Автор: admin
-

Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясын ауыстыру туралы
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясын ауыстыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 2-тармағына және 19-бабы 3-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ: Аудандық мәслихаттың кезекті отыз төртінші сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 16:00 ге ауыстырылсын. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Байғанин…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
Қадірлі отандастар! Құрметті Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері! Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын! Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ.…
-

СҚО полициясы «Қауіпсіздік коды» акциясы аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады
23 қыркүйектен бастап Солтүстік Қазақстан облысында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың отбасы, балалар мен қоғам қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған республикалық «Қауіпсіздік коды» акциясы өтуде. Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1800-ден астам құқық бұзушылық тіркелген. Бұл санның әрқайсысының артында жанжалға, зорлық-зомбылыққа және оның салдарына тап болған нақты отбасы тұр.…
-

Елімізде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасы әзірленіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2024 жылғы 24 қыркүйектен бастап ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі Республикалық комиссия жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Республикалық комиссияның екі отырысы өткізіліп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралып, нақты шешімдер қабылданды. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында…
-

СҚО-да болашақ полицейлерге арналған тағы бір «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 18 ұл мен қызды біріктірген жаңа «Жас сақшы» сыныбы жұмысын бастады. Жоба полиция, аудан әкімдігі және жергілікті кәсіпкерлердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде жүзеге асты. Енді мектеп бағдарламасымен қатар оқушылар тәжірибелі офицерлердің жетекшілігімен саптық және дене дайындығын тереңдетіп, құқықтық сауаттылығы мен тәртібін арттырады. Алдағы уақытта мұндай дайындық түлектерге Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі…
-

Елімізде 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 15,6 млн га жер қайтарылды
Жер беру процесін барынша ашық ету үшін электрондық конкурстарды өткізу тәртібін реттейтін жаңа нормалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады. Енгізілетін өзгерістердің тиімділігін алдын ала…
-

Самарқанд, 2026 жылғы 22 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқандқа жұмыс сапары аясында өңірдің бірқатар жетекші өндірістік кәсіпорындарын, атап айтқанда, шырын өнімдерін өндіруге маманданған «AgroMir» компаниясын, металл өнімдерін шығаратын «Asia Metall Prof» кәсіпорнын, сондай-ақ «Sharq Sanoat» концернінің өндірістік нысандарын аралады.
Сапар барысында Елші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарымен, технологиялық үдерістерімен, шығарылатын өнім түрлерімен, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту және кеңейту жоспарларымен танысты. Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өзара тиімді жаңа өндірістік байланыстар орнату мақсатында екі ел өңірлерінің қолда бар әлеуетін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпорындары арасындағы тікелей өзара іс-қимылды кеңейту екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан…
-

Шығыс Қазақстанда тіл үйретудің тиімді әдістері талқыланды
Шығыс Қазақстан облысында «Тіл үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері: тәжірибе, ізденіс және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға өңірдің 8 ауданындағы тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, оқытушылары мен әдіскерлері, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері қатысты. Семинар барысында көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін оқыту қағидаттары, заманауи әдістемелік тәсілдер және мемлекеттік тілді…
-

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚЫРЫҚ АЛТЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
24 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудандық мекемелер мен ұйымдардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының өкілдері мен аудан аумағындағы филиалдарының директорлары қатысты. Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген 19 мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметі және…
-

Мемлекет басшысының өкімі
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1298613?lang=ru
-

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Жызақ облысына жұмыс сапарымен барды
Сапар барысында Жызақ облысының хокимі Улугбек Мустафоевпен кездесу өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ екі ел өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшыларының өзара сауда көлемін 2030 жылға қарай 10 млрд долларға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше…
-

Тұрғындармен тұрақты кездесулер
Бүгінде ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандырады, қандай мәселелер шешімін тапты және алда қандай міндеттер тұр? Осы мәселелер Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың Белоградов және Дзержинское ауылдарының тұрғындарымен кезекті кездесулерінде талқыланды. Кездесулерге Тимирязев аудандық мәслихатының төрағасы А.С. Асанова да қатысты. Белоградовка тұрғындарын, ең алдымен, абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жағдайы алаңдатады. Негізгі мәселелер қатарында теміржол станциясына…
-

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд облысының хокимі Адиз Бобоевпен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының 2030 жылға қарай екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда өзара сауда көлемін ұлғайту, бірлескен жобаларды іске асыру…
-

Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Тимор-Лешти Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Бендиту душ Сантуш Фрейтаспен кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды. Тараптар саяси диалогты дамыту, сондай-ақ…
-

Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында…
