Автор: admin
-

Есіл ауданындағы су айдындарында кезекті қауіпсіздік рейді өтті
Шомылу маусымында №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар басқармасы, Полиция басқармасы және Есіл ауданының әкімдігі өкілдерімен бірлесіп су айдындарында рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Мұндай профилактикалық рейдтер Есіл ауданы аумағында тұрғындар мен елорда қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.…
-

«Таза Қазақстан»: Павлодар облысының полициясы заңсыз қоқыс үйінділеріне қарсы күресті күшейтті
Павлодар облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша күшейтілген рейдтік іс-шаралар өткізуде. Осындай рейдтердің бірі барысында Солтүстік өнеркәсіптік аймақта абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі анықталды. КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерге құрылыс қалдықтарын төгіп, заңсыз қоқыс үйіндісін ұйымдастырған. – Рейдтік іс-шара барысында абаттандыру қағидаларын өрескел бұзу…
-

Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісовтың төрағалығымен 2026 жылғы 17 шілдеде алдағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың мемлекеттік аудиті аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісовтың төрағалығымен 2026 жылғы 17 шілдеде алдағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың мемлекеттік аудиті аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді. Техникалық оқуға Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е.Ж. Саусқанов, мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы…
-

Ата-аналарға ұсыныс: Балаларды жабық көлікте қалдырмаңыз
Жаз мезгілінде күннің қатты ысуына байланысты жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Бұл әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты ТЖМ ата-аналар мен жүргізушілерге келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады: – балаларды автокөлікте қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа болса да;– көліктен шығарда баланың өзіңізбен бірге түскеніне…
-

Сырдария ауданында мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде
Мәдениет – ұлттың рухани келбетін айқындайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамның бірлігін нығайтатын маңызды сала. Сырдария ауданында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени өмірді жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде.Бүгінде ауданның мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжырымдамасы аясында 140 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Үйірмелерге 1699 өнерпаз қатысып, шығармашылық…
-

Павлодар облысында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» акциясы басталады
2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Павлодар облысының аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға уақытылы көмек көрсетуге бағытталған «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» облыстық профилактикалық акциясы өткізіледі.Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін дер кезінде анықтауға, зардап шеккендерді қорғауды қамтамасыз етуге, кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ!
Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс XXXІХ сессиясының КҮН ТӘРТІБІ Талдықорған қаласы 22 шілде 2026 жыл Сағат…
-

«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: Ертіс өңірінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мыңға жуық дерегін анықтады
Павлодар облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жолдағы жағдайға күшейтілген бақылау жүргізіп, Жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерінің жолын кесті.Жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесінде жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 2733 дерегі анықталды. Оның ішінде 1130 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 465 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған, тағы 255 жүргізуші техникалық жай-күйі…
-

ХАБАРЛАНДЫРУ!
📌КҮН ТӘРТІБІНДЕ: 1. Жетісу облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы.2. Жетісу облысы бойынша 2026 жылға жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1260427?lang=ru
-

СУР-2.0: ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН АЛЫП, МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН АРТТЫРАДЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық ұйымдардың жұмысын бақылаудың заманауи цифрлық жүйелерін енгізуді жалғастыруда. Соның бірі – СУР-2.0. Бұл жүйе ықтимал тәуекелдерді ерте анықтап, заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. СУР-2.0 мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді автоматты түрде талдайды. Жүйе медициналық ұйымдардың жұмысын бағалап, қай бағыттарға ерекше назар аудару қажет екенін…
-

eQonaq жүйесімен жұмыс істейтін жауапты қызметкерлердің назарына!
eQonaq жүйесіне мәліметтерді уақтылы әрі дұрыс енгізуге ерекше назар аударуды сұраймыз. Енгізілген ақпараттың сапасы мен өзектілігіне: – заңнама талаптарының сақталуы;– есептіліктің дұрыстығы;– қонақтарды бақылау және есепке алу тиімділігі байланысты. Жүйеге енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тұрақты түрде тексеріп, қателіктерге жол бермеуді және барлық операциялардың уақтылы рәсімделуін қамтамасыз етуді сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-kasipkerlik/press/news/details/1260429?lang=ru
-

Қарағанды облысы белсенді саяхатқа арналған көптеген мүмкіндіктерді ұсынады
Демалыс әсем табиғат көріністерімен ғана емес, жаңа әсерлерімен де есте қалады. Қарағанды облысы белсенді саяхатқа арналған көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. – Қарқаралы ұлттық табиғи паркіКөркем тау соқпақтары, қылқан жапырақты ормандар, көлдер мен табиғаттың ерекше көрікті жерлері жаяу серуендеуге, треккингке және табиғат аясында демалуға өте қолайлы. – Балқаш көліЖағажайдағы демалыс, балық аулау, судағы ойын-сауық және ерекше күн…
-

ТЕҢІЗ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ДУМАН ШАРДАРА ЖАҒАЛАУЫН ӘН МЕН КӨҢІЛ-КҮЙГЕ БӨЛЕДІ
Бүгін Шардара су қоймасы жағалауындағы NURDELUX демалыс аймағында туристік маусым аясында ұйымдастырылған «Теңіз жағасындағы думан» атты мерекелік ән кеші жоғары деңгейде өтті. Шараны Шардара ауданының Қ. Тұрысбеков ауылдық округі мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырып, демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен әсем әннен шашу шашты. Кеш барысында жүргізушілер Шардараның көркем табиғаты, мөлдір жағажайы, саф ауасы мен қонақжайлығы жайында әсерлі…
-

Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджеттен бөлінетін білім беру гранттарын тағайындау бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті облыс тұрғындары, талапкерлер! Жергілікті бюджет есебінен 2026-2027 оқу жылына конкурстық негізде жоғары білім алуға бакалавр (интернатура) мамандықтарына білім беру грантттары тағайындалды. Конкурс екі кезеңде өткізіледі: 1-кезең: Тиісті құжаттарды тапсыру – ағымдағы жылғы 5-10 тамыз…
-

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі. Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-kaynarbulak/press/news/details/1260396?lang=ru
