Автор: admin
-

Қазақстанда каналдарды механикалық тазалау қарқыны үш еседен астам өсті.
2023 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 562 шақырым канал тазаласа, 2024 жылы – 1148 шақырым, 2025 жылы – 1840 шақырым канал тазартылды. Биыл жыл басынан бері 700 шақырым канал механикалық тәсілмен тазартылды. Жыл соңына дейін 2211 шақырым канал тазалау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Бұл шаралар каналдардың су өткізу қуатын арттырып,…
-

“ШӘМІЛ-ДҮР” САЯБАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ел аумағында ауқымды экологиялық және санитарлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы орайда, Шәуілдір ауылындағы Шәмілдүр саябағында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, саябақ аумағында ағаш отырғызу жұмыстары…
-

Қазақстан мен БАӘ стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады
Абу-Даби, 2026 жылғы 27 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары барысында БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, саяси диалогтың жоғары деңгейін және екі ел арасындағы дәстүрлі бауырластық…
-

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Нугманов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мәселелері бойынша жиын өткізді.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Нугманов ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиында ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
-

Қазақстанда балаларды қорғаудың бірыңғай ведомствоаралық регламенті мен кейс-менеджерлер институты енгізілуде.
Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне дер кезінде әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Құжатта алғаш рет полиция, білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері мен қорғаншылық органдарының жауапкершілік аясы нақты бөлінген. Енді бала құқығының бұзылуы…
-

Наурызбай ауданында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды сенбілік өтті 🌿
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Наурызбай ауданында жалпықалалық сенбілік өтті 3000-ға жуық тұрғын, еріктілер, жастар және түрлі сала мамандары бірігіп, аудан тазалығына үлес қосты. Нәтижесінде: 100 ағаш отырғызылды Тазалық — әрқайсымыздан басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1209078?lang=kk
-

Оймауыт ауылында жергілікті қоғамдастық кеңесінің жиналысы болып өтті.
Жаңажол ауылдық округі Оймауыт ауылында жергілікті қоғамдастық кеңесінің жиналысы болып өтті . Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты ММ – нің үнемделген қаражатына Оймауыт бөгетіне жерге орналастыру жобасын дайындау және Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты ММ- нің ғимаратын газдандыру жұмыстарын жүргізу келісілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-zhanazhol/press/news/details/1209079?lang=kk
-

Баспасөз аңдатпасы
«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады 2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 10 – 00 де «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Іс-шара тақырыбы: “БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат”. Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз: платформа қалай жұмыс істейді; зейнетақы активтерін…
-

ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері елордадағы экологиялық сенбілікке қатысты
25 сәуір күні ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында елорданың орталық саябағында өткен сенбілікке қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырды. Сенбілік барысында қатысушылар тал егу жұмыстарын жүргізіп, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты. Тазалық пен табиғатқа жанашырлық – баршамызға ортақ құндылық. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kkod-mvd/press/news/details/1209081?lang=kk
-

Азаматтарды қабылдау күні
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Ойыл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, саладағы өзекті мәселелер талқылады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды қабылдап, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.Ұжыммен кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп атқаратын шаралардың жоспары талқыланды. Жергілікті жеке кәсіпкерлер мен тұрғындардың өтініштеріне және оларды…
-

Ащысай ауылында әскерге шақыру науқанына байланысты жиналыс өткізілді.
Ащысай ауылында ауыл әкімі Жеңіс Байкобековтың, Кентау қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрлан Дүйсебаевтың, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ерлан Қошқарбаевтың және мамандардың қатысуымен 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанына байланысты арнайы жиналыс өткізілді. Жиын барысында көктемгі шақырылымды ұйымдастыру, әскерге шақырылушыларды дер кезінде хабардар ету, медициналық тексеруден өткізу және құжаттарды рәсімдеу жұмыстарының барысы жан-жақты…
-

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады
2026 жылғы 23 сәуірде Бас Прокурор Берік Асылов Американдық сауда палатасының (AmCham) Қазақстандағы директоры Джефф Эрлихті, сондай-ақ Consolidated Contractors Company халықаралық компаниясының және шетелдік қатысуы бар «Комек Машинери Казахстан» ЖШС өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Инвесторлар Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті қабылдап жатқан шаралардың практикалық…
-

Азаматтарды қабылдау күні
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Кенжебаев Анарбек Бисенбайұлы Қобда аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының ұжымымен кездесіп, саланың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды қабылдап, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.Ұжыммен кездесу барысында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, аудан әкімшілігімен және ауыл әкімдерімен бірлесіп атқарылған шараларға талдау жасалып, алдағы міндеттер талқыланды. Жергілікті кәсіпкерлер мен…
-

Интернет-алаяқтын өзенкті схемалары және қорғану тәсілдері
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ ЕСКЕРТЕДІ Интернет-алаяқтар психологиялық әдістер мен заманауи технологияларды қолдана отырып, өз әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Олардың айла-шарғыларын білу — сіздің басты қорғанысыңыз. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ВИШИНГ (Телефон арқылы алаяқтық) Бұл ресми тұлғалардың атынан қоңырау шалу. Алаяқтар нөмірді алмастыру технологиясын қолданады, сондықтан экранда банктің немесе мемлекеттік органның нақты нөмірі көрінуі…
-

Аудандық мәслихат депутаты А.Қ.Байғонысов Жамбыл ауылындағы мектеп ұжымымен кездесіп қайтты.
Бүгін аудандық мәслихат депутаты А.Қ.Байғонысов Жамбыл ауылы мектебінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол орындалған жұмыстарға тоқталып, сондай-ақ алдағы кезеңдегі негізгі бағыттар мен жоспарлар туралы айтты. Жиналыс нәтижесінде түскен сұрақтарға жауап беріліп, тұрғындардың айтқан ұсыныстары мен тілектері келесі жұмыста ескерілетіні атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/katon-maslihat/press/news/details/1209089?lang=kk
