Автор: admin
-

Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Қаржы министрлігінің велошеруінде жүлделі орындарға ие болды
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұйымдастырған велошеруге қатысты. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына арналған спорттық іс-шара орталық аппараттың, комитеттердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырып, бірлік пен командалық рухтың, сондай-ақ ортақ мемлекеттік құндылықтарға адалдықтың жарқын көрінісіне айналды. Жарыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Әйелдер арасында Айгерім…
-

«Invest caravan»: Қостанай облысының прокуроры инвесторлармен ірі жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады
Инвесторлардың құқықтарын қорғау – Қостанай облысы прокуратурасы қызметінің басым бағыттарының бірі. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыра отырып, облыс прокуроры Марат Сексембаев «Invest caravan» форматы шеңберінде Қостанай қаласының индустриялық аймағына барып, ірі инвесторлар – «Kia» зауытының, «Тобыл» халықаралық көліктік-логистикалық кешенінің және жеңіл автомобильдерге арналған автокомпоненттер өндіру жөніндегі Локализациялық орталықтың өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды…
-

Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті
Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда жаңа Конституцияның күшіне енген күніне арналған «Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!» атты ауқымды концерт өтті. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени іс-шараның басты мақсаты – қазақстандық қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттау, Конституцияның ел өміріндегі маңызын кеңінен дәріптеу, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Open-air…
-

Степногорск қаласында полиция қызметкері жоғалған 13 жасар қызды түні бойы іздеп тапты
30 маусым күні кешке Степногорск қаласының полициясына 13 жасар қыздың белгісіз бағытта жоғалып кеткені туралы дабыл келіп түсті. Мазасы кеткен ана қызының үйден кетіп, телефон қоңырауларына жауап бермей жатқанын айтты. Әйел полиция қызметкерлерінен баланы іздеуде көмек сұрады.Хабарламаны алған полицейлер дереу іздеу шараларына кірісті. Іздеу тобының құрамына учаскелік инспектор полиция лейтенанты Әділ Кутушев кірді. Қыздың анасымен…
-

Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Астана қаласы «Сарайшық» ауданы Әкімнің аппаратымен бірлесе Суши, роллдар, пицца, донер, шаурма және өзге де фаст-фуд өнімдерін дайындауды, өткізуді және жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілеріннің кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Астана қаласы Сарайшық ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Астана қаласы «Сарайшық» ауданы Әкімнің аппаратымен бірлесе Суши, роллдар, пицца, донер, шаурма және өзге де фаст-фуд өнімдерін дайындауды, өткізуді және жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілеріннің кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстар аясында келесі мәселелер түсіндірілді: 1) Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін…
-

Ақмола полицейлері азаматтарды жазғы демалыс кезінде тұрғын үйді ұрлықтан қорғауға шақырады
Ақмола облысында 1,4 миллион теңгенің пәтер ұрлығы тіркелді.30 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел ауылындағы жеке үйден ұрлық жасалғаны туралы өтініш түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ағымдағы жылдың 23-24 маусымында қаскөй үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, үйге заңсыз кіріп, алтын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізуге дереу кірісті.…
-

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ресми түрде күшіне енді.
Осыған орай, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында жаңа Ата Заңның мәні мен маңызы түсіндірілді. Басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева қызметкерлерге Конституцияның еліміздің құқықтық жүйесін жаңғыртудағы рөлін түсіндіріп, онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға бағытталған негізгі өзгерістерге тоқталды. Ата Заң – мемлекеттіліктің берік іргетасы, заң үстемдігі мен…
-

Елордада мыс кабелін ұрлаған күдікті ұсталды
Астана қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру дерегіне қатысы бар 26 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті ер адам өзі бұрын жұмыс жасап кеткен нысан аумағына еркін кіріп, ешкімнің назарын аудартпай, «ВВГ 3х2,5» маркалы мыс кабельді жасырын түрде қолды еткен.Жәбірленушінің арызы негізінде полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қысқа…
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеуі
Құрметті отандастар! Жаңа Конституциямыздың заңды күшіне енуі – бүкіл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз. Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.…
-

Инвесторларға заңсыз талаптар қойған лауазымды тұлғаларға 9,1 млн теңгеге айыппұл салынды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлікті инженерлік желілерге қосу кезіндегі заңсыз тәжірибенің жолын кесті. Қабылданған шаралар нәтижесінде 3 инвестор мен 16 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды,оларға жалпы сомасы 9,1 млн теңге айыппұл салынды. Қадағалау шаралары барысында табиғи монополия субъектілері электр және сумен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарт берген…
-

Қызылорда облысы аумағында ағымдағы жылдың 01 шілде мен 30 қыркүйек аралығында «Hi-Tech» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізіледі
Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу мақсатында өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шара. Негізгі бағыттары: интернет-алаяқтықтарды анықтау және ашу; жалған интернет-дүкендер мен фишингтік сайттарды анықтау; банк карталары мен электрондық әмияндарды пайдалана отырып жасалған алаяқтықтарды ашу; заңсыз онлайн-казино, есірткі жарнамасы және тыйым салынған контентті анықтау; киберқылмыстардың алдын алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын…
-

Вирустық гепатиттердің алдын алу
Вирустық гепатиттер – бауырды зақымдап, оның қызметін бұзатын жұқпалы аурулар. Аурудың кейбір түрлері ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтіп, бауыр циррозы мен бауыр обырын қоса алғанда, ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.Ең кең таралған түрлері – А, В, С, D және Е вирустық гепатиттері. А және Е гепатиттері ластанған су, тағам өнімдері және лас қол арқылы…
-

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zharkain/press/news/details/1252035?lang=ru
-

Green Capital Kazakhstan жаңа шетелдік инвестицияларды тартпақ
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров FoodVentures және DENSO Group компанияларының басшылығымен кездесу өткізіп, тараптар Green Capital Kazakhstan жоғары технологиялық жылыжай кешенін дамытудың жаңа кезеңін іске асыру мәселесін талқылады. Келіссөздерге FoodVentures компаниясының бас директоры Дирк Алеван және DENSO Europe B.V. компаниясының директоры, Food Value Chain Business Unit бағытының жетекшісі Тадахиро Охара қатысты. Кездесу қатысушыларын қарсы алған…
-

Инвесторларға заңсыз талаптар қойған лауазымды тұлғаларға 9,1 млн теңгеге айыппұл салынды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, кәсіпкерлікті инженерлік желілерге қосу кезіндегі заңсыз тәжірибенің жолын кесті. Қабылданған шаралар нәтижесінде 3 инвестор мен 16 кәсіпкердің құқығы қорғалып, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оларға жалпы сомасы 9,1 млн теңге айыппұл салынды. Қадағалау шаралары барысында табиғи монополия субъектілері электр және сумен жабдықтау желілеріне қосуға…
