Автор: admin
-

🔹️ ҰСТАЗ – ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ
⚜️Мәртөк ауданында Ұстаздар күніне орай білім саласы қызметкерлеріне арналған мерекелік шара өтті. 🔸Шара аясында ұстаздардың кәсіби ізденісі мен заманауи білім беру бағытындағы жетістіктерін танытқан «Ұстаз – жаңашылдықтың жаршысы» атты көрме ұйымдастырылды. ▫️Көрмеге барлығы 20 жоба ұсынылды. Оның ішінде 10 ғылыми жоба, 5 робототехника жобасы және жасанды интеллект пен интерактивті технологияларға негізделген 5 жоба ұсынылды. 🔸Салтанатты…
-

Сандықтау ауданы әкімінің Қазақстанның Кәсіптік одақтар күнімен құттықтауы
Құрметті кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен кәсіподақ қозғалысының ардагерлері! Сіздерді Қазақстанның кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кәсіподақтар қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауда, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және әлеуметтік әріптестікті нығайтуға маңызды рөл атқарады. Жауапты еңбектеріңіз, белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және…
-

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ «Ақсуат ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-де 9–11-сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурстың мақсаты – оқушыларды зерттеу жұмыстарына тарту арқылы олардың ғылыми-зерттеушілік, интеллектуалдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылықтарын арттыру. Конкурс ережеге сәйкес 2 бағыт бойынша 16…
-

Алматы көшелеріндегі қылмыс деңгейі төмендеді
Алматы қаласы Полиция департаментінде 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстардың нәтижелері талқыланып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Жыл басынан бері Алматыда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 10,4%-ға азайған. Ал қала көшелерінде жасалған қылмыстар саны…
-

Көлік вице-министрі Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту барысымен танысты
Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, жобаның іске асырылу қарқынын тексерді. Жұмыс сапары барысында мердігер ұйымның өкілдері құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы, бекітілген кестенің сақталуы және қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Жаңғыртылып жатқан нысанның жалпы ауданы 8 409 шаршы метрді…
-

Баршаға ортақ футбол: Қарағанды облысында ойыншылар даярлаудың бірыңғай жүйесі қалыптасуда
Қарағанды облысында 40 мыңнан астам адам футболмен айналысады. Өңірде бұл спорт түрін бұқаралық сипатқа айналдыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр, соңғы бір жылда қандай нәтижелерге қол жеткізілді және алдағы уақытта қандай міндеттерді жүзеге асыру көзделген – бұл мәселелер Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының (QOFA) 25 жылдығына арналған конференцияда талқыланды. Өткен жылдың басты жетістігі – өңірде футболды…
-

Ас үй немқұрайлылықты кешірмейді: бір минут өртке айналуы мүмкін
Бір минутта не болуы мүмкін деп ойлайсыз? Табаны плитаның үстінде қалдырып, телефонға жауап беру үшін шығып кету немесе жай ғана бір сәтке алаңдау. Алайда кейде әдеттегі тамақ дайындаудың өртке айналуы үшін дәл осы уақыттың өзі жеткілікті. Өсімдік майы ерекше қауіпті. Қатты қызған кезде ол тұтануы мүмкін. Мұндай жағдайда ең бастысы отты су құю…
-

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Аризона университеті ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Аризона университеті (ASU) ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеп жатыр. Құжат аясында қазақстандық мамандарға арналған бірлескен семинарлар, оқу курстары мен тағылымдамалар ұйымдастыру, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, гидрологиялық модельдерді әзірлеу және бейімдеу, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру көзделген. Еске салайық, биыл Су ресурстары және…
-

Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезектіен тыс LXVIII сессиясы өтті.
Бүгін Шарбақты аудандық мәслихатының кезектіен тыс LXVIII сессиясы өтті. Сессияда мәселелер қаралды: 1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 – 2028 жылдарға арналған Шарбақты аудандық бюджеті туралы» № 154/52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 2. Шарбақты аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026 –…
-

Түркістан облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы тағайындалды
Түркістан облысы ТЖД бұйрығымен азаматтық қорғау подполковнигі Темур Бекжігітұлы Ыбрахим Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Бұрын дейін осы Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары лауазымында қызметін атқарған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1308772?lang=ru
-

«Тегін заң көмегі күні» акциясы өткізілді
2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының және облыстың заң қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Тегін заң көмегі күні» акциясын өткізді.Акция барысында азаматтарға құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, отбасы және мұрагерлік құқық, тұрғын үй қатынастары, алимент өндіру, атқарушылық іс жүргізу,…
-

«Көршілер бақылауы» чаты Жедел басқару орталығының жұмысына қосылды
Telegram желісіндегі «Көршілер бақылауы» чатына түскен тұрғындардың хабарламалары мен өтініштерін енді Жедел басқару орталығының инспекторлары бақылап, тиісті полиция қызметкерлеріне жолдайды. Бұл тұрғындардан келіп түскен ақпаратты жедел жеткізіп, әрекет етуді ұйымдастыруға бағытталған. Инспекторлар чаттағы хабарламаларды қарап, оқиғаның сипатына қарай оларды тиісті қызметкерлерге шара қабылдау үшін жібереді. Осылайша, тұрғындар мен полиция арасындағы ақпарат алмасуға Жедел басқару орталығы…
-

«Altay» телеарнасында сұхбат
2026 жылғы 9 қазанда «Altay» телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының орынбасарының м.а. Ф.Слямованың қатысуымен Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және нотариаттық қызмет салаларындағы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістерге арналған сюжеті көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1308775?lang=ru
-

Қазақстандағы кәсіподақтар қатарында 2,9 миллионға жуық жұмысшы бар
Елімізде 2,9 миллионға жуық мүшесі бар 530 кәсіподақ ұйымы қызмет етеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек заңнамасын жетілдіру, ұжымдық шарттар жүйесін дамыту және жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. 10 қазанда елімізде Кәсіподақтар күні атап өтіледі. Кәсіподақ ұйымдарының құрамына республикалық деңгейдегі 4 кәсіподақ бірлестігі, салалық 54…
-

Астанада еңбек және әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған сараптамалық форум өтті
Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ ұйымдастырған сараптамалық форум өтті. Іс-шара барысында қатысушылар азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады. Форумға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің,…
