Автор: admin
-

🔰Жарқайың ауданында Қарттарды қолдау айлығы мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар күніне орай «Жарқайыңнан – әлем төріне!» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е. Шаймұратов, облыстық «Мерген» спорт клубы басшысының орынбасары И. Василинчук, спортшылар, параспортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, жастар мен меценаттар қатысты. Іс-шара бағдарламасы спорттық жетістіктер көрмесі мен танымал спортшылардың қатысуымен өткен жастар форумынан басталды. Форумға шаңғы жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2025…
-

ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТЕГІ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2026 жылдың 9 қазан күні Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Бидәлді Ербол Серікбайұлының ұйымдастыруымен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Түркістан қаласының білім…
-

Қарағанды облысының диқандары өндіріс көлемін арттырып келеді
Дәнді және майлы дақылдар өсіру, картоп өндірісі, тұқым шаруашылығы – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы «Шахтерское» ЖШС ауыл шаруашылығының бірнеше бағытын қатар дамытып келеді. Кәсіпорынның жер қоры 56 мың гектардан асады. Шаруашылықта дәнді және майлы дақылдар, зығыр, арпа мен картоп өсіріледі. Кәсіпорын картоп тұқымын өндіруге мүмкіндік беретін элиталы тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Жиналған өнімді сақтау үшін…
-

Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің әкімі Талшық а. тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді
Ақжар ауданы Талшық ауылдық округінің әкімі А.С. Махатов бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кезекті кездесу өткізіп, халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу ашық диалог форматында өтті. Тұрғындар өз өтініштері мен ұсыныстарын білдіріп, сұрақтарын қойып, туындаған мәселелерді шешу жолдарын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерге тиісті түсініктемелер берілді.Тұрғындардың өтініштері жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шеңберінде бақылауға алынды. Ақпарат көзі :…
-

Жарқайың ауданының Державинск қаласындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Халықаралық қарттар күніне орай «Миссис Элегантность – 2026» байқауы өтті.
Байқауға Державинск қаласы мен ауданның ауылдық елді мекендерінен 21 ару әже қатысып, сұлулықтың, әсемдіктің, шығармашылықтың және белсенді өмір салтының жасқа қарамайтынын көрсетті. Байқау бірнеше қызықты кезеңнен тұрды. «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінде қатысушылар өздері, қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелесе, «Заманауи ханым» дефилесінде сәнді образдарын ұсынды. Ал «Ұлттық нақыш» кезеңінде ұлттық киімдердің әсемдігін көрсетіп, салт-дәстүрге деген құрметтерін…
-

Хабарландыру бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы
Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі: Қазақстан Республикасының заңнамасына…
-

Жұлдыз шағын ауданындағы төрт аула аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Бүгінгі таңда № 18 және № 18А мекенжайларындағы екі ауланы күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал қалған екі нысанда жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінің 90%-ы орындалды. Жөндеу жұмыстары аясында № 18 және № 18А аулаларындағы асфальт жабыны толықтай ауыстырылып, жаңа шағын сәулет нысандары, жаттығу құрылғылары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды цифрландыру деректерді өңдеу уақытын бірнеше есе қысқартты
«Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесін (СЭҚ АЖ) енгізу деректерді өңдеу уақытын қысқартуға және санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бірқатар рәсімдерін автоматтандыруға мүмкіндік берді.Жүйе 2025 жылғы тамыздан бастап қолданысқа енгізіліп, 200 мыңнан астам бақылаудағы объекті туралы мәліметтерді біріктірді. Мемлекеттік деректер базаларымен интеграцияның арқасында объектілер, рұқсат беру құжаттары, зертханалық зерттеулер, медициналық қарап-тексерулер және қабылданған әкімшілік шаралар туралы ақпарат бірыңғай цифрлық контурда…
-

Автокөлік тұрақтарын дұрыс пайдаланбаған жүргізушілерді полиция анықтауда
Жаяу жүргіншілер жолына, яғни тротуарларға көлік қою мәселесі – Павлодар облысы тұрғындарын алаңдататын негізгі мәселелердің бірі. Көптеген жүргізушілер өздеріне қолайлы жағдайдан бас тартқысы келмей, тротуардың ең алдымен жаяу жүргіншілерге арналған көше бөлігі екенін ескергісі келмейді, – деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.Мәселен, Павлодар қаласының полициясына теміржол вокзалы аумағында автокөліктің дұрыс қойылмағаны туралы хабарлама түскен.– Анамды…
-

“ҚҰМКӨЛ ТРАНС СЕРВИС” ЖШС-ДЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Департаменттің бас маманы–мемлекеттік еңбек инспекторы Р.Әбдіраманов “Құмкөл Транс Сервис” ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру барысында еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларының сақталуы, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының болуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқыту талаптарының орындалуы қаралды.Сонымен қатар, ұжыммен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасы…
-

Округ бойынша кезекті сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-bershugir/press/news/details/1309090?lang=ru
-

БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар
Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін…
-

Қарттарын қастерлеген ауыл: 1 қазан – Халықаралық қарттар күні атап өтілді
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауылымызда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген мерекелік іс-шара өтті. Салт-дәстүрімізді сақтап, ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізді ұлықтаған бұл кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне ауыл әкімдігінің қызметкерлері атсалысып, үлкендерге арнап ақ дастархан жайды. Ал ауыл әкімі қарттарға көрсетілген шынайы қонақасы ретінде арнайы 1 тоқты атап, батагөй…
-

Ақмола облысында үстел теннисінен халықаралық фестиваль өтті
Көкшетауда 2027 жылғы 22–30 мамыр аралығында Астанада алғаш рет өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған ROAD TO ASTANA 2027 халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараның басты оқиғасы — Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ел өңірлерін аралап жүрген ресми туын таныстыру рәсімі болды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кәсіби спортшылардың шеберлік сабақтары, көрсетілім ойындары, үстел теннисін еркін ойнауға…
-

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді
Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті. Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының…
