Автор: admin
-

«ҚазАгроҚаржы» АҚ «Қазақстанда жасалған» жеңілдікті лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды қайта бастайды
Ағымдағы жылы 25 мамыр күні сағат 10:00-де отандық ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын жеңілдетілген лизингке беру бойынша «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қабылдау басталады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді заманауи отандық техникамен қолжетімді қаржыландыру шарттары негізінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ қазақстандық машина жасау саласын қолдауға және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуға бағытталған. Бағдарлама аясында аграршылар…
-

Алатау ауданының жұмыс тобының отырысы
2026 жылдың 22 мамырында Алатау ауданының әкімдігінде мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы және басқа да уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен еңбекақы төлеу және еңбек қатынастарын ресімдеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1226283?lang=ru
-

«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
Бүгін Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің қатысуымен ауқымды ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Игі шараға облыс бойынша жалпы саны 32 023 түлек қатысты. Мектеп бітіруші жастар туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосып, болашаққа деген ізгі…
-

Жас ғалымдар кеңесі: ғылым мен инновацияны дамыту мәселелері талқыланды
Жас ғалымдар кеңесі: ғылым мен инновацияны дамыту мәселелері талқыланды Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» атты XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жас ғалымдар кеңесінің дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара ғылымды дамыту, жас ғалымдардың ғылыми саясаттағы рөлі және елдің ғылыми-инновациялық әлеуетін нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды…
-

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық кітапханасы “Әдебиеттегі жемқорлық”құқықтық сағатын оқырмандар назарына ұсынады.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының Нежинка ауылдық кітапханасы “Әдебиеттегі жемқорлық”құқықтық сағатын оқырмандар назарына ұсынады. Әдебиет әрқашан қоғамдық өмір құбылыстарын бейнелейтін айна болды. Әдебиеттегі парақорлық тақырыбы көптеген өрнектерге ие. М.Е. Салтыков-Щедрин, Н. В.Гоголь, Д. И. Фонвизин, А. Н. Островский сияқты жазушылар өз шығармаларында сыбайлас жемқорлық мәселесін айқын көрсетті. Сыбайлас жемқорлық туралы өз шығармаларында А.П. Чехов,…
-

Қазақстанда 8,9 млн гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдары 8,9 млн гектар алқапқа егілді. Атап айтқанда: дәнді дақылдар 5,5 млн гектарға, майлы дақылдар 2,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 642 мың гектарға, мақта 166 мың гектарға, көкөніс дақылдары 102 мың гектарға, бақша дақылдары 77 мың гектарға, картоп 93 мың…
-

Әлеуметтік қызметтер порталы: көмекті дербес рәсімдеудің бірнеше қарапайым қадамы
Әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың жеке бағдарламасында қарастырылған көмекті алуға тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылған. Мүгедектігі бар адамдар қызмет жеткізушілерін, соның ішінде жеке көмекшілер мен ым тілі мамандарын дербес таңдап, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтінім бере алады. Пайдаланушыларға көмек ретінде платформадағы жұмыс кезеңдерін – қажетті қызметті таңдаудан бастап, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінімге қол қоюға дейінгі…
-

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Гонконгқа жұмыс сапарының қорытындылары туралы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты орнату мақсатында Гонконгқа жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Б.Асылов Гонконгтың Қауіпсіздік жөніндегі хатшысы Крис Тангпен кездесу өткізді. Ол өңірдің құқық қорғау және арнайы қызметтерінің, оның ішінде полицияның, көші-қон, кеден, қылмыстық-атқару, өртке қарсы және авиациялық-құтқару қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Қазақстандық қадағалау органының басшысы атап өткендей,…
-

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының демеушілік қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Халық әуені» концерттік-гастрольдік жобасы бүгін Түркістан облысында ресми ашылуы өтті. 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған жоба еліміздің 17 өңірінде бір мезетте бастау алды. Осыған орай, бүгін Түркістан облысы, Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында…
-

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫ ҚЫЗМЕТЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын барысында мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері марапатталып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, шаһарда мәдениет саласында оң өзгерістер бар екенін атап өтті.Мегаполис шаһар бүгінде мәдениет пен руханияттың ордасына айналды. Қала халқының мәдениетін…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөйлеген сөзі
Құрметті жиынға қатысушылар! Баршаңызға Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға қош келдіңіздер деп айтқым келеді. Ең алдымен, Астанаға арнайы келген қадірлі меймандарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Менің алдымда сөз сөйлеген атақты ғалымдар мен беделді халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс айтамын. Сөздеріңіз мағыналы, мазмұнды болды. Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған…
-

Бас штаб бастығы еліміздің шығысындағы гарнизондарда жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жұмыс сапары барысында басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің жауынгерлік даярлықтың жаңа жүйесіне көшуге дайындығын бағалады. Абай, Өскемен, Үшарал және Аягөз гарнизондарындағы құрамалар мен бөлімдерде Бас штабтың мобильді топтары жаңа оқу бағдарламалары мен жалпыәскери пәндер бойынша жаңартылған нормативтерді ескере отырып, жауынгерлік дайындықты ұйымдастыру тәртібін…
-

Маусымдық балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының дайындығы туралы
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаеваның төрағалығымен облыстың білім басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Еслямбекұлы Әбдірахмановтың, облыстың ТЖ департаменті мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы Аслан Жасұланұлы Ахметжановтың, сондай-ақ аудандық білім бөлімдерінің, Петропавл қаласының басшылары мен балалардың білім беру-сауықтыру орталықтары директорларының, құрылтайшыларының қатысуымен балалардың білім беру-сауықтыру орталықтарының (бұдан әрі-ББСО) жазғы маусымға дайындығы талқыланды. Ағымдағы жылы…
-

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді.
2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады. 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша…
-

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді
Қабылдау барысында білім саласына қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Атап айтқанда, кадрлық мәселелер, бос лауазымдарға конкурс өткізу тәртібі, педагогтердің біліктілік санаттары және еңбек құқықтарының сақталуына қатысты сауалдар көтерілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру, бағалау жүйесі, ауыл мектептерінің жағдайы мен балалар лагерьлерінің жұмысы талқыланды. Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер…
