Автор: admin
-

20 мамыр 2026 жылы Мұғалжар ауданының әкімі Д.Ж.Ермағамбетовтың, Мұғалжар ауылының әкімі Ә.Ө.Қорғанбайдың ауыл тұрғындарының алдында есеп беру жиналысы өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-mugalzhar/press/news/details/1224649?lang=ru
-

Облыс әкіміне емдік-сауықтыру туризмін дамытуға бағытталған жоба таныстырылды
Бүгін, 20 мамыр күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Tree Of Life» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен және шетелдік жобалық компания мамандарымен кездесу өткізді. Кездесуде өңірде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған санаторий-курорттық кешеннің жобасы таныстырылды. «Tree Of Life» ЖШС Маңғыстау облысының жағалау аймағында термалды суларды тиімді пайдалану арқылы заманауи санаторий және емдеу-сауықтыру орталығын салуды жоспарлап отыр. Жоба…
-

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНОНС
2026 жылғы 1 маусым мен 29 маусым аралығында “Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі” КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;2) бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mzh-sport/press/news/details/1224626?lang=ru
-

СҚО полиция музейі Халықаралық музейлер күнін атап өтті
18 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің музейі Халықаралық музейлер күнін өзіне тән ерекше форматта атап өтті — келушілер үшін есігін айқара ашты. Бір күн ішінде музейге педагогтер, қалалық колледж студенттері, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, балаларымен келген отбасылар — барлығы 50-ден астам адам келді. Қонақтарды 4 мыңнан астам жәдігер қойылған төрт көрме залы, өңір…
-

Жетісуда 133 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытында фитосанитарлық науқан жалғасып жатыр. Өңірде жалпы көлемі 133 мың гектардан астам жерді өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда фитосанитарлық жұмыстар белсенді кезеңге өтіп, бұл ретте өнімділігі жоғары арнайы техникалар мен заманауи химиялық препараттар қолданылуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір үшін үйірлі зиянкестердің екі түрінен…
-

Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерімен гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырды. 150 петунья тамыры отырғызылды. #ТазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1224437?lang=ru
-

«Қызмет алушылар күні» аясында жәрмеңке ұйымдастырылды
20 мамыр күні Маңғыстау ауылындағы Ф.Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінде «Қызмет алушылар күніне» орай жәрмеңке өтті. Жәрмеңке барысында рұқсат құжаттарын рәсімдеу, лицензия алу, кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар, салық режимдері, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен заңнамадағы жаңашылдықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Аталған саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар қызмет алушылар тарапынан қойылған…
-

СҚО-Челябі: экономикалық және индустриялық байланыстарды нығайту
Облыстың ресми делегациясы Ғауез Нұрмұхамбетовтың басшылығымен Ресей Федерациясының ірі индустриялық орталықтарының бірі – Челябі облысына жұмыс сапарымен келді. Солтүстік Қазақстан облысы үшін бұл аймақ – сенімді стратегиялық серіктес. Екі өңір арасында берік сауда-экономикалық және өндірістік байланыстар қалыптасқан. Жұмыс сапарының алғашқы күнінде делегация өңірдің жетекші кәсіпорындарының қызметімен танысты. Олардың қатарында «УралКран» машина жасау зауыты мен ұзақ…
-

Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
«Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы 2026 жылғы 14 мамырда Республикалық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеу, балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту.Байқауға қатысу үшін облысымыздың түкпір- түкпірінен 56 оқушы қатысып, 8 өтінім қабылданды. Әділқазы алқасы келесідей шешім шығарды І- орынды Шахтинск қаласының…
-

Шал ақын ауданының «Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де жасөспірімдер арасындағы тәуелді мінез-құлықтың алдын алу және тиімді командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті.
Шал ақын ауданының «Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ-де жасөспірімдер арасындағы тәуелді мінез-құлықтың алдын алу және тиімді командалық өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті. Іс-шараны «Демеу» ЖҚҰ психологі Р.С Баймұхамбетова. және директоры Ж.С. Саттарова өткізді.Кездесу форматы әрбір қатысушының тек бақылаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысуына бағытталды.Жасөспірімдер тек пікір алмасып қана қоймай, іс жүзінде де дағдыларын…
-

Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен өткен келіссөз барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективасы қарастырылды. Мемлекет басшысы Кения Қазақстанның Африка құрлығындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі екенін атап өтті. – Кения – Африканың қарқынды дамып келе жатқан және озық елдерінің бірі. Географиялық тұрғыдан елдеріміз алшақ орналасса да, бізді жаңғыруға деген ұмтылыс пен болашаққа сенімді…
-

Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлерімен гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырылды
Бүгін Ырсай ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында гүл отырғызу бойынша сенбілік ұйымдастырды. 150 петунья тамыры отырғызылды. #ТазаҚазақстан Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1224437?lang=ru
-

Түркістан облысында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді
Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді. Шара барысында Кентау қалалық полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану орнында жұмыс жасап жүрген жасөспірімді анықтады.Аталған дерек бойынша кәмелетке толмағанды заңнама талаптарын бұза отырып жұмысқа тартқан кафе иесіне қатысты әкімшілік шара…
-

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі ретінде қарастырады»
«Өйткені бұған атүсті қарауға болмайды. Олай болған жағдайда әлемдік тарихтағы осындай бірегей құбылысқа қатысты ұстаным өзгереді. Ал ол мемлекеттер мен халықтар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Өкінішке қарай, әлемдік маңызы бар ірі тарихи оқиғаларды бұрмалаған мысалдар қазір де кездеседі. Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронологиясына байланып қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының…
-

Өнер мен тәрбиені үндестірген шығармашыл жан
Адам өмірінде жанын байытып, шабыт сыйлайтын ерекше дүниелер болады. Біреуге ол – музыка, енді біреуге – спорт немесе кітап оқу. Ал кей адамдар үшін шығармашылық – өмірінің ажырамас бөлігіне айналады. Осындай жанның бірі – Ертіс ауылының сәбилер бақшасының басшысы Гүлжан Сыздыкова. Оның шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі анасының өнегесінен бастау алады. Анасының қарапайым матадан әдемі дүниелер жасап,…
