Автор: admin
-

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Нархоз колледжінің студенттерімен кездесу өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Нархоз колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге кибералаяқтықтың кең таралған түрлері, интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау және күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалды. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқық…
-

Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне арналған «TourEast ALTAI KZ» фестивалі
26 қыркүйекте Өскемен қаласының Сол жағалау кешенінде Дүниежүзілік туризм күніне арналған «TourEast ALTAI KZ» фестивалі өтеді. Іс-шара туристік индустрия өкілдерін, қолөнершілерді, спортшыларды, сарапшыларды және белсенді демалыс пен саяхаттың барлық әуесқойларын біріктіреді. Іс-шара қонақтарын барлық жастағы келушілерге арналған мазмұнды бағдарлама күтеді. Саябақ аумағында тақырыптық секторлар ұйымдастырылады: Іскерлік алаң (09:00–11:30): Бағдарлама «Туризмді дамытудың заманауи тәсілдері» атты туризм…
-

СТЕЛЛА СУХАНОВА ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр. Байдаркамен 500 метрге жарыста Қазақстан құрамасының спортшысы, Азия чемпионы Стелла Суханова мәреге 3-ші келіп, қола жүлде жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші 1:59.688 секунд. Жарыс барысында Қытай спортшысы алтын медаль иеленсе, күміс Өзбекстан ескек есу шеберінің еншісінде. Фото:…
-

Алматы көпсалалы колледжінің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алматы көпсалалы колледжінің бітіруші түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында жастарға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыс іздеу жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, түлектерге түйіндеме дайындау, жұмыс берушімен сұхбаттасудан өту және алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтау бойынша кеңестер ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың…
-

ДМИТРИЙ ХОЛМОГОРОВ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Бүгін Жапонияның Аичи префектурасындағы Миёси көліндегі есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия ойындарының финалы жалғасып жатыр. Байдаркамен 500 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Дмитрий Холмогоров финалда үшінші орыннан көрініп, қола жүлдегер атанды. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 1:44.453 секунд. Мұнда Өзбекстан спортшысы алтын медаль иеленді. Одан кейін мәреге Оңтүстік Корея өкілі келді. Фото: Шамкен БАЙЫРБЕК…
-

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУ
Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, айқын интоксикациямен, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен және теріде тән бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын жедел вирустық жұқпалы ауру. Қызылшаның белгілері: инкубациялық кезеңі әдетте 7-ден 21 күнге дейін созылады. Көп жағдайда аурудың алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін 10–14 күннен соң пайда болады. Ауру катаральды кезеңнен басталады. Бұл кезде жалпы әлсіздік, дене…
-

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді. Министр БҰҰ Бас хатшысына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Мемлекет басшысының атынан күрделі халықаралық жағдайдағы А. Гутерриштің қызметіне, оның көпжақтылық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына дәйекті бейілділігіне, сондай-ақ…
-

Қазақстан ТМД Туризм кеңесінің отырысында туризмді дамытудың басым бағыттарын таныстырды
Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Туризм жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің атынан Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұрбол Байжанов қатысты. Отырыста туризмді дамытудың өзекті үрдістері, перспективалы жобалар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған стратегиясын…
-

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның сыртқы саяси ведомствосының өкілдерімен кездесу өткізді
Найроби, 2026 жылғы 24 қыркүйек. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Еуропа және Достастық мәселелері жөніндегі дирекциясы Бас директорының орынбасары, Елші Табу Ирина MBS, сондай-ақ Экономикалық және коммерциялық дипломатия мәселелері жөніндегі директорының орынбасары Элизабет Мигудамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Қазақстан…
-

Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен кездесу өткізді
Найроби, 2026 жылғы 25 қыркүйек. 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының (KNCCI) Президенті д-р Эрик К. Руто, Ұлттық директоры және Экономикалық дипломатия мәселелері жөніндегі төрағасы Синтия Ньявира, сондай-ақ Азия өңірінің KNCCI төрағасы және өкілі Джоэл Черуйиот Суммен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен…
-

Астанада Akashi Data Center деректер орталығының құрылыс алаңында баспасөз туры өтті
Астанада Akashi Data Center деректер орталығының құрылыс алаңына техникалық баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға Astana Invest басқарма төрағасының орынбасары Сұлтан Достанов қатысты. Баспасөз туры барысында қатысушылар құрылыс жұмыстарының қазіргі барысымен, нысанның энергетикалық және инженерлік инфрақұрылымымен, сондай-ақ жобаны іске асырудың алдағы жоспарларымен танысты. Akashi Data Center – жалпы инвестиция көлемі шамамен 354 млн АҚШ долларын құрайтын ауқымды…
-

Астана әкімдігі мен Changi Airports International стратегиялық әріптестік орнату жөнінде қағидатты келісімге келді
Астана қаласының әкімдігі, ҚР Көлік министрлігі және Changi Airport Group компаниясының еншілес ұйымы – Changi Airports International (CAI) елордадағы әуежай инфрақұрылымын ұзақ мерзімді дамыту саласында стратегиялық әріптестік орнатуға бағытталған ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Негіздемелік келісімге қол қою нәтижесінде тараптар екі негізгі бағыт бойынша ресми уағдаластыққа қол жеткізді. Астанадағы жаңа әуежайды басқару Тараптар Астанадағы…
-

Ақкөл аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс 68 сессиясы
АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН АҚКӨЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 11:00-де Ақкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 68-сессиясы өтетінін хабарлаймыз. Күн тәртібінде: 1. Ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау. 2. Әртүрлі мәселелер. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/1299155?lang=ru
-

Astana Invest МГУ оқытушылары мен студенттеріне № 1 Индустриялық паркке экскурсия ұйымдастырды
Astana Invest М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының (МГУ)профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне Астанадағы № 1 Индустриялық паркке экскурсия ұйымдастырды. Сапардың мақсаты — қонақтарды елорданың өнеркәсіптік әлеуетімен және жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен таныстыру. Экскурсия барысында қатысушылар алты өндіріс орнында болды. Kazakhstan Paramount Engineering зауытында олар брондалған көліктердің жасалу үдерісімен танысты. Кәсіпорын «Арлан», «Алан», «Номад» және…
-

Елордада да есеп беру күні өтті
Астанада бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы Бірыңғай есеп беру күні өтті. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Оның ішінде мемлекеттік және бақылау-қадағалау органдарының басшылары, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ түрлі салада жұмыс істейтін 70-тен астам кәсіпкерлер бар. Кездесу барысында бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, заңнама талаптарын сақтау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау…
