Автор: admin
-

2026 жылдың 16 шілде күні Қарқаралы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі “Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп берулерін өткізу туралы» 2006 жылдың 18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындау туралы есебі” мәселесі бойынша аудан әкімі Мусин Саят Қабиденұлы баяндама жасады. Аудандық мәслихат депутаттарының сұрақтары мен ұсыныстары толық талқыланып, арнайы қаулы қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-karkaraly/press/news/details/1259054?lang=kk
-

Алматыда жыл басынан бері 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды
Алматыда 2026 жылдың басынан бері 30 864 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты. Осы кезеңде Еңбек мобильділігі орталығына 41 267 адам жүгінді. Оның ішінде 33 911 адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 5 290 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 5 198 алматылық субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Оның…
-

Абай облысындағы орман өрті туралы ақпарат
Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Бородулиха филиалының Камышенка орманшылығының 57-орамында орман алқабының жануы орын алған. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ, ЭТРМ, ІІМ, ҚМ, ДМ, ҰҚК және Абай облысы әкімдігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ қызметкерлері Ішкі істер министрлігі және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп «DosBolLike» балалар лагерінің тәрбиеленушілері…
-

«Заң мен тәртіп»: Алматыда заңсыз сауда орындары жойылып жатыр
Алматының Жетісу ауданында (Солтүстік айналма көшесінің бойында) заңсыз сауда орындарын жоюға бағытталған рейд өтті. Іс-шараны аудан әкімі аппараты прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Тексеру қорытындысы бойынша аумақтарды көріктендіру қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 24 әкімшілік хаттама, сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін Кодекстің 204-бабы бойынша 15 әкімшілік…
-

27 шілдеден бастап балабақшаларда бос орындар жарияланады.
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! 📢Семей қаласының Білім бөлімі маңызды жаңалықпен бөліседі! 🏫✅ 27 шілдеден бастап балабақшаларда бос орындар жарияланады.✅ 28 шілдеден бастап кезекте тұрған балаларға ваучерлер автоматты түрде беріледі.Ата-аналардың назарына:🔹 Кезекте тұрғандар: жүйеге кіріп, кезегіңізді тексеріңіз және «ерте брондау» арқылы орынды бекітіңіз.🔹 Кезекте тұрмағандар: орын алу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін smart nation balabaqha қосымшасы арқылы…
-

Алматыда Summer Relay кешкі жүгіру эстафетасына байланысты сенбі күні көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 18 шілде, сенбі күні Summer Relay жазғы кешкі эстафетасы өтеді. Биыл жарыс алғаш рет қаланың тарихи орталығы арқылы өтетін жаңа бағытта ұйымдастырылады. Осыған байланысты қаланың бірқатар орталық көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жарыстың сөресі мен мәресі «Астана» алаңы. Эстафета бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері және Абылай хан даңғылы…
-

«Атаулы әлеуметтік көмек» мемлекеттік қызметі туралы
Атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) отбасының әрбір мүшелеріне шаққандағы кірісі кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға тағайындалады, яғни өңір бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы. АӘК өтініш берген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға, тоқсан сайын тағайындалады. АӘК мөлшері балаларды қоса алғанда, отбасының отбасының барлық мүшелеріне кедейлік шегі мен жан басына шаққандағы…
-

Орынборда өткен қазақстандық-ресейлік семинар қорытындысы бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хаттары табысталды
Орынбор қаласында өткен Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейні экожүйесін сақтау бойынша Қазақстан мен Ресей тараптарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылауға арналған семинар қорытындысы бойынша табиғатты қорғау ісіне белсенді үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хаттарымен бірлескен экспедицияларды ұйымдастыруға тұрақты қолдау көрсетіп, Жайық (Орал) трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау…
-

«Таза Қазақстан»: таза болашаққа бірге қадам
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заңсыз қоқыс үйінділерін жою бағытындағы жұмыстары тұрақты негізде іске асырылып келеді. Ауқымды акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жеке жауапкершілігін арттыру. Таза әрі қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру – баршамызға…
-

«ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚАЙТА ҚҰРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ: «БЕС ЖЫЛ – БЕС БЕЛЕС» МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының қайта құрылғанына 5 жыл толуына орай «Бес жыл – бес белес» атты мерейтойлық салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, республика және өңір кітапханаларының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ардагер…
-

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл аумақта Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. Ал 18–20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің…
-

Алматыда алдағы аптап ыстыққа байланысты көшелерде аэрация жұмыстары ұйымдастырылады
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, 16–20 шілде аралығында Алматыда ауа райы қалыптан тыс ыстық болады.. Кей жерлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін жетіп, биылғы маусымда алғаш рет +40 градустан асып, климаттық нормадан едәуір жоғары болады. Осыған байланысты ауа температурасының көтерілуіне орай көше-жол желісін күтіп ұстау және қалалық аумақтарды қосымша салқындату шараларын күшейту туралы шешім қабылданды. Қаланың…
-

🎨 Ұлттық қолөнерді бірге үйренейік!
«Ұлттық қолөнер мектебі» жобасына өтінім қабылдау жалғасуда! Егер жасыңыз 8–20 аралығында болса, тәжірибелі шеберлерден ұлттық қолөнердің 10 бағытын тегін меңгеруге тамаша мүмкіндік бар. Оқу 27 шілдеде Астана қаласы, Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайындағы Qazaq Creative Hub алаңында басталады. Қатысу – тегін Барлық қажетті материалдар мен құралдар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Өтінім беру сілтемесі @qazaqcreative парақшасының басты бетіндегі сілтемелер…
-

Қонаев қаласының мәслихаты жұмыс жасауда
Бүгін, 16 шілдеде, депутат А.Ракишеваның төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және кезектен тыс LХІХ сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі барлық сұрақтар жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1259050?lang=ru
-

Алматыда Шухов атындағы скверде жасыл аймақ пен спорттық инфрақұрылым жаңартылып жатыр
Алматының Медеу ауданындағы Шухов атындағы скверде кешенді көріктендіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері хабарлады. Аумақта 26 мың шаршы метр алаң көгалдандырылды, құнарлы топырақ төселді. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесінің құрылғылары орнатылуда, қазірдің өзінде 5,6 шақырымға жуық магистральдық құбырлар тартылды.Алаңда ескірген шағын сәулет пішіндері, жабындар, балалар, футбол және баскетбол алаңдарының қоршаулары алынып тасталды. Олардың…
