Автор: admin
-

Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдауы
Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.С Кәрімов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.Кездесу барысында ауыл әкімі тұрғындардың жерге байланысты көршімен туындаған даулы мәселені, жалғыз басты қарттың жеке тұрғын үйінің жанындағы теректі кесіп беру туралы өтініштерін назарға алып, тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, бас маман А.Абраимова Үшбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке қабылдау кезінде “Ресми тәртіпте E-otinish…
-

Еңбек министрлігі халықтың осал топтарын жұмыспен қамту тәсілдерін өзгертуде
Еңбек министрлігі халықтың осал топтарын жұмыспен қамту тәсілдерін өзгертуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға атаулы қолдау көрсету мақсатында өңірлік Мансап орталықтарының жұмысын жетілдіруде. Министр Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде жаңа алгоритм таныстырылды: енді негізгі күш-жігер «басым топқа» – өз бетінше жұмыс табуы қиын үміткерлерге бағытталады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Ақпарат…
-

Алтай қаласының жолдары мен көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым — «Плюс» ЖШС.
Жұмыстар маршруттық әдіспен қала бойынша жүргізілуде, соның ішінде жеке сектор көшелеріне қиыршық тас төсеу жұмыстары да бар.Қаланың Большенарым жақтан кіреберіс жағынан шұңқырларды жөндеуге дайындық жұмыстары басталды: Партизанская, Рабочая, Зыряновская, Рудная көшелері. Одан әрі жұмыстар орталық алаңы, автостанция маңы, қиылыстар және қаланың басқа да көшелерін қамтиды.Қиыршық тас төсеу жұмыстары негізінен қаланың батыс бөлігіндегі көшелерде жүргізілуде. Ақпарат…
-

Түркістандық жастар Алматыға әскерге аттанды
Түркістан қаласындағы көпфункционалды туристік кешен – «Керуен-сарай» аумағында ҚР Қарулы күштері қатарына әскерге шақыру науқаны аясында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтына 46 жас өренді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Әділет Отарбаев, әскери сала мен соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлер, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық…
-

Астанада LikeKomek әлеуметтік жобасы алты жылдан бері мұқтаж жандарға көмек көрсетіп келеді
Астанада алты жылдан бері LikeKomek әлеуметтік жобасы табысты жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде бастама циркулярлық экономиканы дамытуға және елордада әрі одан тыс жерлерде мұқтаж жандарды қолдауға айтарлықтай үлес қосты. Бүгінде жоба қала бойынша арнайы жәшіктер түріндегі 170-ке жуық киім қабылдау пунктімен және екі қайырымдылық дүкенімен қамтылған. Жоба іске қосылғалы бері 1 млн 300 мың…
-

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне 20 мыңға жуық адам қатысты
Астана отандық және шетелдік баспалар, жазушылар мен оқырмандар жиналып, рухани байланысты нығайтатын маңызды алаңға айналды. Елордада өтіп жатқан IX халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесіне екі күнде келушілер саны 20 мыңға жетті. «Кітап көрме-жәрмеңкесін ұйымдастыруды алғаш рет 2016 жылы қолға алған едік. Пандемияға байланысты 2020 жылы өтпей қалған болатын. Сонда биыл бұл…
-

Жоба
Жоба «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/555 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ: «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту…
-

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Аманқарағай ауылдық округі аумағында «Жасыл болашақ» акциясы өтті.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Аманқарағай ауылдық округі аумағында «Жасыл болашақ» акциясы өтті.Аталған іс-шара барысында округ аумағында қарағай көшеттері отырғызылды. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғауға, ауылымызды көркейтуге және болашақ ұрпаққа жасыл, таза орта қалдыруға бағытталған.Табиғатты бірге қорғайық! 🌿#тазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-amankaragai/press/news/details/1209676?lang=kk
-

Атырауда жол сақшылары күшейтілген режимде қызмет етуде
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сүзгілік бақылау бекеттерін ұйымдастыруда. Аталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары қала аумағында және кіреберіс бағыттарда көлік құралдарын тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексеріп, жол жүру ережелерінің сақталуын қадағалауда. Әсіресе мас күйде көлік басқару, жылдамдықты асыру және қауіпсіздік белдігін тақпау сияқты құқықбұзушылықтарға…
-

Баспасөз-релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Явленка ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 37/555 шешім жобасына өзгерістер енгізу туралы баспасөз – релизі Жобаны әзірлеуші орган «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ болып табылады. 2026 жылға арналған…
-

«Педагогикалық дебют» облыстық байқауының қорытындысы
ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми – әдістемелік орталығы» КММ жалпы орта білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жас мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық дебют» облыстық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: жас мұғалімдердің кәсіби өсуін қолдау және дамыту, педагог мамандығының беделін арттырып, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату. Облыстық кезеңге қалалық және…
-

Ұлытаудан Қостанайға барар жол жаңарады
Ұлытау Қостанайға шығар тұсындағы жолын реттейді. Көрші өңірдің шекарасын жалғайтын учаскенің ұзындығы 110 шақырым. Қазір соның 20 шақырымына асфальт төселді Айболат Айбек, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ОФ бөлім басшысы: — Жол жабынын бұзбау мақсатында жол құрылыс материалдары алдын ала қыс мезгілінде дайындалып, қазіргі таңда жұмысқа 58 техника және 114 адам күші жұмылдырылған. Жұмыстар қазір қарқынды жүріп…
-

Астанада Есіл өзенімен серуендеу 1 мамырдан басталады
Астанада жазғы туристік маусым қарсаңында экскурсиялық теплоходтар дайындалып жатыр. Бүгін Есіл өзені жағалауында кемелер су бетіне түсірілді. Теплоходтар 1 мамырдан бастап өзен бойымен қатынай бастайды. Astana Tourism туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры Саят Оразтайдың айтуынша, Есіл бойымен серуендеу – елордадағы ең танымал туристік демалыс түрлерінің бірі. «Есіл Астана» кеме қатынасы компаниясының өкілі Карина Данилко маусым…
-

«Инватакси» қызметін кімдер пайдалана алады?
Қызмет мүгедектігі бар адамдарға арналған, олар:• жүріп-тұруы қиын; • жеке көмекшінің қызметін пайдаланатын;• өзін-өзі күту және мінез-құлқын бақылауқабілеті 2–3 дәрежеде шектелген ауырпсихикалық бұзылыстары бар адамдар. Қызметті алу үшін мүгедектік мерзіміне берілгендәрігерлік-консультациялық комиссияның(ДКК) жарамды қорытындысы болуы қажет Қандай құжаттар қажет?1. Жеке куәлік (немесе электрондық құжат).2. Мүгедектікті белгілеу туралы құжат.3. 026/у нысанындағы ДКК қорытындысы. Қызметті қалай алуға болады?1. Тұрғылықты жері…
-

«JasSkills-2026» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
2026 жылдың 21 сәуірінде мектеп оқушыларының кәсіби дайындығын дамыту, көгілдір жұмыс орындарының беделін арттыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының практикалық түрлеріне жағдай жасау мақсатында Осақаров ауданы «Колледж- мектеп -интернат» КММ 9-сынып оқушылары арасында «JasSkills-2026» кәсіби шеберліктің облыстық чемпионаты өтті. Оған ауданның 6 мектебі және «Мектепаралық оқу-өндірістік орталығы» ММ оқушылары қатысты.Чемпионат екі номинация бойынша өтті: «Кондитерлік өнімдер»,…
