Автор: admin
-

Астанада өткен экологиялық саммитте Маңғыстау облысы өңірдің экотуризм әлеуетін таныстырды
22-24 сәуір аралығында Астана қаласында өтіп жатқан «Өңірлік экологиялық саммит – 2026» аясында Маңғыстау облысы өз әлеуетін таныстырды. Ауқымды халықаралық іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылып, Орталық Азия елдері арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Саммиттің басты мақсаты – экожүйелерді сақтау, су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ өңірдің биоалуантүрлілігін қорғау бағытында бірлескен шешімдер қабылдау.…
-

Қазақстан мен Франция атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Астанада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов пен франциялық Орано Майнинг компаниясының бас атқарушы директоры Ксавье Сан Мартан Тийе (ORANO Group) арасында кездесу өтті. Аталған отырысқа «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері де қатысты. Кездесу қатысушылары 1996 жылы құрылған КАТКО бірлескен кәсіпорны уран өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жетекші үлгісі екенін атап өтті. Сонымен…
-

ҚАЛА КӨРКІ МЕН ЖАЙЛЫЛЫҒЫ: ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ҮЙДІҢ АУЛАСЫНДАҒЫ БІР КҮН
Шымкент қаласында абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жүйелі жалғасуда. Бұл ретте көп қабатты үйлерді басқарып, аулаларын көріктендіріп отырған үй басқарушылардың жұмысы қоғамда аса маңызды саналады. Мысалы, Әл-Фараби ауданы Рашидов көшесіндегі №25 үйдің ауласы қаладағы ең көрікті ауланың бірінен саналады. Басқарушының жетекшілігімен бұл аула тазалығы, көгалдандырылуы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалғанымен ерекшеленді. Бұл…
-

Сыр өңірінде егін алқабына алғашқы дән себілді
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылға жұмыс сапарымен барып, егін алқабына алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.Аймақ басшысы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және ардагерлермен бірге алғашқы дәнді сеуіп, қамбаның астыққа толуына, мол өнім жиналып, шаруалар еңбегінің ақталуына тілектестігін білдірді. Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыштар,өсімдік қорғау құралдары және озық техникалар…
-

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары! 23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күндерінің салтанатты жабылу іс-шарасының өтетін орны өзгерген хабарлаймыз. Өтетін орны: Қызғалдақ сарайы, Уақыты: 23 сәуір, 11:00-де. Баршаңызды кітап мерекесіне шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1206532?lang=kk
-

Энергетика министрі РЭС-2026 «жасыл» технологиялар көрмесіне барды
Астана — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов РЭС-2026 халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесіне қатысты. Көрмеде Орталық Азия елдерінің ұлттық павильондары ұсынылған. Ведомство басшысы көрмені аралау барысында жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және төмен көміртекті технологиялар саласындағы заманауи шешімдермен танысты. Бұл шешімдер өңірдің жетекші компаниялары мен халықаралық серіктестері тарапынан ұсынылды. Көрме Орталық Азиядағы орнықты энергетикалық даму мен «жасыл»…
-

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Білім саласында сапасы қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Білім саласында сапасы қамтамасыз ету департаментінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында Екібастұз қаласындағы мектептердің бірінің, ата-аналарының ұжымдық өтініші негізінде түскен мәселе қаралды.. Жағдайға қатысты түсініктеме беру үшін отырысқа мектеп директоры мен педагог шақырылды. Қарау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының білім беру бөліміне мектеп директорына қатысты, ал мектепке — педагогке…
-

Туристер арасында ең танымал бағыттар — Балқаш және Қарқаралы курорттық аймақтары
Жаз мезгілі жақындап келеді, демек туристік маусым да басталғалы тұр. Туристер арасында ең танымал бағыттар — Балқаш және Қарқаралы курорттық аймақтары. Демалыстың қауіпсіздігіне, жайлылығы мен қолайлылығына ерекше назар аударылады. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында:— Балқаш әуежайын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Астана–Балқаш және Алматы–Балқаш рейстері іске қосылуда;— әуе қатынасын кеңейту жоспарлануда;— Қарағанды–Балқаш пойызы іске қосылуда;— Қарқаралы бағытын…
-

ШҚО-да ІІМ Кубогына арналған хоккей турнирі: Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы қатысуда
Шығыс Қазақстан облысында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогына арналған республикалық турнир өз бастауын алды. Ауқымды спорттық додаға еліміздің әр өңірінен келген ведомстволық командалармен қатар, ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің құрамасы да қатысуда. Аталған турнир қызметтік-қолданбалы спортты дамытуға, полиция қызметкерлерінің дене даярлығын арттыруға және командалық бірлікті нығайтуға бағытталған. Жарыстың ашылу рәсімі Борис…
-

Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында білім беру ұйымының қайта аттестаттаудан өту мәселесі қаралды. Өтініш берушіге рәсімнің негізгі кезеңдері, нормативтік құжаттардың талаптары түсіндіріліп, қайта аттестаттауға дайындалу және оны сәтті өту бойынша ұсыныстар берілді. Қайта аттестаттау білім беру ұйымдарының қызметін бағалаудың маңызды құралы екені және белгіленген сапа стандарттарына сәйкестікті…
-

Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде. Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу…
-

Маңғыстау облысында студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кездесу өтті
Маңғыстау облысындағы «Болашақ» колледжінде студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кездесу-жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы маңызы, заң талаптарын сақтау, есірткі құралдарының зияны, интернет алаяқтықтан қорғану жолдары, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары және жеке қауіпсіздік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты мысалдар келтіріліп, тәжірибелік…
-

«Айқын нәтиже» жобасы аясында мектепте жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйесі енгізілді
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Махмутов Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Жанбыбекұлының «Айқын нәтиже» жобасы аясында өткізген жиналысына қатысты. Жоба аясында Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округіндегі №12 жалпы білім беретін мектепке жасанды интеллект технологияларын қолданатын пилоттық бейнебақылау жүйесі орнатылды. Меморандумның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылды.…
-

Жауапкершілік пен жол қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Жаңаөзен қаласындағы №22 жалпы білім беретін мектепте оқушылар арасында жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға арналған сайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға 5 команда қатысып, олар 8 түрлі кезең бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, төтенше жағдайларда әрекет ету қабілетін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын және командалық жұмысын көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар жол белгілерін…
-

Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Білім саласында сапасын қамтамасыз ету департаментінде басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында жалпы білім беретін мектептердің бірінің мемлекеттік аттестаттауынан өту мәселесі қаралды. Өтініш берушіге рәсімнен өту тәртібі, қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ ескертулерді жою бойынша түсіндірмелер берілді. Мұндай кездесулер халықпен ашық қарым-қатынас орнатуға, білім беру сапасын бақылау рәсімдерінің ашықтығын арттыруға және білім беру ұйымдарына көмек…
