықталған кемшіліктер жан-жақты талқыланды. Кемшіліктерді белгіленген…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және…
-

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының стоматологиялық ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Шымкент қаласының стоматологиялық ұйымдарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңеске сондай-ақ Шымкент қаласының штаттан тыс бас стоматологы Нишанкулов Қайрат Әлібайұлы қатысты. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығымен…
-

ІІМ ата-аналарға маңызды үндеу жасады
ІІМ ата-аналарға маңызды үндеу жасады Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады. – Құрметті ата-аналар! Ішкі істер министрлігі балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар, оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер, аптап ыстықтан кейін, бірден суық…
-

Қаратөбе ауданында Bitrix және Aimaq07 ақпараттық жүйелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді
Bitrix және Aimaq07 ақпараттық жүйелері бойынша Қаратөбе ауданында әдістемелік көмек көрсетілді. Кездесуге аудан әкімдігінің өкілдері мен жауапты мамандар қатысты. Іс-шара барысында жүйелерді тиімді пайдалану жолдары түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Әдістемелік көмекті БҚО жобалық кеңсесінің басшысы Сұлтанғалиев М. және жобалық басқару бөлімінің басшысы Хайруллин Б. көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1260584?lang=kk
-

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен семинар өтті. Іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты. Семинар барысында бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің…
-

Департаменттің бөлім басшыларының қатысуымен өткізілген аппараттық жиналысының ХАТТАМАСЫ
К Ү Н Т Ә Р Т І Б І Н Д Е : Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Департаменттін Әдеп жөніндегі уәкілі А.Садыкова түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) жолданымдар бойынша түсіндірме жұмыстары. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 26 маусымдағы №98 «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының…
-

Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім берді
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ Бас бухгалтер лауазымына Алиякбарова Бакыт Ораковна келісіп мақұлдады (2026 жылғы 14 шілдедегі №51/БВУ/Т хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1260561?lang=ru
-

Ақтауда жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда
Ақтау қаласында автомобиль жолдарының сапасын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында шұңқырларды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары тұрғындар мен жүргізушілерге келтірілетін қолайсыздықтарды барынша азайту үшін қолайлы ауа райы жағдайында күндізгі және түнгі уақыттарда ұйымдастырылуда. Биыл қала аумағында жалпы көлемі 15 000 шаршы метр жол жабынын шұңқырлы әдіспен жөндеу жоспарланған. Бүгінгі…
-

Таза Қазақстан
Фёдоров ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында округ аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.Қазіргі уақытта қоғамдық аумақтарда арамшөптерді шабу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар елді мекендердің тазалығы мен тәртібін сақтауға, санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға және ауылдық округтің көркеюіне бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/1260566?lang=ru
-

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер қоғам мен билік арасындағы алтын көпір болып, шынайы ақпараттың таралуына, халықтың санасының қалыптасуына зор үлес қосып келесіздер. Қаламдарыңыз ұшқыр, ойларыңыз терең, еңбектеріңіз жемісті болсын! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және толағай жетістіктер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1260567?lang=kk
-

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі жағдай тұрақты бақылауда
Ақтау қаласы бойынша автогаз құю бекеттеріндегі сұйытылған мұнай газын өткізу жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілуде. 2026 жылғы 19 шілде күні сағат 12:00-дегі мониторинг нәтижесіне сәйкес, қала аумағындағы 32 автогаз құю бекеті тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Мониторинг барысында барлық жұмыс істеп тұрған бекеттерде сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасы 72 теңгені құрайтыны анықталды. Кезек жағдайы тұрақты. Қаланың сыртқы…
-

Қазақстанда егін орағы науқаны басталды
Қазіргі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы мен Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері егін орағы науқанына кірісті. Жоғары қарқынмен басталған науқанның алдын ала мәліметтеріне қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда егіс алқаптарының өнімділігі едәуір артқаны байқалады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Бүгінгі таңда 634 мың тонна…
