Автор: admin
-

Облыс аумағында өткен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 400-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Жетісу облысы полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік және еңбек тәртібін нығайтуға бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Іс-шараның негізгі мақсаты — техникалық ақауы бар және қайта жабдықталған жолаушылар көліктерін пайдалануды анықтау, заңсыз жолаушы тасымалының жолын кесу, сондай-ақ автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. ЖПІШ өткізу барысында облыс бойынша…
-

Тағамнан уланудың алдын алу
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1224328?lang=ru
-

Мектеп бітіру кештері мен сыйлыққа ақша жинауға тыйым салынады
Өңірде білім беру ұйымдарында өтетін мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысты талаптар нақтыланды. Оған сәйкес Оқу-ағарту министрлігінің арнайы бұйрығы бар. Оқу жылын аяқтауға арналған қандай шараларға рұқсат етілетіні және тыйым салынатыны туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім болды. Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, аттестат табыстау іс-шаралары тек мектеп ғимаратында немесе мектеп…
-

Манатбек Рысбеков Көлбай ауылдық округіндегі көктемгі дала жұмыстарымен танысты
Бүгін Алакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Жайық Тазабекұлының Алакөл ауданы әкімінің аппараты, аудандық бөлімдер және қала және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесуі өтті. Кездесуге Алакөл ауданы әкімінің аппаратының басшысы Дамир Сатыбалдиев төрағалық етті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттырудағы Мемлекеттік…
-

Кәсіпорындардағы радиациялық қауіпсіздік
Кәсіпорындардағы радиациялық қауіпсіздік – қызметкерлерді, халықты және қоршаған ортаны иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Радиациялық қауіп медицинада, өнеркәсіпте, мұнай-газ саласында, энергетикада және ғылыми зертханаларда кездеседі. Сондықтан өндіріс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау өте маңызды. Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі мақсаты – сәулелену деңгейін рұқсат етілген мөлшерден асырмау. Ол үшін кәсіпорындарда арнайы бақылау құралдары қолданылады,…
-

Құйған ауылдық округі аумағында күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық!
Құйған ауылдық округі аумағында күнделікті тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Ауыл көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ерекше көңіл бөлінуде. Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы. Сондықтан туған жеріміздің тазалығын бірге сақтайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-kuigan/press/news/details/1224436?lang=ru
-

Алкоголь петропавлдықты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу мүмкіндігінен айырды
Алкогольге әуестік 42 жастағы петропавлдықтың бір жыл бір ай мерзімді бостандықта өткізуіне мүмкіндік бермеді. Ол ұрлық жасағаны үшін сотталып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған болатын. Алайда бостандықта жүргенде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың талаптарын бірнеше рет бұзған: тұрғылықты мекенжайында болмаған, спирттік ішімдік ішкен. 18 мамыр күні, «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде учаскелік полиция инспекторы…
-

2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті жария талқылау туралы.
2026 жылғы 13 сәуірде сағат 15.00-де Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есепті жария талқылау өтеді. Ауданның барлық тұрғындарына қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1224325?lang=ru
-

ШҚО ЖЕҢІЛ АТЛЕТІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Шымкент қаласында жеңіл атлетикадан U16 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік жас спортшылар жиналған республикалық біріншілікте Шығыс Қазақстан облысының құрамасы кезекті жүлдеге қол жеткізді. Сайыс қорытындысы бойынша Серебрянск қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, қазіргі уақытта Риддер қаласындағы спорт интернатында білім алып жатқан Захар Чебунин облыс намысын…
-

2026 жылғы 20 мамырда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне «Ашық есіктер күні» өткізілді.
2026 жылғы 20 мамырда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика» және «Құқықтану» мамандықтарының бітіруші курс студенттеріне «Ашық есіктер күні» өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімдерінің жұмысымен танысып, мекеме қызметкерлері ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі функциялар мен міндеттер, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы…
-

Туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жаңадан құрылған туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалған Ермеков Дінмұхамед Жандарбекұлы таныстырылды.Жаңа басшыға өңірдегі туризм саласын дамытуға қатысты маңызды міндеттер жүктелді.«Мемлекет басшысының шетелдік инвесторлардан ел экономикасына қосымша қаржы тарту, отандық туризмді дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында облыстық туризм басқармасы құрылды. Жаңа басқармаға өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған…
-

Бүгін жұмыс жоспарыма сәйкес Егіндікөл ауылдық округінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездестім
Бүгін жұмыс жоспарыма сәйкес Егіндікөл ауылдық округінде болып, мемлекеттік қызметшілермен кездестім. Кездесу барысында әдеп нормаларын, «Мемлекетік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларында көзделген шектеулер және мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде сырт келбетіне қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметте, қызметтен тыс уақытта қоғамдық жерлерде жалпыға бірдей қабылданған моральды-әдептік…
-

ШҚО КИКБОКСШЫЛАРЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНАН ҮШ АЛТЫН, БІР ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕЛЕНДІ
2026 жылғы 13–18 мамыр аралығында Анталия (Түркия) қаласында кикбоксингтен жастар арасында Әлем Кубогы өтті. Халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейі мен айрықша нәтиже көрсетті. Әлемдік рингте бақ сынаған шығысқазақстандық саңлақтардың көрсеткіштері келесідей: І орын — Сарқытбеков Ильяс (57 кг салмақ дәрежесінде, фулл-контакт бағыты…
-

Атырауда әйел адамнан 160-қа жуық психотроптық дәрі тәркіленді
Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторларымен бірге жедел-іздестіру іс-шарасы аясында психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен 1998 жылы туған әйел адамды ұстады. Көпқабатты үйдің ауласында одан Тропикамид психотроптық препаратының 159 құтысы тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары…
-

Тамаққа қоспалардың қауіпсіздігі
Тағамдық қоспалар – өнімнің дәмін, сыртқы түрін, консистенциясын жақсарту немесе сақтау мерзімін ұзарту үшін қосылатын заттар. Оларға бояғыштар, консерванттар, антиоксиданттар, тұрақтандырғыштар және дәм күшейткіштер жатады. Кең таралған алаңдаушылықтарға қарамастан, рұқсат етілген қоспалардың көпшілігі белгіленген нормалар сақталған жағдайда адам денсаулығы үшін қауіпсіз болып табылады. Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігі қатаң нормативтермен реттеледі. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде Кеден…
