Автор: admin
-

Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындылары
Комитет төрағасы С.Бейсенова Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша облыстық департаменттің, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, сондай-ақ зертханалық қызметтің басшыларының қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. Іс-шара барысында Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы филиалының 2023–2025 жылдардағы қызмет нәтижелері, сондай-ақ ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары қаралды. Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатына әсер ететін негізгі…
-

Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағындықов №33 жалпы орта білім беретін мектепте тұрғындармен есептік кездесу өткізді
Бүгін Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағындықов №33 жалпы орта білім беретін мектепте тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, мәслихаттардың жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, сондай-ақ оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп беру міндеті шеңберінде және «Amanat» партиясының халықпен есептік…
-

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы
2026 жылғы 16 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері және «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ филиалдарының қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды (ЖОМС) ұйымдастыру кезіндегі өзара іс-қимылды арттыру мәселелері қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік деңгейде…
-

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбековпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, облысты дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарға қажетті препараттарды уақтылы жеткізу, сондай-ақ фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Сонымен қатар қойма логистикасын жетілдіру, дәрі-дәрмектерді сақтау және тарату жүйесінің…
-

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы хабарландыру
2026 жылғы 23 сәуір сағат 09:00-де Жетісу облысы Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесі, 26, мекен-жайында (414 кабинет) «Жетісу облысы ветеринария басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтеді. Анонс сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талқылау бойынша жұртшылықты хабардар ету үшін жүргізіледі. Сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласа аласыз: 8-7282 32-90-72, 8-707-809-8000 Искакова…
-

Алматы қаласы ТЖД мен АЭБУ арасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында, жоғары оқу орындарымен жасалған меморандумдар негізінде Алматы қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ) өкілімен өтті. Кездесу барысында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту элементтерін…
-

ШҚО-да кене энцефалитіне қарсы 1340 гектар аумақ өңделеді
Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылғы 7 сәуір мен 12 мамыр аралығында кене энцефалиті мен туляремия бойынша эндемиялық аумақтарда дератизациялық және дезинсекциялық іс-шаралардың көктемгі кезеңі жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық сараптама орталығы ШҚО бойынша филиалының дезинфекция бөлімі басшысы Гүлмира Адылбаева хабарлады. Заманауи препараттар қолданылады. Іс-шараларды орындау үшін төрт арнайы бригада құрылған. Мамандардың…
-

📍Зеренді ауданында NEET санатындағы жастармен жұмыс күшейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
📍Зеренді ауданында NEET санатындағы жастармен жұмыс күшейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бурабай ауданында NEET санатындағы (оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлықтан өтпейтін) жастардың санын азайту мақсатында жүйелі түрде мекен-жайлық жұмыстар жүргізілуде. 🔹 Аудан жастарының нақты жағдайын анықтау үшін жеке кездесулер ұйымдастырылып, әрбір жаспен жеке жұмыс жүргізілуде.🔹 Жастарға жұмысқа орналасу, білім алу және кәсіптік бағдар беру бағытында…
-

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ
Қазақстан Республикасының «Қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 26-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды. Жаңа нормаға сәйкес, егер азаматтық-құқықтық шартта Еңбек кодексінің 27-бабында…
-

Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы
Абай облысының,Семей қаласының намысын қорғап 2026 жылдың 14 – 18 сәуір аралығында Астана қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсында «Экономикалық лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушысы Сериков Тамирлан ІІІ жүлделі орынды иеленді.Қанжығамызға тағы бір жүлде қосылды!Жеңіс құтты болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1203417?lang=kk
-

Ақтөбе облысы ҚАЖД №8 мекемесінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша дәріс өткізілді
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесінде сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясы-ның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шарасы өткізілді. Дәріс барысында қатысушыларға вирустың берілу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке денсаулықты сақтау және инфекцияның таралуының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ақтөбе облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы…
-

Бейнеу ауданында жасөспірімдер тәрбиесі мен қауіпсіздігі: профилактикалық жұмыстардың маңызы артты
Бейнеу ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Альжанов Берік Ондасынұлы, Бейнеу ауданы ПБ Анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Мәдиев Нұрлыбек Орынбасарұлы және ҚҚБ ЮПТ КТІЖ учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты С. Сатыбаев Б. Қалиев атындағы ЖББМ КММ-де «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтардың себептері…
-

Ақтөбелік спортшы Париж жүлдегерін жеңіп, Азия чемпионы атанды
Қытайдың Ордос қаласында 16–18 сәуір аралығында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жарқын нәтиже көрсетті. Құрлық додасына 19 елден 197 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 18 дзюдошы сынға түсуде, олардың бесеуі – Ақтөбе өңірінің өкілдері. Жарыстың екінші күнінде 81 келіге дейінгі салмақта белдескен Алмат Әділет сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, Азия чемпионы…
-

«Жұлдызай» фестивалі: ерекше балалардың жарқын әлемі
Бүгін М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған облыстық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңі өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл игі шара талантты балалардың өнерін шыңдап, шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған маңызды мәдени алаңға айналды. Фестивальге облыстың жалпы білім беретін және арнайы мектептері мен мектеп-интернаттарынан 10–16 жас аралығындағы…
-

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр
Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта құжаттың жобасы талқылау және келісу кезеңінде. Әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдар ресми бекітілген құжат болып табылмайды және ереженің соңғы редакциясы емес. Дүйсенбі күні аталған мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба кеңінен қоғамдық және азаматтық қоғам…
