Автор: admin
-

Су тұтынуды азайту – егіс науқанының басты басымдықтарының бірі
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысында аграрлық секторда су тұтынуды азайуту мәселесіне айрықша мән берілуде. Мемлекеттік органдар мен өңірлер бірлесіп жүзеге асырып жатқан кешенді шаралар өндіріс көлемі мен өнімділікке нұқсан келтірмей, су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған. Былтыр желтоқсан айында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының шаруаларымен арнайы жиын өткізіліп, су көп қажет ететін дақылдар – күріш пен…
-

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 9000-ҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ
Бүгін Созақ ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған 9000-ға жуық адам қатысты. Игі шараға ауданның барлық бөлімдері мен мекемелерінің қызметкерлері, ерікті жастар және жергілікті тұрғындар жұмыла кірісті. Тазалық жұмыстарын ширату мақсатында 18 арнайы техника жұмылдырылып, әрбір мекемеге бекітілген секторлар бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі көшелер, қоғамдық…
-

Қызылорда полицейі халықаралық турнирде топ жарды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабыланбек Кемелбек халықаралық деңгейдегі жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, 2026 жылғы 7–15 сәуір аралығында Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында каратэден “Grand Prix Azerbaijan” халықаралық турнирі өтті. Ауқымды спорттық дода “Серхедчи” спорт орталығында ұйымдастырылып, оған 15 мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты. Тартысты бәсекеде Қабыланбек…
-

“Таза Қазақстан” акциясы Лепсі ауылында өткізілді
Лепсі ауылында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындарды тазалыққа баулу және туған жерге деген жанашырлықты арттыру. Акция барысында ауыл көшелері, қоғамдық орындар мен саябақтар қоқыстан тазартылып, айналаны абаттандыру жұмыстары атқарылды. Тұрғындар мен жастар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Нәтижесінде ауылдың…
-

Астанада жасанды интеллект бойынша республикалық олимпиаданың үздіктері марапатталды
Astana IT University-де жасанды интеллект бойынша AI Olymp 2026 республикалық олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталған олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, жасанды интеллект, спорттық бағдарламалау және деректерді талдау бағытында дарынды оқушыларды анықтайтын негізгі ұлттық алаңдардың біріне айналды. Жарыс қорытындысы бойынша халықаралық бәсекелерге қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталады. Іс-шараға Премьер-Министрдің орынбасары…
-

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Сарыағаш ауданына қарасты қала және ауылдық елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза қала» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимов, сондай-ақ жастар,депутаттар мен мекеме қызметкерлері…
-

Шымкентте полицейлер заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты
Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан. Операция…
-

Қызылорда облысында дін саласындағы заң бұзушылықтардың жолы кесілді
Жыл басынан Қызылорда облысы аумағында дін саласында 14 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Аталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің рейдтік іс-шаралары барысында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған. Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы басылымдарды тек арнайы рұқсаты бар, заңды түрде тіркелген сауда орындары ғана сата…
-

Футбол
Облыстық Ұлттық мектеп лигасы аясында «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 5–6 сынып оқушылары ұлдар арасында футболдан І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда жоғары жетістіктер мен сәттілік тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1199324?lang=kk
-

«Таза Қазақстан»: Астанада жастарға арналған экологиялық куиз өтті
Астанада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Global Green Hub компаниясының ecohub алаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастарға арналған экологиялық куиз өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Аталған бастама Zero Waste қозғалысы мен Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің қолдауымен жүзеге асырылды. Оған колледж және университет студенттері, сондай-ақ Astana Zhastar еріктілері белсенді…
-

Досбол Балғабай — Еуропа кубогының чемпионы!
Қостанайлық дзюдошы Досбол Балғабай Италияда өткен Еуропа кубогында тамаша өнер көрсетті. Қатаң бәсеке жағдайында — татамиге 28 елден 595 спортшы шықты — жерлесіміз 81 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Спортшы мен оның жаттықтырушысын лайықты алтын медальмен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1199327?lang=kk
-

Шетелдік делегацияға Қазақстанның этно-сауықтыру тәжірибесі таныстырылды
«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешеніне жұмыс сапарымен Ресейдің Мәскеу қаласынан ауыл шаруашылығы министрі бастаған делегация келді. Оларға дәстүр, сауықтыру және этномәдени элементтерді ұштастырған кешеннің бірегей тәжірибесі таныстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Делегация мүшелеріне «Арғымақ» кешенінің құрылу тарихы, философиясы және сауықтыру мүмкіндіктері туралы айтылды. Әсіресе мұнда ұсынылатын бағдарламалардың табиғи әрі қалпына келтіру қасиеттеріне ерекше назар…
-

Халықпен кездесу өткізілді
Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде халықпен кері байланыс орнату мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Калимолдинамен облыстың заңгерлік қауымдастықтарының өкілдерімен бірлесіп Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесу барысында азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу, мұраны рәсімдеу, жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселелері бойынша түсіндіру…
-

Нәзіктік күші: әйел энергиясы және өмірді құру өнері
Қызылорда қалалық полиция басқармасының әйел қызметкерлеріне арналған мазмұнды әрі әсерлі тренинг өтті. Шараны полиция психологтары ұйымдастырып, негізгі мақсат — әйелдердің ішкі энергиясын ашу, өзін-өзі тануына және өмірлік мақсаттарын айқындауына қолдау көрсету болды. Тренинг барысында: Трансформациялық әдістер арқылы қатысушылардың ішкі ресурстары ашылды МАК (метафоралық ассоциативті карталар) көмегімен терең психологиялық жұмыстар жүргізілді Тәжірибелі психологтар кәсіби қолдау көрсетті …
-

🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды
Бұхара қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан Президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1199332?lang=kk
