Автор: admin
-

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларын іске асыруға ниеті мен дайындығы бар мүдделі инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға және бастамаларды жан-жақты пысықтауға дайын екендігін хабарлайды
Баспасөз релизі 2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын (бұдан әрі – ҚЭКЖ) салу бойынша инвестициялар туралы келісімдер (бұдан әрі – ИТК) жасалды. Аталған келісімдер шеңберінде электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 55 теңгеден аспайтын тариф көзделген. ҚЭКЖ тетігін енгізудің негізгі мақсаты – қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру, қалдықтарды көму…
-

Президенттің экономиканы нығайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте автокөлік өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралуда
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысында отандық автокөлік жасау саласының қазіргі жағдайы мен келешектегі даму перспективалары қаралды. «Мемлекет басшысы Үкіметке елімізді орнықты дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастырып, ұлттық экономика құрылымын нығайтуды тапсырды. Биыл маусым айында машина жасау және көлік мәселелері бойынша заңнамаларға тиісті түзетулер енгізілді. Бұл өзгерістер отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және…
-

Тау-кен өнеркәсібін дамыту жобалары қаралды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Liaoning Hongda Group» директорлар кеңесінің төрағасы Тан Цзюганды және аталған компанияның өкілдерін қабылдады.Кездесуде облыс әкімі компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалап, Жаңақорған ауданында іске асырылатын жалпы құны 1,3 млрд АҚШ доллар болатын қорғасын-мырыш тау-кен байыту кешендері жобасының өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті.Жоба аясында…
-

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты
2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 25,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28% артық. Өндіріс көлемі 5,6 мың тоннаға өсті. 2026 жылғы қаңтар-мамыр аралығында қазақстандық өндірушілер шетел нарығына шамамен 0,9 мың тонна ірімшік пен сүзбе экспорттады. Отандық өнім Ресейде, Қырғызстанда және Арменияда тұрақты сұранысқа ие. Сонымен қатар…
-

📢 ТАЗАЛЫҚ – ӘРКІМНІҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ!
Құрметті ауыл тұрғындары! Таза әрі көрікті елді мекен – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі өзімізден басталады. Тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға шақырамыз:✅ аулалар мен көшелерді таза ұстауға;✅ тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға;✅ қоғамдық орындарды ластамауға;✅ жасыл желектерді қорғауға және табиғатты аялауға;✅ қоршауларды, ғимараттардың қасбеттерін және аумақтарды күтіп ұстауға. 🌿 Экологиялық мәдениет – табиғатқа…
-

📌 Бөлім басшысы кезекті аппараттық кеңес өткізді
Бөлім басшысының төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтіп, онда ағымдағы жұмыстың негізгі бағыттары қаралды. ♨️ Жылыту маусымына дайындық Көппәтерлі тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жауапты мамандарға дайындық жұмыстарынан өткен көппәтерлі тұрғын үйлердің өзекті тізілімін әзірлеу, сондай-ақ дайындық паспорттарын уақытылы алу үшін қажетті жұмыстардың аяқталуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. ⚖️…
-

«NEXT URPAQ» жастар лагері
200 жас көшбасшы, екі үшкүндік лек және ондаған жаңа мүмкіндік – Қарағанды облысында «NEXT URPAQ» жастар лагері өз мәресіне жетті. 2026 жылғы 9-14 шілде аралығында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «NEXT URPAQ» жастар лагері өтті. Лагерь екі үшкүндік лек форматында ұйымдастырылып, облыстың түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық белсенді жастың басын қосты. Қатысушылар үшін…
-

Дәрі-дәрмек -ойыншық емес!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-volchan/press/news/details/1260959?lang=ru
-

«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында бүгін Свердловка ауылындағы ғибадатхана аумағында шөп шабу жұмыстары басталды.
«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында бүгін Свердловка ауылындағы ғибадатхана аумағында шөп шабу жұмыстары басталды. Жұмыстарды «Колос»-фирма ЖШС-нің қызметкерлері жүргізуде. Аумақты абаттандыру, тазалықты сақтау және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Таза әрі көрікті ауыл – барлығымыздың ортақ міндетіміз! #ТазаҚазақстан #Свердловка #Абаттандыру #Тазалық #КолосФирма Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-sverdlov/press/news/details/1260948?lang=ru
-

Қарағанды облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесінің ұйымдастыруымен сот жүйесі қызметкерлерімен көшпелі кездесу өтті
Қарағанды облыстық сотында Жоғары Сот Кеңесінің ұйымдастыруымен сот жүйесі қызметкерлерімен көшпелі кездесу өтті Аталған форматтағы іс-шаралар Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңында көзделген Кеңес мүшелерінің өкілеттіктері аясында өткізіледі және судьялар корпусын қалыптастыру рәсімдерінің ашықтығын, жариялылығын әрі қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, облыстық және жергілікті…
-

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды
Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Күдіктілер Май ауданында ұсталды. Олардың автокөлігін тексеру барысында қылмысқа қатысты заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. – Арнайы операция нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі адам анықталды. Шығын көлемі 1 млн теңгеден асады. Аталған факті бойынша қылмыстық…
-

Лисаков қаласының әкімдігінде 2026 жылғы 25 мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды
Жария талқылау келесі мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша жүргізілді: «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ «Октябрь кенті әкімінің аппараты» ММ «Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ «Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ «Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,…
-

Ақтөбе халықаралық пара үстел теннисі додасын қабылдайды
2026 жылғы 25–28 шілде аралығында Ақтөбе қаласында ITTF World Para Future Aktobe 2026 халықаралық турнирі өтеді. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) ресми күнтізбесіне енген додаға әлемнің 23 елінен 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл – Қазақстанда пара үстел теннисі бойынша үшінші рет ұйымдастырылатын халықаралық деңгейдегі жарыс. Турнир 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына және…
-

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – әрқайсымыздан басталады
Адалдық – әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің берік негізі.Өз міндетін адал әрі жауапкершілікпен атқаратын мемлекеттік қызметші – халыққа қызмет етіп, азаматтардың сенімін нығайтады.Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес. Әрбір азамат заңды сақтап, адал өмір сүріп, кез келген заңсыз әрекеттен бас тарту арқылы еліміздің жарқын болашағына өз үлесін қосады.Біз тек…
-

САНЖАР – ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
Иорданияның Амман қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додада қарқаралылық балуан Санжар Ерұланұлы барлық қарсыластарынан айқын басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Жерлесімізді жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбек пен табанды дайындықтың жемісі. Санжарға алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1260946?lang=ru
