Автор: admin
-

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі
Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған. Негізгі мерекелік бағдарламалар Басты іс-шара – 1 мамыр күні сағат 11:00-де Абай алаңында өтетін «Бірлігі жарасқан Алматы» достық фестивалі болмақ. Фестиваль аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Атап айтсақ, Нұрлан Өнербаев, Зарина Алтынбаева, Маржан Арапбаева, Luina,…
-

«Дәстүр ырғағында: этнофестивальде 250-ден астам қатысушы»
Бүгін әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес және 1 мамыр мерекесіне орай «Туған жер» аудандық этнофестиваль-байқауы ұйымдастырылды. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде шамамен 200-і оқушы болса, 60-қа жуығы ата-аналар мен педагогтер. Этнофестиваль әртүрлі халықтардың мәдени мұрасы мен дәстүрлерін насихаттайтын жарқын алаңға айналды. Байқау бағдарламасы бірнеше номинация бойынша өтті: «Ұлттық тағам», «Халықтардың салт-дәстүрлері мен…
-

Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс “ізін суытпай” ашылды
Кентау қаласында ақша қаражаты мен алтын бұйымдар сақталған сейфті ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Анықталғандай, екі күдікті түнгі уақытта жеке тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, пластикалық терезені бұзып, сейфті алып шыққан. Жәбірленушінің айтуынша, сейфтің ішінде 300 АҚШ доллары және шамамен 4 млн теңгеге бағаланған алтын әшекей бұйымдар болған. Хабарлама келіп түскен сәттен бастап ұрлық…
-

1 мамыр – Бірлік күніне орай ұлттық киім шеруі өтті
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ауданда ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. Шеруге 100 жуық оқушы мен ата-ана қатысты. Айтулы шараға түрлі этнос өкілдері қатысып, өздерінің дәстүрлі киімдерін көпшілікке паш етті. Мерекелік шерудің басты мақсаты – ел ішіндегі татулық пен келісімді нығайту, әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау. Шеру барысында 50- ден астам…
-

Аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес
Аса қауіпті инфекцияларға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының ұйымдастыруымен облыс аумағында аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда мүдделі мекемелердің өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, обаға қарсы күрес станциясы, аумақтық ветеринариялық инспекциясы, ветеринариялық басқармасы, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, М.Оспанов…
-

Қазақстан бірлік мекені
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері 1-4 және 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан бірлік мекені» атты сурет байқауын өткізді. Іс-шара басында кітапхана қызметкері Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдері арасындағы бірлік пен келісім идеяларын насихаттауға ерекше назар аударып, балалардың шығармашылық қиялын дамытуға және олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын…
-

2026 жылғы салық реформасы: ҚҚС қайтару, төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу, сондай-ақ бизнестің банкроттығы
2026 жылғы 28 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында салық заңнамасының өзекті мәселелеріне арналған брифинг өтті. Кездесуде қосылған құн салығының (ҚҚС) артық сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі, салықтар, төлемдер және (немесе) өсімпұлдар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу, сондай–ақ заңды тұлғалардың банкроттығы рәсімі қаралды. Іс-шара барысында ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан…
-

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОСПОРТШЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ
Тас жолдағы велосипед спортынан әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған 15-16 жастағы ұлдар арасындағы республикалық веложарыс өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты жас шабандоздар қатысқан додада Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ұлан Мұратов жоғары дайындығын көрсетті. Жарыс барысында жерлесіміз екі бірдей жүлдеге ие болды: 15 шақырымдық жекелей жарыста Ұлан…
-

«Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басталуы туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдарды «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына қатысуға шақырады.Аталған Конкурсты өткізудің мақсаты қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарлануының негіздерін нығайту болып табылады.Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Агенттіктің аумақтық департаменттеріне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:1) белгіленген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) әдістемелік ұсынымдарға…
-

Би әлеміндегі жарқыраған жұлдыз – «НҰР»
Аққулы ауданы Шарбақты мектебінің «НҰР» би тобы 2016 жылы құрылып, сол уақыттан бері өнер әлемінде өзіндік орны бар шығармашылық ұжым ретінде танылып келеді. Топтың басты мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, би өнерін дамыту және жас бишілердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Бүгінде «НҰР» би тобының репертуары өте бай әрі алуан түрлі. Олардың орындауында 100-ден астам қазақтың…
-

Zoom платформасында Тайынша ауданы Чкалов ауылындағы дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектеп-интернатының ұжымымен онлайн кездесу
Кездесу барысында мекеменің күнделікті қызметі үшін практикалық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу барысында қатысушыларға конституциялық өзгерістер туралы ақпарат беріп, олардың азаматтардың құқықтық мәртебесін нығайтудағы және теңдікті қамтамасыз етудегі маңызын түсіндірдім. Жаңартылған Негізгі заңның адам құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі ретіндегі рөлін ерекше атап өттім. Адам құқықтары мәселелеріне айрықша назар аударылды. Қолданыстағы қорғау тетіктері,…
-

Қарағандыда ұялы телефон ұрлығы жедел ашылды
Қарағандыда ұялы телефон ұрлығы жедел ашылды. Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 18 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, ол үйінің ауласында отырған кезде ұялы телефонын бір сәтке орындық үстіне қалдырған. Сол мезетте артқа бұрылып қарағанда, телефонының жоғалып кеткенін байқайды. Жәбірленушінің сөзінше, дәл осы уақытта орындыққа шамамен 35 жастағы бейтаныс әйел келіп отырып, артынша асығыс кетіп…
-

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлеріне жол жүру қағидаларын сақтау мәселесі бойынша Қызылорда облысының департамент полиция қызметкерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құқықтық оқу өткізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент қызметкерлеріне 28.04.2026ж. жол жүру қағидаларын сақтау мәселесі бойынша Қызылорда облысының полиция департаментінің полиция майоры Аңламасов Орынбасар Олжабайұлымен құқықтық оқу өткізілді. Құқықтық оқыту барысында құзырлы органның өкілі қатысушыларға жол жүру қағидаларын сақтау – жолдағы…
-

Тұрғын үйді жалға беру: салық міндеттемелері және ҚР заңнамасының талаптары
Камералдық мониторинг басқармасы жариялау үшін мақаланы жолдайды:«Қазақстан Республикасында тұрғын үйді жалға беру кең таралған табыс көзі болып табылады, алайда ол салық заңнамасының талаптарын сақтауды қажет етеді.Жеке тұлғалар қызметті келесі тәртіптермен жүзеге асыра алады:1. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей:– Жалдамалы жұмыскерлер болмаған және жылдық табыс 360 АЕК-тен аспаған жағдайда қолданылады.– Келесі жылдың 15 қыркүйегіне дейін 270.00 нысаны…
-

Оралда конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс әкімі Н.Төреғалиевтің қатысуымен өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған «YNTYMAQ» комьюнити орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық дін істері басқармасының бастамасымен қызмет ететін келесі міндеттерді қамтиды: Мемлекет басшысының 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау бастамасына сәйкес, дін саласындағы жұмысты жаңа цифрлық деңгейге көтеру. «YNTYMAQ BQO»…
