Автор: admin
-

“Цифрлық гигиена және ақпараттық қауіпсіздік” семинары
Біздің әріптесіміз Снигур Петр Анатольевич ақпаратты қорғау және цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану саласындағы білім мен құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған “цифрлық гигиена және ақпараттық қауіпсіздік” семинарына қатысты. Семинар барысында қатысушылар ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерімен, заманауи киберқауіптермен, дербес және корпоративтік деректерді қорғау әдістерімен, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында аса маңызды цифрлық гигиена ережелерімен танысты. Оқу қорытындысы…
-

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астанада Кенесары көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты, 21-22 мамыр күндері аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты…
-

Бордақылау алаңдарын жеңілдікпен қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Агробизнес» ауқымды бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын «Бордақылау алаңдарын қаржыландыру» шағын бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады. Аталған бастама 2025 жылдан бері іске асырылып келеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Шағын бағдарлама аясында фермерлер өндірістік циклді қолдау үшін қысқа мерзімді әрі қолжетімді қаржы ресурстарына қол жеткізе…
-

Ұлттық ұланның Петропавлдағы әскери нысандары тексерілді
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бекайдар Қазкеев жұмыс сапарымен Петропавл қаласына барды. Сапар аясында ол ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының және 6637 әскери бөлімінің қызметімен танысты. Генерал-майор оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап, курсанттарға арналған жаңа казарманың жай-күйін көрді. Сонымен қатар, заманауи талаптарға сай жабдықталған бірегей тирді қарап, курсанттардың жауынгерлік даярлығына жасалған жағдайға назар…
-

Автомобиль өткізу пунктінде cargoruqsat электрондық кезек жүйесін іске қосу туралы: Таскала 2026 жылғы 29 мамырдан бастап
Шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығы мақсатында 2026 жылдың 29 мамырдан бастап Таскала автомобиль өткізу пунктінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесінің іске қосылатыны туралы хабарлаймыз. Қазіргі уақытта электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Аксай, Жәнибек, Орда, Шаған, Сырым шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отырғанын атап өту қажет. Электрондық кезек жүйесін мемлекет жүз пайыз қатысатын ҚР ҚМ…
-

Ақмола облысының дағдарыс орталықтарында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 58 әйел мен бала көмек алды
Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамда отбасындағы агрессияның кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыруға бағытталған “Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан” кең ауқымды республикалық акциясын өткізу жалғасуда.Полицейлердің ақпараты бойынша, акция шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге, сондай-ақ тұрмыста құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол беретін адамдармен профилактикалық жұмысқа…
-

Қарағандыда интернет-алаяқтарға қарсы ауқымды соққы: күніне 2800 күмәнді қоңырау бұғатталады
Қарағандыда интернет-алаяқтарға қарсы ауқымды соққы: күніне 2800 күмәнді қоңырау бұғатталады. Қарағанды қаласында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған кең көлемді профилактикалық акция өтті. 16 мамыр күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының бастамасымен City Mall, «Абзал», «Таир» сауда үйлерінде, сондай-ақ қалалық саябақтар мен адам көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 1000-нан астам полиция қызметкері, әкімдік өкілдері, қоғамдық белсенділер, блогерлер…
-

Жетісу облысында инвесторлар қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесу барысында өңірде қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ мен қытайлық инвесторлардың бірлесуі арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде. Жел электр паркін салу…
-

II Халықаралық «Заң мен тәртіп» фотобайқауы басталды
Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады. Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады: 1. “Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі” 2. “Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар” 3. “Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады” Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін…
-

Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады
Жеке тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де заңды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде мынадай шаралар қолданады: – өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлайды; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті…
-

Манатбек Рысбеков Көлбай ауылдық округіндегі көктемгі дала жұмыстарымен танысты
Бүгін Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Жайық Тазабекұлының Алакөл ауданы әкімінің аппараты, аудандық бөлімдер және қала және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтті. Кездесуге Алакөл ауданы әкімінің аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиев төрағалық етті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттырудағы Мемлекеттік…
-

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын өткізу күнін ауыстыру туралы
VІІІ шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихаты төрағасының шешімі Сәтбаев қаласы 2026 жылғы 19 мамыр Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36-сессиясын өткізу күнін ауыстыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес мәслихат…
-

Құрмет – қоғам негізі!
Қазіргі қоғамда сыпайы әрі құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениеті шынайы өмірде де, цифрлық кеңістікте де ерекше маңызға ие. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Сондықтан әдептілік, өзара сыйластық және айтылған сөз үшін жауапкершілік қағидаттарын сақтау аса маңызды. Қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру әр адамнан басталады. Қолдау көрсету, сыпайы қарым-қатынас, ізгі ниет…
-

Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына сәйкес зейнетақы тағайындау…
-

Туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан құрылған туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Ермеков Дінмұхамед Жандарбекұлы таныстырылды.Жаңа басшыға өңірдегі туризм саласын дамытуға қатысты маңызды міндеттер жүктелді.«Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлардан ел экономикасына қосымша қаржы тарту, отандық туризмді дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыстық туризм басқармасы құрылды. Жаңа басқармаға өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған…
