Автор: admin

  • Хабарландыру!

    Хабарландыру!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 4 мамыр күні “Ақ желкен” тұрғын массивінің тұрғыны, ағаш шебері Серік Смадиярұлының көрмесі өтеді. Көрмеде қазақ батырларының бейнелері, киіктер мен аққулардың ағаштан жасалған туындылары таныстырылады. Баршаңызды аталмыш көрмеге келуге шақырамыз! Өтетін күні: 4 мамыр 2026 жылӨтетін орны: Өмірзақ ауылы, №27 мектебіУақыты: 10:00 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-aktau-omirzak/press/news/details/1208366?lang=kk

  • Халықпен кездесу

    Халықпен кездесу

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 6 мамырда сағат 11:00-де Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесуі өтеді.   Кездесуге дейін сағат 10:00-де облыс әкімдігінің басқармалар және орталық мемлекеттік органдар департаменттерінің басшылары азаматтардың сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізеді.   Кездесу Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 1 мекенжайда орналасқан Мәдениет үйінде өтеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1208367?lang=kk

  • Астанада Есіл өзенімен серуендеу 1 мамырдан басталады

    Астанада Есіл өзенімен серуендеу 1 мамырдан басталады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанада жазғы туристік маусым қарсаңында экскурсиялық теплоходтар дайындалып жатыр. Бүгін Есіл өзені жағалауында кемелер су бетіне түсірілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Теплоходтар 1 мамырдан бастап өзен бойымен қатынай бастайды. Astana Tourism туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры Саят Оразтайдың айтуынша, Есіл бойымен серуендеу – елордадағы ең танымал туристік демалыс түрлерінің бірі. «Есіл Астана» кеме…

  • Құтқарушылармен маңызды тақырыпта сабақ өтті

    Құтқарушылармен маңызды тақырыпта сабақ өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Тараз қаласында Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының қатысуымен «Суицид және лудоманияның алдын алу» тақырыбында сабақ өтті. Іс-шара барысында Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Жадыра Аленова лекция оқып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді. Мұндай шаралар қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын нығайтуға бағытталған және алдағы уақытта жалғасын табады. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат…

  • «Жасыл ел-Тараз»-дың жылыжайы: Бүгінде мұнда миллион түп гүл өсіріледі

    «Жасыл ел-Тараз»-дың жылыжайы: Бүгінде мұнда миллион түп гүл өсіріледі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Тараз қаласының абаттандырылуы мен жасыл желекпен көмкерілуінде «Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай шаруашылығы маңызды рөл атқарады. Қаланың көріктенуі мен экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жолға қойылған. Кәсіпорын қарамағында жалпы аумағы 3 500 шаршы метрді құрайтын 8 жылыжай кешені жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын қала аумағын көгалдандыруға қажетті гүл көшеттері өсіріліп, толық циклді…

  • Чернобыль апатын еске алу күні

    Чернобыль апатын еске алу күні

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ағымдағы жылғы 23 сәуірде Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуы қарсаңында «Чернобыль одағы» Солтүстік Қазақстан облысының мүгедектер қоғамдық бірлестігі мүшелерінің кездесуі өтті. Оған Қорғаныс департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Басқармалар мен Ардагерлер кеңестерінің өкілдері қатысты. Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, қаза тапқан қатысушылардың отбасыларына салтанатты түрде мерейтойлық медальдар, құрмет грамоталары…

  • Құқықтық сауаттылықты арттыру – тиімді қызмет кепілі: Ақмола облысында тексерулерді тіркеу қағидаларын бірізді қолдану мәселелері талқыланды

    Құқықтық сауаттылықты арттыру – тиімді қызмет кепілі: Ақмола облысында тексерулерді тіркеу қағидаларын бірізді қолдану мәселелері талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне арналған құқықтық оқыту сабағы ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығымен бекітілген тексерулерді тіркеу қағидаларын қолдану мәселелеріне арналды.   Оқыту жұмысына Ақмола облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты…

  • САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА: ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

    САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА: ТҮРКІСТАНДА МҰХТАР ШАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстанның көрнекті ақыны, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың рухына арналған «САНА БИІГІНДЕГІ ЗАҢҒАР ТҰЛҒА» атты тағылымды еске алу кеші өтті.   Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасы жан-жақты таныстырылып, оның ұлттық руханиятқа қосқан зор үлесі кеңінен насихатталды. Кеш бағдарламасы Мұхтар Шахановтың өз дауысымен жазылған үнтаспадан бастау…

  • Топырағы торқа, жаны жәнәтта болсын!

