Автор: admin
-

Астанада Focus Developments компаниясының халықаралық Fix Price дүкендер желісіне арналған заманауи логистикалық хабының құрылысы басталды
Соған орай, капсула салу рәсімі өтті. Жаңа нысан Өндіріс тұрғын алабында орналасады. «Халықаралық Fix Price сауда желісіне арналған заманауи тарату орталығының құрылысы Қазақстанның логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Жоба тауармен қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, жүк тасымалының жылдамдығын ұлғайтуға және Астананың Орталық Азиядағы негізгі логистикалық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қала…
-

ІІМ ата-аналарға маңызды үндеу жасады Ішкі істер министрлігі ата-аналарды су айдындарында демалу кезінде балаларды қатаң бақылауда ұстауға шақырады.
Құрметті ата-аналар! Ішкі істер министрлігі балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. Қауіпсіздік мақсатында тек арнайы жабдықталған жағажайда шомылыңыздар, балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар, оларға бейтаныс жерлерде шомылудың қауіпті екенін түсіндіріңіздер, аптап ыстықтан кейін, бірден суық суға түспеңіздер. Тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өз жауапкершіліктеріңізде…
-

Кеден органдарының тауарлар мен оларға қатысты құжаттарды ұстап қалу және сақтау тәртібі
Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар нысанасы болып табылмайтын не сондай нысанасы болып табылатын, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары кідіртеді. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту тауарларды және оларға арналған құжаттарды…
-

Елордада 6-9 тамыз аралығында бесінші рет Comic Con Astana фестивалі өтеді
Ауқымды іс-шарада кино, сериал, комикс, бейнеойын, аниме және заманауи поп-мәдениет жанкүйерлері бір алаңда бас қосады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 2026 жылы Comic Con Astana былтырғыдай бірден екі алаңда өтеді. Фестивальдің басты сахнасы мен хедлайнерлермен кездесулер Barys Arena кешенінде өтеді. Ал «Алау» мұз сарайы тақырыптық аймақтар, компаниялар мен серіктестердің стендтері, ойын алаңдары, түрлі…
-

Ақтөбе облысында жасанды интеллект негізіндегі өңірлік сараптамалық платформа таныстырылды
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Байланыс желілерін кеңейту, 5G технологиясын енгізу және өңірлік сараптамалық платформаны дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Әсет Отарбаев баяндады. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының 274 елді мекені мобильді интернетпен қамтылған. Биыл Елек, Ақсу, Байжанкөл және Дмитриевка ауылдары…
-

Astana Invest фронт-офисінде Қытай компанияларының өкілдерімен кездесу өтті
Astana Invest фронт-офисінде қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов қаржы, энергетика, мұнай-газ саласы және өнеркәсіптік инфрақұрылым бағыттарында жобаларды жүзеге асырып жатқан Қытай компанияларының өкілдерімен кездесті. Қытай делегациясының құрамына келесі компаниялар кірді:* Fengde Capital – шикізат саудасын трансшекаралық қаржыландыруға, энергетикалық инфрақұрылымға инвестиция құюға және ірі инфрақұрылымдық жобаларды сүйемелдеуге маманданған Гонконг инвестициялық компаниясы;*…
-

Атаулары көп мәні бір – біздің жолымыз бір емес!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1260756?lang=ru
-

Қостанайда тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуді үйрету бойынша ауқымды акция басталды
Қостанай қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде халыққа алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту жүргізіледі. Жедел жәрдем дәрігері – жүрек-өкпе реанимациясы бойынша сертификатталған жаттықтырушы, жарақат алу кезінде көмек көрсету жөніндегі маман Е.Б. Жанкулов тартылды. Бүгін тренинг әкімдік, мәслихат және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері үшін өткізілді, оның барысында суға бату, инсульт, жүректің тоқтауы және қан кету кезінде…
-

Ақтөбе облысында тағы бір ауылға газ берілді
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байторысай ауылдық округіне қарасты Полтавка ауылына табиғи газ берілді. Елді мекенде 99 аула, 316 тұрғын бар. 🔹 Газ беру рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев және ауыл тұрғындары қатысты. «Бүгін біз Мемлекет басшысының ауылдық елді мекендерді…
-

Жамбылда 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау, халықты тұрақты жұмыспен қамту және азаматтардың табысын арттыру – өңірлік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта Жамбыл облысында 2026 жылға арналған Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыз азаматтарды оқыту және еңбек нарығына бейімдеу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды…
-

Сарыағаш ауданының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың жолын кесті
Сарыағаш ауданының прокуратурасы Түркістан облысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамның жүргізуші куәліктері болғаны және олардың көлік құралын басқаруға жіберілгені анықталды. Заңнама талаптарына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті…
-

Жарты жылды 505,9 миллиард теңге инвестиция тартылды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға облысқа жұмыс сапарымен келген Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қатысты. Штаб отырысын ашқан Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысының инвестиция тарту, экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында облыста жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, инвестициялық…
-

“Жасыл Ел” в работе
“Жасыл Ел” сарбаздары жұмыс барысында! 🌿🧹Шөп шабу, қоқыс жинау — бүгінгі күннің басты міндеті!Біздің жігіттер мен қыздар тағы да көрсетті: тазалық — ортақ іс!♻️Жарайсыңдар, сарбаздар! Кентіміз одан әрі таза әрі әдемі болды 🤝👍Бірге жасайық — бірге тазартайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-kusmuryn/press/news/details/1260358?lang=ru
-

Өңірде 100 әлеуметтік жоба іске асырылуда
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес өткізді. Кеңеске Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Елдар Сапаров пен азаматтық қоғам институттарының белсенді өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі азаматтық қоғам институттарының мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, тиімді әріптестікті…
-

Баянауылда «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы ашылды – өңірдің туристік әлеуетін дамытудың жаңа кезеңі
Баянауыл Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайту үстінде. Туристік инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде биыл курорттық аймақ бір маусымда 300 мыңға дейін туристі қабылдай алады. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығының ашылуы болды. Салтанатты рәсімге Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысты. Жаңа нысанның ашылуында сөз сөйлеген өңір…
