Автор: admin
-

Алматы қаласында жеке сот орындаушысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
Қала прокуратурасы жеке сот орындаушыларының қызметіне жүргізілген тексеру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Анықталғандай, жеке сот орындаушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2024 жыл ішінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулер шеңберінде өз қызметіне ақы ретінде бюджеттен заңсыз түрде 4,2 млн теңге алған. Бір атқарушылық іс жүргізу бойынша төлем жылына бір реттен артық…
-

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ӨТКІЗІЛДІ
ҚР ДСМ 23.06.2025 ж. № 403 “Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы” бұйрығын орындау мақсатында, 2026 жылғы 23-24 сәуір аралығында республикалық мониторингтік тобы Ұлытау облысында болды. “Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты” АҚ мамандары В. С. Павлов (кардиолог дәрігер), М. Е. Жекеева (эндокринолог дәрігер) кардиологиялық қызметті дамыту жөніндегі үйлестіруші А. Тұрысбекұлының…
-

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Отан алдындағы адалдығын нақты ісімен көрсеткен бір топ азаматты марапаттады Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shalkar/press/news/details/1209717?lang=kk
-

«Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі – 2026»
2026 жылдың 24 сәуір күні «Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)» КММ базасында өткен облыстық «Шағын жинақты мектептің Үздік мұғалімі – 2026» байқауында бастауыш мұғалімі “√20 жалпы білім беретін мектебі” КММ Осакаров ауданы Ринг Ирина Александровна жүлделі ІI орынды иеленді. Әріптесімізді жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!Еңбегіңіз еленіп, алар асуларыңыз биік болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1209718?lang=kk
-

ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасары Рыспаев Нияз Канатович Атырау облысына іссапармен келді.
Іссапар барысында өңірдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қызметімен танысып, олардың материалдық-техникалық базасының жай-күйін тексерді. Сонымен қатар, сотталғандарды ұстау жағдайы, заңдылықтың сақталуы және тәрбиелік-профилактикалық жұмыстардың жүргізілу барысына ерекше назар аударды. Сапар аясында мекеме қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Қызметтің тиімділігін арттыру, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау бағытында нақты тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1209719?lang=kk
-

№1 Индустриялық парк аумағында бизнес өкілдерінің қатысуымен ауқымды экологиялық акция өтті
Елордада №1 Индустриялық парк аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілік өтті. Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты – өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері мен шағын және орта бизнес өкілдері. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Әшімов сенбілікке қатысушылар 1000-нан астам көшет отырғызғанын хабарлады. Негізгі назар төзімді әрі экологиялық тиімді ағаш түрлеріне – терек пен…
-

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панелдік сессиясына қатысты
Түркия, Анталия қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» панелдік сессиясына қатысты. Іс-шараны Түркия Парламентінің депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлы жүргізді. Мемлекет басшысы Түркия Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен халықаралық аренадағы беделін арттырып келе жатқанын айрықша атап өтті. – Ең алдымен, көреген көшбасшы Режеп Тайип Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның осы аймақта…
-

Дөңгелек үстел өтті
Әділет департаменті Абылайхан атындағы жоғары колледж студенттерімен «Зияткерлік меншік және спорт: стартқа, назар, инновациялар!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1209724?lang=kk
-

«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ 2025 жылғы кезеңінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі
2025 жылдың кезеңінде бөлім жеке және заңды тұлғаларға 4243 мемлекеттік қызмет көрсетті оның ішінде: – «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру». 2025 жылдың кезеңінде – 3897 мемлекеттік қызмет көрсетілді; – Сәулет-жоспарлау ғимаратын ұсыну және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосудың техникалық шарттары – 106 мемлекеттік қызмет көрсетілді; – Қолданыстағы…
-

Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күні
Чернобыль атом электр стансасындағы орын алған жарылыс – атом энергиясын пайдалану тарихында адамзатқа орны толмас зор қасірет әкелген әлемдегі ең ірі ядролық техногендік апат. Апатты залалсыздандыруға қатысқандар өз денсаулығы мен өмірін қиып, бүкіл әлемге зардабын тигізбеу үшін көмек көрсетті. Бұл қайғылы оқиға өз өмірлерін аямастан апаттың зардабын жоюға атсалысқан…
-

Yessenov University базасында «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз» атты кездесу өтті
Yessenov University базасында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл және интернет-алаяқтықтан сақтану бағытында «Білімді ұрпақ – біздің болашағымыз» атты кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, психологтар, заңгерлер және университет студенттері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қоғам қалыптастыру. Жиын барысында синтетикалық есірткілердің зияны, олардың заңсыз айналымына…
-

Уақытша жол жабылады
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Тараз қаласы Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелерінің бойындағы ТК-301-ден ТК-308-ге дейінгі М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Жамбыл даңғылы мен Д.Қонаев көшесінің қиылысы 25 сәуірден бастап 2 ай мерзімге толығымен жабылып, барлық көлік қозғалысына тыйым салынады. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру…
-

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Жиынға ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха, сондай-ақ облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Премьер-министрдің орынбасары жазғы науқанға дайындық барысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз…
-

Аудан әкімі кезекті қабылдау өткізді
🔹Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы қабылдау барысында, аудан тұрғындарының өзекті өтініштерін тыңдап, бірнеше мәселеге мән берді. Алдын ала жазылған азаматтардың сұрақтарына келсек: ▪️Бос жұмыс орындарын қарастыру;▪️Тұрғый үй бойынша: 📎Аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала әкімі және бөлім басшылары да, қабылдауға қатысып, келіп түскен өтініштерді түртіп отырды. 🔸Сондай-ақ, жауапты азаматтарға келген меймандардың мәселесін назарға алып, заң талаптарына сәйкес…
-

Жанама ауылында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ” акциясы өтті
Жанама ауылында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты кең ауқымды акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда пара беру мен пара алудың құқықтық жауапкершілігін түсіндіру, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру, сондай-ақ жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Акция барысында қатысушыларға пара беру де, пара алу да заң бойынша қылмыс болып табылатыны түсіндірілді. Сонымен…
