Автор: admin
-

eGov Mobile-ға 7 жыл!
Осы жылдар ішінде қосымша миллиондаған қазақстандықтың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналып, технологиялар мен пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сай дамып келеді. Алғашқы мобильді мемлекеттік қызметтерден бастап цифрлық құжаттарға, eGov Business пен жасанды интеллектке дейін eGov Mobile өз мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеді. Бүгінде дамудың жаңа кезеңдерінің бірі eGov GPT болды. Ол мемлекеттік қызметтерді алудың қалыптасқан тәсілін…
-

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлердің саны 1 973-ке жетті
Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлердің саны артуда. 2026 жылғы III тоқсанда Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімінде 1 973 кәсіпкер тіркелген. II тоқсанмен салыстырғанда тізілімдегі субъекті саны 11,1%-ға өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай тізілімі тоқсан сайын жаңартылып отырады. Тізілімге ену кәсіпкердің заңнамада қарастырылған мемлекеттік қолдау шараларын алуына және әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге…
-

MIGRATION.ENBEK.KZ ПОРТАЛЫНДА ҚАЛАЙ ТІРКЕЛІП, ӨТІНІМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
Көші-қон саласындағы бірқатар қызметті migration.enbek.kz көші-қон процестері порталы арқылы онлайн алуға болады. Портал Қазақстан азаматтары, этникалық қазақтар, шетел азаматтары, жұмыс берушілер мен инвесторларға арналған қызметтерді бір платформада ұсынады. Бұл жерде «қандас» мәртебесін алу, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсат рәсімдеу, шетелдік жұмыс күшін тарту және тағы басқа да қызметтер қолжетімді. Порталдың басты артықшылығы барлық…
-

«Жетісу» радиосында әділет органдары саласындағы заңнамалық өзгерістер талқыланды
09.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан облыстық «Жетісу» радиосына сұхбат берді.Сұхбат барысында «Әділет органдарының заңнамаларына енгізілген өзгерістер» тақырыбы қозғалып, саладағы заңнамалық жаңашылдықтар туралы түсіндірме берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1308261?lang=ru
-

Тоғыз айда 114 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Skills Enbek азаматтарға қосымша…
-

ЖРВЖ-ң, тұмаудың жаңа эпидемиологиялық маусымы 1-қазаннан басталуына орай алдын алу шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде
Тұмау жұқпасының алдын алудың ең тиімді шарасы – тұрғындарды иммундаумен қамту. Жетісу облысында 2026ж. 05 қазаннан «Тұмауға қарсы егілейік» акциясы ұйымдастырылуда, тұмауға қарсы иммундау басталды.Акцияға облыс Әкімінің орынбасары М.Көлбаев, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, «Ұлттық сараптама орталығы» Жетісу облысы бойынша филиалы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен мамандары қатысты.Жыл сайын жергілікті бюджеттен иммундауға жататын контингенттерді…
-

«Ауыл» партиясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті
09.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Ауыл» партиясы Жетісу облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті.Қабылдауды Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы мен «Ауыл» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Асхат Мауленұлы Бәзілов өткізді.Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері қаралып, құқықтық мәселелері бойынша тиісті Қабылдау барысында 7 азаматқа құқықтық кеңес берілді. Ақпарат көзі…
-

Омбудсмен Варшавада соттардың институционалдық тәуелсіздігін нығайту бағытындағы Қазақстанның тәжірибесін таныстырды
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының Варшавадағы адам өлшемі жөніндегі конференциясының құқық үстемдігі мәселелеріне арналған пленарлық отырысында сөз сөйледі. Өз баяндамасында Омбудсмен Қазақстандағы конституциялық реформаның негізгі жетістіктерінің бірі адам құқықтары мен бостандықтарының іргелі кепілдіктерін едәуір нығайту болғанын атап өтті. Елдің конституциялық даму тарихында алғаш рет «Миранда қағидасы»…
-

Ырғызда әлеуметтік осал топтарға арналған 90 тұрғын үй салынуда
Ырғыз ауданының орталығы – Ырғыз ауылында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджеттің ішкі көздері есебінен берілетін кредит қаражаты шеңберінде 90 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Құрылыс нысандарында жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, тұрғын үйлерді сапалы әрі белгіленген мерзімде…
-

Алматы облысында «Қазселденқорғау» жаңа диспетчерлік пункті ашылды
Алматы облысы Жамбыл ауданында ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің жаңа модульдік диспетчерлік пункті ашылды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Нысан бюджеттен тыс қаражат есебінен салынды. 20 күн ішінде модульдік ғимарат орнатылып, инженерлік коммуникациялар тартылды және оны жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін Жамбыл өндірістік-пайдалану бөлімінің жеке диспетчерлік пункті болмағандықтан, қызметкерлер жеке тұрғын үйде кезекшілік…
-

Тәркіленген 1795 қорап темекі өнімі аудан әкімдігіне берілді
08.10.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету аясында Ақсу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің бөлім басшысы – аға сот орындаушысы Ш.Т. Жағипарованың қатысуымен Алакөл аудандық сотының қаулысын орындау мақсатында азаматша А. мен азамат М.-дан тәркіленген, әкімшілік құқық бұзушылықтың нысанасы болып табылатын 1 795 қорап темекі өнімі кейіннен жою мақсатында Алакөл ауданының әкімдігіне берілді. Ақпарат көзі…
-

Абай облысында 200-ге жуық оқушыға қауіпсіздік ережесі түсіндірілді
Семей қаласындағы №53 мектепте жас ұрпақтың жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған танымдық-профилактикалық сабақ өтті. Балалардың құқықтарын қорғау ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға 200-ге жуық оқушы қатысты. Кездесу барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам белгілеріне бағыну және жолдан өту кезінде мұқият болу жөнінде түсіндіру…
-

Шығыс Қазақстан мен Үндістан туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
2026 жылғы 8 қазанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангальмен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар туризм, өнеркәсіп және инвестиция тарту салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Халықаралық әуе қатынасын дамыту Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Дели – Өскемен тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігін қарастыру болды. Тікелей…
-

Шығыс Қазақстан облысы инвестициялар тарту бойынша жұмысты жалғастыруда
2026 жылғы 9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысына қатысты. Отырыс барысында инвестициялық ахуалды жақсарту, инвесторлармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Өңірдің инвестициялық көрсеткіштері 2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының негізгі…
-

Хабарлама
2026 жылғы14 қазанда сағат 11:00де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Күн тәртібі: «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №349 «Жітіқара ауданы Жітіқара қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №350 «Жітіқара ауданы Забелов ауылының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №351 «Жітіқара ауданы…
