Автор: admin
-

FAA сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады
2026 жылғы 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) тарапынан ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалау (IASA) жүргізілді. Америкалық сарапшылардың сапары ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаевпен өткен кеңестен басталды. Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне қатысты жүргізіліп, Қазақстанның авиациялық билігінің ИКАО-ның қолданыстағы стандарттары мен ұсынылатын тәжірибесіне сәйкестігін анықтауға бағытталды. IASA шеңберінде FAA сарапшылары авиациялық заңнаманы,…
-

Қазақстанда Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Beeline Қазақстан Starlink Mobile компаниясымен бірлесіп Direct to Cell технологиясы арқылы спутниктік мобильді байланысты іске қосады. Бұл технология жерүсті мобильді байланыс қамту аймағынан тыс жерде үйлесімді смартфон арқылы байланыс қызметтерінің жекелеген түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Starlink Mobile технологиясын енгізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы АҚШ-қа…
-

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстары жалғасуда.
Кезекті тексеру Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында жүргізілді. Тексеру барысында мекемелерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы мен орындалу деңгейі зерделенді. Атап айтқанда, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, іс қағаздарын жүргізу, электрондық құжат айналымы, сондай-ақ көрнекі ақпарат пен ресми интернет-ресурстарда орналастырылған материалдардың заңнама талаптарына сәйкестігі…
-

«Дипломмен ауылға!» жобасы
23-24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 4 курс студенттерімен «Elge qyzmet: жауапкершілік және мүмкіндіктер» тақырыбында кездесу өткізді. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының атынан басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Орынбай және ауылдық аумақтарды дамыту бөлімінің басшысы Жанар Ахмиева қатысты. Кездесу…
-

АМАНТАЙ ӘПЕТҰЛЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДОДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Қожакент ауылында Еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Амантай Әпетұлын еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі облыстық ашық турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Еңбек адамдарын дәріптеу арқылы қоғам мәртебесін көтеру керек. Адал әрі табанды еңбегімен елге танылған адамдар қашанда құрметті» деп атап көрсеткен болатын. Осы мақсатта ұйымдастырылған спорттық додаға аудан әкімі Жарқынбек…
-

Ұлттық ұланның “Қалқан” газетіне – 65 жыл
28 қыркүйекте құқықтық тәртіп әскерінің “Қалқан” газетінің жарық көре бастағанына 65 жыл толды. 1961 жылы “На боевом посту” атауымен жарық көрген басылым бүгінде газет, журнал және бейнежобалар әзірлейтін заманауи редакцияға айналды. Басылым әр кезеңде “Дзержинец”, “Қалқан–Щит” атауларымен шығып, кейін “Қалқан” атауын иеленді. Осы жылдар ішінде оның тілшілері Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріндегі…
-

Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне барды
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов өз қызметтік міндеттері аясында Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне барып, «Арнайы мекемелерде, сондай-ақ қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жайларда адамдарды ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс барысында арнайы мекемелерде және арнайы үй-жайларда ұсталған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ…
-

2026 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы Жақсы ауданы әкімінің халықпен тұрақты кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ
Жақсы ауданы әкімінің және Жақсы ауданының ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің 2026 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы халықпен кезекті кездесулерінің КҮНТІЗБЕСІ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy-novokienka/press/news/details/1299795?lang=ru
-

$506 млн инвестиция: Ақмола облысында үш жел электр станциясы салынып, элеватор жаңғыртылады
Алматыда өткен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумында Мемлекет басшысының қатысуымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қытайлық бизнес өкілдерімен екі келісімге қол қойды. Оның бірі облыста үш жел электр станциясын салуды көздесе, екіншісі Жақсы ауданындағы элеваторды жаңғырту жобасына қатысты. Ақмола облысы – еліміздің ірі аграрлық өңірлерінің бірі. Сонымен қатар өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға да басымдық…
-

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚАЗАҚСТАН-ҚЫТАЙ ШЕКАРАСЫНДА УАҚЫТША ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛЕДІ
📢 Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасында Қытай Халық Республикасының құрылған күніне орай 2026 жылғы 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.🚫🚛 🚆 Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. 📌 Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан…
-

Қазақстанда балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі
Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға медициналық көрсетілімдеріне сәйкес жеке өлшеммен жасалған протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі. Бұл жұмыс – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Көмек ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында көрсетіледі. Протездік-ортопедиялық көмек тірек-қимыл жүйесінде бұзылыстары бар балалардың қозғалысын қолдауға, дене бөліктерінің қызметін түзетуге және…
-

Зеренді ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды қайта әлеуметтендіру мәселелері талқыланды
Зеренді ауданының прокуроры бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және профилактикалық әрі пробациялық есепте тұрған адамдарды ресоциализациялау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысына қатысты. Отырыс барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі есептері тыңдалып, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуі, жұмыспен қамтылуы және белгіленген шектеулерді сақтауы мәселелері қаралды. Жалпы, ағымдағы жылы есепте тұрған 4 адам…
-

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу
2026 жылғы 25 қыркүйекте Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қауымдастығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді. Кездесуге 30-дан астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда – ауданның білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді іске асыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосымша біліммен қамту мәселелері қарастырылды. Қызықтырған барлық сұрақтарға…
-

«Бір шешімнің бағасы» – жасөспірімдердің маңызды таңдауы туралы
Біржан сал ауданының прокуратурасы жергілікті жастар ресурстық орталығымен, полиция және білім бөлімдерімен бірлесіп, Степняк қаласының №1 және №2 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін «Бір шешімнің бағасы» атты профилактикалық іс-шараны өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды алдын алу және жасөспірімдердің өз әрекеттері мен олардың салдарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Кездесу…
-

АУЫР АТЛЕТИКА: АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТЫП, АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды. Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты. Серпе көтеруде отандасымыз 205 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады. 🥇🇰🇵Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) – 379 келі (165+214)🥈🇰🇿Алексей…
