Автор: admin
-

«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңға қол қойды. Заңның негізгі міндеттері: ➣ мемлекеттік қызметтің мақсатын, ерекшеліктерін және оны өткеру қағидаттарын айқындау; ➣ мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы өзге де тұлғалардың мәртебесін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін, құқықтық, әлеуметтік және өзге де кепілдіктерін реттеу; ➣ мемлекеттік қызметке кірудің, оны өткерудің және тоқтатудың құқықтық негіздерін…
-

Облыс делегациясы World Urban Forum-13 халықаралық форумына қатысты
Әзербайжан Республикасының Баку қаласында өткен Дүниежүзілік урбан форумның 13-сессиясына Сыр өңірінің делегациясы қатысты. Аталған халықаралық алаң БҰҰ-Хабитат ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, урбанизация, қала құрылысы, климат тұрақтылығы және заманауи инфрақұрылым мәселелерін талқылауға арналды.Форумға әлемнің 100-ден астам елінен 20 мыңнан аса делегат жиналды. Олардың қатарында мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері, сарапшылар мен урбанистика саласының мамандары бар.Қазақстан…
-

2026 жылғы 21 мамырда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында құқықтық сауаттылықты оқыту жөніндегі жұмысты талдау және ЮПТ инспекторлары, мектептердің әлеуметтік педагогтары мен психологтары, өмірлік қиын жағдайдағы балалармен және қолайсыз отбасылардан шыққан балалармен бірлескен жұмыс туралы екі жоспарлы мәселе қаралды. Сондай-ақ полиция бөлімінің ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау туралы ұсынысы қаралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn/press/news/details/1226521?lang=ru
-

Жамбыл облысында 42 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды
Жамбыл облысында 42 жыл бойы құжатсыз жүрген азамат алғаш рет жеке куәлік алды Қордай ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметі қызметкерлері 1984 жылы туылған тұрғынға құқықтық мәртебесін анықтап, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуына көмек көрсетті. Ол өмір бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Құжаттары мен тұрақты тұрғылықты мекенжайының болмауына байланысты ұзақ жылдар бойы қиын әлеуметтік…
-

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ТАРТЫЛЫС НҮКТЕСІНЕ АЙНАЛУДА
Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті шаһарға деген шетелдік туристердің қызығушылығын күрт арттырды. Ауқымды саяси шарадан кейін көне қалаға келуші туристер мен зиярат етушілер саны еселеп көбейіп, демалыс күндері ұшақ билеттерін табу қиындаған. Бүгінде сенбі-жексенбі күндері Түркістан бағытындағы рейстерге сұраныс бірнеше есе өскен. Қонақ үйлерде бос орын азайып, тарихи-мәдени нысандарда келушілер қарасы қалыңдаған. Әсіресе…
-

Бұқар жырау аудандық СЭББ қоғамдық талқылау аңдатпасы
Бұқар жырау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2026 жылғы 20-25 мамыр аралығында сағат 10-00-ден 13-00-ге дейін басқармада басқарманың 2025 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1226525?lang=ru
-

Петропавлда «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталады
Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызды әрі тарихи оқиға өтті — болашақ Инклюзивті спорт орталығының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Жоба «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр және бүгінде ол өңірдегі ең маңызды әлеуметтік нысандардың бірі ретінде қарастырылуда. Бұл бастама спорт инфрақұрылымын дамытудың жаңа тәсілін қалыптастырады — жасына, денсаулық жағдайына және физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан әр…
-

Ерейментау ауданының прокуратурасымен оқушыларға арналған «Прокурор сағаты» өткізілді
Ерейментау ауданының прокуратурасымен оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сана деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалар жарақаттануының алдын алуға бағытталған «Прокурор сағаты» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, №2 Төлеу Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, жазғы демалыс уақытысында…
-

ШҚО-да сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері айтылды
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг барысында ШҚО ТЖД өкілдері облыс аумағында 75 сейсмикалық қауіпті елді мекен орналасқанын хабарлады. Олар 2 қала мен 11 ауданды қамтиды. Аталған аумақта 560 мың адам және 150 мың тұрғын үй орналасқан.Жыл басынан бері қарқындылығы 2 балдан жоғары сезілетін жер сілкіністері тіркелген жоқ. Облыс аумағында 2 сейсмологиялық станция (Зайсан қаласы және…
-

Астанада отандық өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM – 2026» атты ірі көрмесі ашылды
EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды. Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы. Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық. Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік…
-

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының СЭББ қоғамдық талқылау аңдатпасы
2026 жылы 25 мамыр сағат 11:00 – де Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 46/3 мекенжайында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өтеді. Анықтама телефоны: +7(7212) 51-96-91 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1226530?lang=ru
-

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.
Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында қазақстандық қадағалау органының басшысы мен Макаоның әкімшілік және әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак үш мемлекетаралық келісімге қол қойды: қылмыскерлерді экстрадициялау туралы; қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы; сондай-ақ сотталған адамдарды беру туралы.…
-

Көпір құрылысына байланысты 3 жаңа бағдаршам орнатылды
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР! Абай даңғылында (№15 орта мектептен Балуан Шолақ көшесіне дейінгі аралықта) көпір құрылысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының сызбасына уақытша өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда автокөлік ағыны Балуан Шолақ және М.Мәметова көшелері арқылы бағытталуда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 3 жаңа бағдаршам нысаны орнатылды: Балуан Шолақ…
-

2025–2026 оқу жылындағы қорытынды емтихан мерзімдері бекітілді
2025–2026 оқу жылындағы қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. 9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 2026 жылғы 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтихан тапсырады. 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік емтихандар 2026 жылғы 2 маусым мен 15 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі…
-

Таза Қазақстан сенбілігі
Таза Қазақстан сенбілігі 2026 жылғы 21 мамырда ауданның экономика және қаржы бөлімі ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Таза бейсенбі» акциясына белсенді қатысты. Экологиялық іс-шара барысында Гаражная көшесі аумағында, сондай-ақ айналма жол бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар аумақты тұрмыстық қоқыстардан тазалап, ауданның көркеюіне және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз…
