Автор: admin
-

Мемлекет басшысы жаңа Конституция – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры және орнықты дамудың берік кепілі екеніне назар аударды
Негізгі құжатта еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігін қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, Заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту басты қағидаттар ретінде бекітілді. Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны және адам капиталын дамыту стратегиялық бағыт деп танылды. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға, жасампаз отаншылдық пен еңбексүйгіштік идеясын дәріптеуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға…
-

Халыққа арналған Қазақстан Республикасында теміржол өткелдері арқылы өту ережелері туралы ақпарат
Темiр жол өткелi қауiптiлiгi жоғары аймақ болып табылады. Жүргізушілер жол белгілерінің, бағдаршам сигнализациясының, шлагбаумның және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауларының талаптарын сақтауға, сондай-ақ жақындап келе жатқан поездың жоқтығына көз жеткізуге міндетті. Теміржол өтпелерінен өтудің негізгі ежелелері Жүргiзушiлерге темiр жолдарды поезға жол бере отырып, тек арнайы жабдықталған темiр жол өткелдерi арқылы кесiп өтуге рұқсат етiледi. Төмендегі…
-

Бүгін Сандықтау ауданында мемлекеттік органдар арасында жыл сайын өткізілетін олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті.
Бүгін Сандықтау ауданында мемлекеттік органдар арасында жыл сайын өткізілетін олимпиаданың салтанатты ашылуы өтті. Спорттық шара ауданның мемлекеттік мекемелерінің өкілдерін біріктіріп, олар түрлі спорт түрлерінен сынға түседі. Қатысушылар өздерінің дене дайындығын ғана емес, сондай-ақ командалық рухын, мақсаткерлігін және жеңіске деген жігерін көрсететін болады.Олимпиаданың ашылуы салауатты өмір салтын насихаттаудың, корпоративтік мәдениетті нығайтудың және мемлекеттік органдар ұжымдары арасындағы…
-

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты
Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі дайын болғаннан кейін пайдалануға болады. Қызмет тапсырыс рәсімделген елді мекен шегінде ғана көрсетіледі. Айта кетейік, егер тапсырыс сағат 17:00-ге дейін рәсімделсе, жеткізу сол күні жүзеге асырылады, ал 17:00-ден кейін рәсімделген жағдайда құжат келесі жұмыс күні жеткізіледі. «Бүгінде азаматтар үшін уақыт үнемдеу өте маңызды. Сондықтан біз мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі орталыққа бармай-ақ алуға мүмкіндік беретін сервистерді дамытып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы цифрлық экожүйені дамытудағы кезекті қадам болды және азаматтарға күнделікті істерінен қол үзбей, уақытын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекеттік корпорация Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев. Жеткізу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады: «ЦОН» мобильді қосымшасына кіріп, «Мамандандырылған ХҚКО» бөлімінен «Құжаттарды жеткізу» қызметін таңдаңыз; Жеткізу мекенжайын көрсетіп, өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз; Оферта шартымен танысып, келісіміңізді растаңыз және қызмет ақысын төлеңіз. Осыдан кейін қосымша арқылы жеткізу мәртебесін бақылап, курьер туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде көре аласыз. Айта кетейік,…
-

Жолбарыс батыр ауылдық округі тұрғындарының назарына!
Құрметті округ тұрғындары! Өтініш мәселесі бойынша қай органға жүгіну қажет? Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, өтініш мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес жолдануы тиіс. Егер өтініш құзыретіне кірмейтін органға жолданған жағдайда, ол тиісті мемлекеттік органға қайта жолданады. Бұл өз кезегінде өтінішті қарау мерзімінің ұзаруына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты, өтініш жолдамас бұрын мәселенің қай мемлекеттік органның құзыретіне…
-

«КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 мамырдағы Жарлығына сәйкес, округ әкімінің міндетін атқарушы А. Бақытов, ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Ілиясова Нәзира Жасаралқызына «Күміс алқа» табыстады. Бұл – жай ғана марапат емес, аналық мейірім мен ұрпақ тәрбиесіндегі зор жауапкершіліктің жоғары бағалануы. Нәзира Жасаралқызына зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aqirek/press/news/details/1248128?lang=ru
-

Діни мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған семинар-тренинг
2026 жылғы 24 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ өңірдің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелері үшін «Ақпараттық-түсіндіру жұмысындағы жалпы профилактиканың негізгі мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренинг аясында республикалық АТТ мүшесі Д.Б.Тойматаев ақпараттық-түсіндіру жұмысында жалпы профилактиканың негізгі мәселелері бойынша тренинг өткізді. Облыстық АТТ мүшесі…
-

Аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне қатысып, Лесной, Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.
Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Гүлнара Сергейқызы Мұстафина аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне қатысып, Лесной, Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.Кездесулер барысында ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қарастырылды.Округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдарды одан…
-

Ақтөбеде полицейлер есірткі сатумен айналысқан деген күдікке ілінген интернет-дүкеннің қызметін тоқтатты: есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері арнайы мақсаттағы бөлімшенің жауынгерлерін тарта отырып жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңір аумағында есірткі заттарын сатумен айналысқан деген күдікке ілінген 38 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады.Санкцияланған тінту барысында оның тұрғылықты жеріндегі қойма үй-жайынан екі ұңғылы аңшы мылтығы мен оған арналған оқ-дәрілер, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, револьвер, сондай-ақ Ф-1 гранатасы мен оқ-дәрілер…
-

🔊 Еңбек заңнамасы бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
⚜️ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында әйелдерге, жүкті жұмыскерлерге және отбасылық міндеттері бар адамдарға берілетін қосымша еңбек кепілдіктері мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары ҚР Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында өткізілді. 🔶 Кездесуді Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы жүргізіп, оған аудан және…
-

2026 жылы 24 маусымында Гүлқасима Сүйентаеваның төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті
Облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма бесінші сессиясында 16 мәселе қаралды. Жиынға облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі, 2026–2028…
-

Таза Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-diev/press/news/details/1248113?lang=ru
-

Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының басшысы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының өкілімен кездесті
Халықаралық волонтерлер форумы аясында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ерниязова Айсулу Алимжановна БҰҰ Еріктілер бағдарламасының ТМД елдері бойынша серіктестік жөніндегі маманы Нұрай Мамытовамен кездесті. Кездесу барысында волонтерлік қозғалысты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуын арттыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысында Нұрай Мамытова Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына Орталық Азиядағы…
-

Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқыс тастамау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығын сақтауға бағытталған ауқымды республикалық акция. Іс-шара барысында полицейлер саябақтарда, жағалауларда, аялдамаларда және…
-

Мемлекеттік корпорация мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервисті іске қосты
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы «ЦОН» мобильді қосымшасындағы цифрлық сервистер қатарын кеңейтуді жалғастыруда. Енді қызмет алушыларға дайын болған жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудың қажеті жоқ. Жеткізу қызметіне тапсырыс беру небәрі бірнеше минутты алады. Бұл сервисті құжат немесе мемлекеттік тіркеу…
