Автор: admin
-

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ілгерілету аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті
Қоғамның орнықты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі тұрақты өмір сүруі ең алдымен заң үстемдігіне, қоғамдық тәртіптің сақталуына және әрбір азаматтың жауапкершілік ұстанымына тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі белсенді жастар – әділетті қоғамның басты тірегі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ілгерілету аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы ұйымдастырылды. Аталған форум жастар…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА
Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеретін ірі жоба жүзеге асырылуда. Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Turkestan Agro.kz ЖШС базасында қолға алынған кешен толық қуатына шыққанда өңірдегі ең ірі өндірістік алаңдардың біріне айналмақ. Қазірдің өзінде мега-фермада 30 мыңға жуық мал бордақылануда. “Ақылды” ферма…
-

Хантау ауылдық округінде тұрғындармен ашық кездесу өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мен халық арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде шешу мақсатында аудан әкімдерінің елді мекендерге барып, тұрғындармен тұрақты кездесулері жалғасуда. Осы орайда Мойынқұм ауданының әкімі Ермек Карентаев Хантау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Кездесуге ауыл тұрғындары, сала мамандары…
-

Орта дәлізді дамыту Қазақстан мен Словения келіссөздерінің фокусында
Любляна, 2026 жылғы 23 сәуір – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Инфрақұрылым министрлігінің Авиация және теңіз көлігі дирекциясының Бас директоры Томаж Печникпен кездесіп, көлік, логистика және транзит саласындағы Қазақстан-Словения ынтымақтастығын дамыту перспективаларын талқылады. А.Әбибуллаев көлік инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екенін, теміржол, автомобиль, порт және авиация инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруды…
-

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау
Вице-министр Ерлан Ақбаровтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, бизнес, ұйымдар және жер қойнауын пайдаланушылар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы аясында алғашқы кеңес өткізілді. Кеңес ұлттық компаниялардың көмірсутек саласындағы мұнай-газ жобаларында ел ішіндегі құндылықты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналды.Вице-министр өз баяндамасында жергілікті қамтуды ұлғайту және отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ел ішіндегі құндылықты дамытудың…
-

Қазақстан мен Халықаралық электрбайланыс одағы цифрлық серіктестікті нығайтуда
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде маңызды кездесу өтті. Вице-министр Досжан Мұсалиев пен Халықаралық электрбайланыс одағы (ХЭО) Бас хатшысының орынбасары Томас Ламанаускас 2026 жылы өтетін ХЭО-ның Өкілетті конференциясына (PP–26) дайындық барысын талқылады. Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясындағы жобаларды жүзеге асыру болды. Досжан…
-

«Адал полицей»: Қарағандыдағы зияткерлік сайыс үздіктерді анықтады
«Адал полицей»: Қарағандыдағы зияткерлік сайыс үздіктерді анықтады. Қарағандыда «Адал полицей» атты зияткерлік ойынның ауқымды онлайн-турнирі өтті. Бұл додаға Қазақстанның әр өңірінен жиналған командалар қатысты. Астана қаласының, Қарағанды, Ұлытау облыстарының және көліктегі полиция департаменттерінің өкілдері білімдері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп, ең адал полицейлер атағы үшін тартысты бәсекеге түсті. Төрт кезеңнен тұрған турнир қатысушылардан құқықтық тәртіп…
-

Атырау облысында прокурорлар 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді
Жылыой ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау және жұмсау дерегінің жолын кесті. Аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған. Алайда, қадағалау органы әкімдік сатып алуды жоспарлаған нысанның тозығы жеткен күйде екеніне назар аударды. Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы…
-

Елордада «Astana Eurasian Book Fair-2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр
Елордада «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Астанадағы көрме-жәрмеңке «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен елорда әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Биыл «Astana Eurasian Book Fair-2026» алаңында 80-ге жуық қатысушы жиналды – ғылыми-білім беру…
-

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында газ құбыры жаңғыртылады
Алматыда 23 сәуірден бастап орташа қысымды газ құбырын қайта жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады. Бұл туралы «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалының өкілдері хабарлады. Жұмыстар әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жүргізіледі. Жоба аясында көшенің астымен тесу әдісі арқылы өткел жасалып, кейіннен газ құбыры төселеді. Барлық жұмыс тротуар бөлігінде жүргізіліп, әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысына әсер…
-

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді
Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Alatau Creative Hub орталығында мәдениеттің жаршысына айналған айтулы қос мереке – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты іс-шара өтті. Сала мамандары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан бұл жиын кітапхана ісінің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін айқындай түсті. Алқалы жиынға Алматы қаласы Мәдениет…
-

Облыстық мәслихатының депутаты Б.Нүрпеисов пен аудандық мәслихатының депутаты Ж.Қ.Тұрабаев сайлаушылардың алдында есеп берді
2026 жылғы 22-ші сәуір күні облыстық мәслихатының депутаты Б.Нүрпеисов және аудандық мәслихатының депутаты Ж.Тұрабаев Құйған ауылының тұрғындарымен кездесіп, аудандық мәслихатының депутаты Жайлаухан Қозыханұлы өзінің жылдық есебін ұсынды. Кездесуге Құйған ауылдық округінің әкімі,Құйған ауылдық округінің полиция қызметкері қатысты. Жайлаухан Қозыханұлы Құйған округіндегі 2025 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар, қатысқан іс-шаралар туралы, жеке қабылдаулар барысында түскен сұрақтар бойынша,…
-

ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Бүгін Отырар ауданында орналасқан Дәуренбек Құрманбек атындағы кәсіптік колледжінде «Есірткісіз болашақ үшін» тақырыбымен жиын өтті. Есірткіге қарсы профилактикалық бағыттағы маңызды кездесуге Отырар ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы Қайрат Тұрғынбаев, Отырар ауданының басимамы Бақыт Әбусейтов, аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Нұрлан Төлегенов және есірткі қылмысы үшін жазасын пробациялық есепте өтеуші азамат арнайы қатысты. Жиынның маңызы тоқталған…
-

Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
– Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар…
-

Жасанды интеллект – білім берудің жаңа тынысы
Ақтоғай ауданы мектептерінде білім беру үдерісін цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл бастамалар заманауи білім беру талаптарына сай оқыту сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға жол ашуда. Сонымен қатар жас педагогтарды қолдау мен олардың тәжірибесін шыңдау да назардан тыс қалмай, олар білім беру үдерісіне белсенді тартылып келеді.…
