Автор: admin
-

Құрметті Жітіқара қаласы мен Жітіқара ауданының тұрғындары!
«Жітіқара ауданы әкімінің аппараты» ММ ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын орындау аясында 2026 жылғы 26 маусымда сағат 17:00-де Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, (үлкен зал) мекенжайында орналасқан аудандық Мәдениет сарайының ғимаратында Жітіқара ауданының әкімі А.А. Жаныспаевтың халықпен есептік кездесуі өтетіндігін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1246127?lang=ru
-

Қарулы күштердің әскери қызметшілері Солтүстік Американың ең биік шыңына Қазақстан туын тікті
Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің Тау дайындығы орталығының альпинистер тобы Солтүстік Американың ең биік шыңы – Деналиді бағындырды. 6190 метр биіктікте әскери қызметшілер салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Арнайы операциялар күштерінің туын көтерді. Сәтті аяқталған экспедиция қазақстандық әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығын, төзімділігі мен рух күшін айқын көрсетті. Солтүстік Американың ең биік…
-

қызмет алушылармен жұмыс жүргізді
Жамбыл ауылдық округінде ауылдық округтің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша қызмет алушылармен жұмыс жүргізді Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand-zhambyl/press/news/details/1246111?lang=ru
-

Қызметкерлерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
Бүгін «Құрмет» грамотасына ие болған әріптестерімізді — Еркебұлан Сағатбек және Жұмат Қалекеевті шын жүректен құттықтаймыз. Бұл марапат — кәсібиліктің, ынталы еңбектің және өз ісіне адалдықтың жоғары бағасы, ол мемлекеттік қызметке деген халық сенімін нығайтады.Адалдықтарыңыз, біліктіліктеріңіз және жұмысқа деген жауапкершіліктеріңіз үшін рақмет!Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1246112?lang=ru
-

Әкімшілік басқарма қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да ұстануға тиіс мінез-құлықтың негізгі стандарттарын айқындайды. Мемлекеттік қызметшінің қызметі заңдылық, адалдық, әділдік, кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық қағидаттарына негізделеді. Сонымен қатар азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау және мүдделер…
-

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛЫП, САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРІЛДІ
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы Қаратөбе ауылдық округінен арнайы келген тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындарды толғандырған жер мәселесі талқыланды. Азаматтар өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндірмелер беріліп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер назарға алынып, оларды шешу мақсатында…
-

Қазақстандық жас математиктер Балқан олимпиадасында әлемнің үздік бестігіне енді
Қазақстанның жас математиктері халықаралық білім додасында тағы бір мәрте ел абыройын асқақтатты. Румынияның Бузэу қаласында өткен Жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында (Junior Balkan Mathematical Olympiad, JBMO) ұлттық құрама жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің ең мықты командаларының қатарынан көрінді. 2026 жылғы 15-20 маусым аралығында ұйымдастырылған беделді жарысқа 23 мемлекеттен 140-қа жуық дарынды оқушы қатысты. Қазақстан құрамасының сапында…
-

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарды құқықтық ақпараттандыру жұмыстар жүргізілуде
Жданов ауылдық округінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарды құқықтық ақпараттандыру мақсатында ҮЕҰ, РКА, РНП, РКЮК, РПЧСИ өкілдері мен ерікті заңгерлердің қатысуымен жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстар аясында құқықтық мәселелер бойынша әңгімелесулер, дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, азаматтарды жеке қабылдау және кеңес беру іс-шаралары өткізілді. Тұрғындарға қолданыстағы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, азаматтардың құқықтары мен…
-

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкер әйелдерінің назарына!
Орталық Азиядағы әйелдер көшбасшылығының ең ірі алаңы-BEWOMAN халықаралық форумын ұйымдастырушылар HR Capital компаниясымен бірлесіп Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі гранттық бағдарламаны іске асыруда. Бағдарлама басқару жүйесін құруға, команданы қалыптастыруға және масштабтауға бағытталған жұмыс істеп тұрған иелер мен бизнес үшін практикалық оқыту – «иесінің қуатын күшейткіш» курсынан тегін өтуге 15 грант беруді көздейді. Бұл HR capital…
-

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Қазақстандағы Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті. Кездесу барысында тараптар білім беру, балалар мен жастарды қолдау салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. БҰҰДБ мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді қолдау шараларының тиімділігін бағалау бойынша талдамалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде ваучерлік қаржыландыру тетіктерін талдау…
-

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз ету, егістік алқаптарға ағын су жеткізу мақсатында Қошқарата каналын жөндеу, тұрғын үй кезегі және мешіт құрылысына жер бөлу мәселелерін көтерді. Көтерілген әрбір мәселе бойынша тұрғындарға заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті жауаптар берілді. Сонымен…
-

«Жаз – 2026»: балалардың пайдалы демалысы мен дамуына бағытталған маусым
Железин ауданында 2026 жылғы «Жаз – 2026» жобасы аясында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Алғашқы маусым қорытындысы бойынша аудан оқушыларының 95,6 пайызы түрлі демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Аудандағы 1943 оқушының 1858-і жазғы іс-шараларға қатысып, пайдалы әрі мазмұнды демалыс өткізді. Балалардың қауіпсіздігі, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамуы басты назарда болды.…
-

БЖЗҚ Қордың цифрлық сервистері және алаяқтардан қорғау тақырыбында «Ашық есік күніне» шақырады
2026 жылғы 26 маусымда БЖЗҚ ««БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау» тақырыбында «Ашық есік күнін» онлайн форматта өткізеді. Іс-шараның мақсаты – салымшылар мен алушыларды БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстыру, сондай-ақ Қор қызметтерін қауіпсіз түрде алу және алаяқтар мен жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау туралы ақпараттандыруды арттыру. Кездесу барысында…
-

Орал қаласында «Экосоқпақ» облыстық жас экологтар мен натуралистер слеті өтуде.
Слетке Ақжайық, Бөрлі, Казталов, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласынан келген 8–10 сынып оқушылары қатысуда. Жас зерттеушілер флористика, энтомология және картография бағыттары бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін сынап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қатысушылар өсімдіктер мен жәндіктер әлемін зерттеп, картамен жұмыс жасау, бағдарлау және табиғи нысандарды картаға түсіру дағдыларын жетілдіруде. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін…
-

Қауіпсіз әрі мазмұнды жаз: Ертіс ауданындағы лагерьлер жұмысы
Ертіс ауданында мектеп жанындағы және бейіндік жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы өз жұмысын сәтті аяқтады. Жазғы сауықтыру кезеңінің алғашқы кезеңінде 1713 оқушының демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды. Оның ішінде 25 мектеп жанындағы лагерьде 801 бала демалса, бейіндік лагерьлерге 912 оқушы қамтылды. Балалардың демалысын мазмұнды өткізу, денсаулығын нығайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында түрлі…
