Автор: admin
-

Жерге тасталған темекі тұқылы үшін жауапкершілік: Жетісу облысында кезекті құқық бұзушы анықталды
Қоғамдық орындардың тазалығы әр адамның қарапайым әрекетінен басталады. Алайда жерге тасталған темекі тұқылы жай ғана ұсақ-түйек емес, бұл – айналадағы адамдарға және өзіміз өмір сүріп жатқан ортаға деген құрметсіздіктің көрінісі. Талдықорған қаласында полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орынды ластаудың кезекті дерегін тіркеді. 43 жастағы жергілікті тұрғын тазалық пен тәртіптің қарапайым талаптарын елемей, темекі…
-

Талдықорғанда тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды
Жол қозғалысы ережелері – жай ғана заң талабы емес. Әрбір ереженің артында адам өмірі тұр. Оларды сақтау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірін қорғауға мүмкіндік береді. Талдықорған қаласында полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары 21 мен 25 жас аралығындағы жастардың жолдағы қауіпті әрекеттерін тіркеді. Қозғалыстағы автокөліктің люгінен денелерін сыртқа шығарған жолаушылар өздерінің ғана емес, өзге…
-

Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілуде
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі және Қоғалыкөл ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.Қоғалыкөл ауылын газдандыру жобасының жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайды. Жобаны жүзеге асыру үшін 2026 жылы республикалық бюджеттен бастауға 320 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Орда-Құрылыс» ЖШС жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 40,2 шақырым…
-

Скринингтен өтудің маңыздылығы тақырыбында акция өткізілді
2026 жылғы 7 қазанда Атырау көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жөніндегі бөлімшелік басқармасының маманы «Batys Petroleum» ЖШС қызметкерлері арасында «Скринингтен өтудің маңыздылығы» тақырыбында акция өткізді. Акцияның мақсаты – халық арасында профилактикалық тексерулердің маңыздылығын түсіндіру, ауруларды ерте кезеңде анықтау және олардың асқынуларының алдын алу, сондай-ақ скринингтік тексерулердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген…
-

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІГІН МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күнінен…
-

ЖРВИ және тұмаудың алдын алу
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1309262?lang=ru
-

Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды
Мемлекеттік корпорация AI & Digital Bridge 2026 форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының AI-шешімдерін таныстырды«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында 1414 Бірыңғай байланыс орталығының жасанды интеллект негізінде әзірленген жаңа шешімдерін көпшілік назарына ұсынды.Солардың бірі – «AI Senim» атты дауыстық AI-ассистенті. Ол азаматтарға 100-ден астам мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беріп, қажетті…
-

Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің көшпелі отырысы өтті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (МӘС) 8–9 қазан күндері Байғанин ауданында кезекті көшпелі отырыс өткізді. Көшпелі отырыс аудандық емхана базасында ұйымдастырылып, мүгедектігі бар азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен семинар өткізілді. Семинар…
-

Еңбек министрлігі қызметтерінің 90%-дан астамы электронды форматта
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған. Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын…
-

Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштерін қабылдауға арналған Telegram-бот @agromaselebot іске қосылды
Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтініштерін қабылдауға арналған Telegram-бот @agromaselebot іске қосылды. Өңірдегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер енді салаға қатысты сұрақтарын, ұсыныстары мен өтініштерін Telegram-бот арқылы жолдай алады. Жаңа байланыс арнасы өтініш беру үдерісін жеңілдетуге және шаруашылық өкілдерімен тұрақты кері байланыс орнатуға бағытталған. Оның көмегімен өндірушілер өзекті мәселелерді көтеріп, саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізе…
-

Жетісуда жылжымайтын мүлік мәмілелерін рәсімдеу тәртібі өзгерді
Жетісуда жылжымайтын мүлік мәмілелерін рәсімдеу тәртібі өзгерді 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қазақстанда жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді нотариаттық куәландыру және атқарушылық жазбалар рәсімдеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптар азаматтардың мүлікке қатысты құқықтарын қорғауға, борышкерлерді хабардар етуге және нотариаттық қызметтің ашықтығын арттыруға бағытталған. Жаңа талаптарға сәйкес, сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және кепілге қою сияқты мемлекеттік…
-

Алтын жасқа арналған Жан жылуы
Прибрежное ауылында Қарттар айлығы аясында ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов пен Ардагерлер кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева 80 жасқа толған мерейтой иелерін — Гуцевич Валентина Николаевнаны, Асанова Разиля Сентқожиевнаны және Смаилов Қайыржан Хамзиновичті арнайы барып сыйлық беріп құттықтады. Сонымен қатар, ерлі – зайыпты Сергей Владимирович пен Людмила Кузьминична Катковтарға да сыйлық беріп және…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СИНТЕТИКАЛЫҚ АММИАК ПЕН КАРБАМИД ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
25 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында елімізде жаңа жобаларды іске асыру жөніндегі келісімге қол қойылған болатын. Осы бағытта Түркістан облысында нақты жұмыс басталып, агрохимия саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба қолға алынды. «Тұран химиялық компаниясы» ЖШС синтетикалық аммиак пен карбамид өндіретін зауыттың іргетасын қалау рәсімін өткізді.Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының…
-

Шымкент қаласы Полиция департаментінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған жедел кеңес өтті.
Жедел кеңеске Полиция департаментінің басшы құрамы, Сот сараптама орталығының басшылары мен сарапшылары және аудандық полиция басқармаларының аға учаскелік инспекторлары қатысты. Кеңес барысында қылмыстық кодекстің 108-1 және 109-1 баптары бойынша отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша қылмыстық заңнама нормаларын қолдану тәжірибесі қаралды. Осы қылмысты жасаған жүйелі агрессорларға қатысты қамауға алу бұлтарпау шарасын қолдану туралы жайттары қаралып талқыланды. Сонымен…
-

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер…
