Автор: admin
-

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің…
-

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 16–20 шілде аралығында Алматыда ауа райы қалыптан тыс ыстық болады.. Кей жерлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін жетіп, биылғы маусымда алғаш рет +40 градустан асып, климаттық нормадан едәуір жоғары болады. Осыған байланысты ауа температурасының көтерілуіне орай көше-жол желісін күтіп ұстау және қалалық аумақтарды қосымша салқындату шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Қаланың…
-

🎨 Ұлттық қолөнерді бірге үйренейік!
«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасына өтінім қабылдау жалғасуда! Егер жасыңыз 8–20 аралығында болса, тәжірибелі шеберлерден ұлттық қолөнердің 10 бағытын тегін меңгеруге тамаша мүмкіндік бар. Оқу 27 шілдеде Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңында басталады. Қатысу – тегін Барлық қажетті материалдар мен құралдар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Өтінім беру сілтемесі @qazaqcreative парақшасының басты бетіндегі сілтемелер…
-

Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
Бүгін, 16 шілдеде, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХІХ сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1259050?lang=ru
-

Алматыда Шухов атындағы скверде жасыл аймақ пен спорттық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Алматының Медеу ауданындағы Шухов атындағы скверде кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады. Аумақта 26 мың шаршы метр алаң көгалдандырылды, құнарлы топырақ төселді. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесінің құрылғылары орнатылуда, қазірдің өзінде 5,6 шақырымға жуық магистральдық құбырлар тартылды.Алаңда ескірген шағын сәулет пішіндері, жабындар, балалар, футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары алынып тасталды. Олардың…
-

Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шара салық және банкроттық саласындағы заңнаманың өзекті өзгерістеріне арналды. Басқарма мамандары азаматтарға төлемдерді төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау (кейінге қалдыру) мерзімдерінің өзгеруін, сондай-ақ жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттықты қолдану тәртібі мен салдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Келушілер іс-шараның практикалық пайдасы мен мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін атап өтті.…
-

Алматының Туризм басқармасы 2027 жылдың соңына дейін қалаға 110 мыңға дейін турист тартуды жоспарлап отыр
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы халықаралық туристік нарықтардағы ілгерілету жұмыстарын күшейтті. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты. Негізгі нәтижелердің бірі Гуанчжоу қаласында өткен GITF-2026 халықаралық туристік көрмесіне қатысу болды. Көрме аясында ұйымдастырылған «Алматы қаласының туризм күні» барысында шетелдік серіктестермен ынтымақтастық туралы 22 меморандумға қол қойылды. Құжаттар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, туристер легін арттыруға және…
-

«Qyzyljar» экопаркі, түрік инвесторларының аквапаркі және халықаралық Sabantui: облыс орталығында қандай маңызды жобалар жүзеге асырылады
Петропавл қаласында қалалық инфрақұрылымды дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Солардың бірі – «Qyzyljar» экопарғы аумағында түрік инвесторларының қатысуымен заманауи аквапарк салу жобасы. Қазіргі уақытта жер телімі айқындалып, жоба пысықталуда. Демалыс кешені бір мезгілде шамамен 2 мың адамды қабылдауға есептелген. Құрылыс жұмыстарын биыл бастау, ал нысанды 2027…
-

Қаралым жинау мақсатында әлеуметтік желілерде кейбір оқиғалар қарапайым деректерді тексеруден өтпей жатып, вирустық сипат алып үлгереді.
14 шілдеде әлеуметтік желіде Алматы тұрғынына көліктің алдыңғы орындығында тұрған пакет үшін айыппұл салынғаны туралы ақпарат тарады. Жарияланымда бейнебақылау камерасы пакетті қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы ретінде тіркегені айтылады. Бұл ақпартты қалалық пабликтер мен БАҚ бірден іліп әкетті. Алайда Алматы қаласының ПД бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. Айыппұл жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін салынған,…
-

Сенбілік
Таза Қазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1259039?lang=ru
-

Брифинг тақырыбы: «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 494-бабына сәйкес кеден өкілінің міндеттері және ортақ жауапкершілік туралы»
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ Заң бөлімі 2026 жылдың 16 шілдедегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен брифинг өткізді. Іс-шара барысында төмендегі мәселелер қаралды: Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 494-бабында көзделген кеден өкілінің міндеттері. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрақтарына жауаптар…
-

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Qaz Natural Laminat» ЖШС-нің заманауи ламинат өндіретін зауыты іске қосылды. Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. – Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандырып, өңдеу өнеркәсібін және импортты алмастыруды дамытуды…
-

Жан жылуы мен кәсібилікке адалдық: Гүлнар Сәрсембайқызы Сахипованы құрметті демалысқа шығарып салу
Адам өмірінің мәні тек жасаған жасымен ғана емес, айналасына сыйлаған жылуымен, өзгенің игілігі үшін атқарған игі істерімен және адамдардың жүрегінде қалдырған өшпес ізімен өлшенеді. Бүгін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы ерекше жылылықпен және шексіз ризашылықпен үлкен жүректі, өз ісінің нағыз шебері, ғажайып жан – Гүлнар Сәрсембайқызы Сахипованы құрметті демалысқа шығарып салып отыр. Оның…
-

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLV СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық бесінші сессиясы өтіп, оған қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты. Сессия барысында Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсету тәртібін жетілдіруге қатысты мәселелер қаралды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек көрсетудің қағидаларын, оның мөлшерлерін белгілеуді және…
-

Зайсан көліндегі қауіпсіздік: полиция мен құтқарушылар профилактикалық рейд өткізді
Зайсан көліндегі қауіпсіздік: полиция мен құтқарушылар профилактикалық рейд өткізді Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, Зайсан көлінің жағалауында профилактикалық рейд өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру. Тәртіп сақшылары демалушыларға тек арнайы белгіленген орындарда ғана шомылу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мас күйінде суға…