    Топырағы торқа, жаны жәнәтта болсын!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар басқарған облыстық салық қызметінің ардагері  Теңбай Сапиоллаұлы Ибраев өмірден озды. Оның бүкіл өмірі таңдаған ісіне шексіз берілгендік пен адамдарға қызмет ету болды. Ол адамдарға әрдайым сезімтал, жанашыр өте мейірімді болды. Теңбай Сәпиоллаұлы белсенді азаматтық ұстанымымен сипатталды, оның үлкен беделі  өңірде танымал еді.  Мемлекеттік кірістер департаментінің…

  • Атыраулық жастарға арналған «Isker adamdar» жобасына өтінім қабылдау басталды

    Атыраулық жастарға арналған «Isker adamdar» жобасына өтінім қабылдау басталды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Isker adamdar» – жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруіне мүмкіндік беретін жоба. Жоба аясында қатысушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты қаржылай және тәжірибелік қолдауға ие болады. Атап айтсақ, 50 қатысушыға өз кәсібін бастауға қажетті құрал-жабдықтар алуға арналған 200 000 теңге көлемінде тауарлық грант қарастырылған. Сонымен қатар, 10 үздік…

  • Өңірлік экологиялық саммит – 2026 қорытындылары

    Өңірлік экологиялық саммит – 2026 қорытындылары

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанада Орталық Азиядағы экология және тұрақты даму мәселелерін талқылау үшін мемлекет басшыларын, қоғам қайраткерлерін, саясаткерлер мен зерттеушілердің басын қосқан Өңірлік экологиялық саммит өз жұмысын аяқтады. 22-24 сәуір аралығында Саммит аясында 58 негізгі сессия ұйымдастырылды, оның ішінде 21 жоғары деңгейдегі сессия және Орталық Азия мемлекеттерінің 4 елдік сессиясы бар. Үш күн ішінде іс-шараларға 8 000-нан астам…

  • Жуалы ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

    Жуалы ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жоспарға сәйкес Жуалы ауданында орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында шартты түрде туындаған өрт ошағын жедел анықтау, оның таралуын шектеу және толық сөндіру бойынша іс-қимылдар пысықталды. Сонымен қатар бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Жаттығу қорытындысы бойынша бөлімшелердің дайындық деңгейі оң бағаланып, жеке құрамның кәсіби шеберлігі…

  • ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

    ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Түркістан облысы орынбасары Еркебұлан Дауылбаев «JanaPort Holdings Ltd.» компаниясының директоры Мадина Ахмеджановамен кездесті. Кездесуде Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту және сенімгерлік басқаруға беру, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары әуежейдың әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары екеніне тоқталды. – Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тұрақты…

  • АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ І ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

    АУЫЛ ӘКІМДЕРІНІҢ І ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Орал қаласында алғаш рет «Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты ауыл әкімдерінің І облыстық форумы өтті. Форумның пленарлық отырысына облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, өңірдегі барлық деңгейдегі атқарушы және өкілетті органдардың өкілдері қатысты. Аталмыш форумға аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық мәслихат төрағасы Лариса…

  • ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

    ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМ АТТЫ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін «Ұлы Дала Елі» рухани-мәдени орталығы және Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Сейітқұл әулие Әйтеке би қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен Ордабасы құрылтайының 300 жылдығына орай «Қазақ қоғамындағы билер институты: тарих және тағылым» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.   Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ қоғамындағы билер институтының қалыптасуы мен даму тарихын зерделеу, тарихи тұлғалардың ел өміріндегі…