Автор: admin
-

Жұмысқа орналастыру бойынша жиналыс
2026 жылғы 24 сәуірде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қала прокуратурасы, пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы және Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізілді, оларға жұмысқа орналасу үшін…
-

Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті
Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Акция барысында әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарына қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Екі күн ішінде…
-

“Шамшырақ” газетінің бүгінгі санында білім саласына қатысты қызықты әрі мазмұнды жаңалықтар легі ұсынылады:
🎨 Қазан орта мектебінің жас таланты Бейімбет Әлімжан сурет өнерінде биік белестерді бағындыруда. Оның туындысы республикалық байқауда жүлделі орынға ие болды. 👤 Аудандық Әкелер форумы – бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыруға бағытталған маңызды алаң. 📚 Ұлағатты ұстаздан тәлім алған жас маман кәсіби жолында шабыт пен сенім табуда. 💃 Өнер мектебіндегі би сыныбының ашылғанына 30 жыл…
-

Май ауданында білім беру саласы үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. «Заман. Талап. Тренд» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған бұл басқосуда «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы, Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ақмарал Еркенқызы Есенгожина аудан педагогтерімен жүздесті.
Май ауданында білім беру саласы үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті. «Заман. Талап. Тренд» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған бұл басқосуда «Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы, Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ақмарал Еркенқызы Есенгожина аудан педагогтерімен жүздесті. Еңбек жолын Май ауданында бастаған білікті ұстаз жерлестерімен тәжірибе алмасып, «Кәсіби жетістікке жол: тәжірибе,…
-

ОБЛЫСТЫҚ «ЖЫЛ ТӘЛІМГЕРІ – 2026» БАЙҚАУЫНДА
Май ауданы, Е. Мұқашев атындағы ЖОББМ аға тәлімгері Жанабек Ғаламат Ғалымжанұлы «ҮЗДІК ЖАС ТӘЛІМГЕР» номинациясы бойынша🥇 І ОРЫН иегері атанды! 👏👏👏 Бұл – кәсіби шеберлік пен табандылықтың, шығармашылық ізденіс пен жастарға деген шынайы жанашырлықтың жарқын нәтижесі Ғаламат Ғалымжанұлын зор жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз…
-

🌿 Мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстары басталды! 🌿
“Таза Қазақстан” акциясы аясында мектебімізде көктемгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін биология пәнінің мұғалімі Ж.А.Жантенова үйірме жұмысының жоспарына сәйкес оқушылармен мектеп ауласын көркейту мақсатында гүлдердің көшеттерін отырғызу жұмыстарын атқарды. 🌸🌱 Бұл игі іс – табиғатты қорғауға, еңбекке баулуға және мектеп ауласын әсем гүлдермен безендіруге бағытталған. Отырғызылған гүлдер алдағы уақытта жайқалып өсіп, мектеп ауласына ерекше көрік…
-

Өскемен қаласында ұн тарту өндірісі нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті
Қала кәсіпорындарының бірінде, дәнді сепараторлық тазалау бөлімінде тоқтың қысқа тұйықталуы салдарынан болған шартты өрт сценарийі пысықталды. Аңыз бойынша, өрт силос бункеріне тез таралып, өрт сөндіру жағдайын қиындатты. Құтқару бөлімшелері оқиға орнына жедел келіп, шартты өртті жоюға кірісті. Өрт сөндірушілердің автосатыны қолдану арқылы 16 метр биіктікке оқпандарды беруіне, сондай-ақ силос бункерін стационарлық саты арқылы сөндіруіне ерекше…
-

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – уақыт талабы ғана емес, білім сапасының басты өлшемдерінің бірі.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – уақыт талабы ғана емес, білім сапасының басты өлшемдерінің бірі. Осы орайда Май ауданының Қаратерек мектебінде «Жасанды интеллект арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында педагогтер білім беру үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын талқылап, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, ақпаратты…
-

ОБЛЫСТЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫ
2026 жылғы 7 сәуірде Абай оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алған Май ОМ, Малайсары ОМ, Саты НМ және Е.Мұқашев ат.ОМ қатысып жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ: Май «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағытында Май ОМ–нің оқушысы Серікқали Айнара II дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімі Адильшина Нұржамал Бейсенбекқызы.“Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы” бағытында Е.Мұқашев ат. ОМ-нің оқушысы Каримова…
-

Май ауданының білім беру бөлімінің үйлестіруімен білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң өтті. Шараға 80-ге жуық педагог қатысты.
Май ауданының білім беру бөлімінің үйлестіруімен білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң өтті. Шараға 80-ге жуық педагог қатысты. Бұл алаң – жай ғана кездесу емес, тәжірибе мен идея тоғысқан маңызды кәсіби диалог алаңы болды. Іс-шараның басты мақсаты – ҰБТ-ның аралық нәтижелерін саралау, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын педагогтермен бірлесе талқылау және кәсіби…
-

Май ауданының білім беру бөлімі Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің базасында білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң ұйымдастырды.
Май ауданының білім беру бөлімі Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінің базасында білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң ұйымдастырды. Аталған алаң – жай ғана кездесу емес, тәжірибе мен идеялар тоғысқан маңызды кәсіби диалог кеңістігі болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жан-жақты саралау, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын педагогтермен бірлесе талқылау…
-

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Заң және тәртіп жобасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша “Құқықтық ағарту: балалардың құқықтары мен міндеттері” атты тақырыбында Ішкі істер министрлігінің ардагері, зейнеткер-тәлімгер Абдугаликова А. К мектеп оқушыларына құқықтық сабақтар циклін өткізе бастады. Зейнеткер – тәлімгер өз сөзінде құқықтық тәртіптің маңыздылығын, заң бұзушылықтың теріс салдарын және жастардың дұрыс жолда болуы үшін қандай шаралар қабылданатынын айтып өтті.…
-

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының тақырыбы:«Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар».Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясындағы негізгі өзгерістермен танысып, білім беру саласына қатысты маңызды баптар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және азаматтық жауапкершілікті…
-

Ағымдағы жылдың 10 – 12 сәуір күндері Павлодар қаласында асық ату және бес асықтан 2016 – 2018 ж.т. балалар арасындағы Павлодар облысының чемпионаты өтті.
Ағымдағы жылдың 10 – 12 сәуір күндері Павлодар қаласында асық ату және бес асықтан 2016 – 2018 ж.т. балалар арасындағы Павлодар облысының чемпионаты өтті. Асық ату спорт түріне облыс мектептерінен 32 жас сұрмерген қатысып, өзара бақ сынасты. Аталмыш өңір біріншілігіне елімізден, болашағынан үміт күтірер жас асықшы, Көктөбе ЖОББМ 4 -“Ә” сынып оқушысы Серік Нұрмұхаммед Азаматұлы…
-

2026 жылғы 10 сәуірде мектепалды сынып оқушыларына арналған ” Жауқазын” олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған,
2026 жылғы 10 сәуірде мектепалды сынып оқушыларына арналған ” Жауқазын” олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңімпаз атанған, 1 орынды иеленген Ақжар ОМ-нің оқушысы Серикова Еркежан. 3 орын жүлдегерлері: Малайсары ОМ-нің оқушысы Нұрланқызы Әмина, Қаратерек ОМ-нің оқушысы Майманов Милан және Е.Мұқашев ат.ОМ-нің оқушысы Гадамурова Салима .Е.Мұқашев ат.ОМ оқушылары Кудайбергенов Нурхан « Зерек бүлдіршін» номинациясын және Ныгметов Азимжан «Ойшыл…
