Автор: admin
-

Астана қаласының Алматы ауданы прокуратурасының, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті
Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту елорда экономикасының өсіміне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Астанада ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен инвесторлар жедел шешуді қажет ететін әкімшілік кедергілерге әлі де тап болып келеді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мен инвесторлар аудан аумағында…
-

Ақмола облысының әскери міндеттілері есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы хабардар етілді
Оқу-жаттығу жиындары аясында аумақтық қорғаныс бригадасына кірген әскери міндеттілер Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараны №99265 әскери бөлім ұйымдастырып, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Кездесу барысында полиция қызметкерлері есірткіні сақтау, пайдалану және тарату жауапкершілігі туралы айтып, заңнамадағы өзгерістерді түсіндіріп, қаскөйлердің адамдарды есірткінің заңсыз айналымына қалай тартатынын еске салды. Жасөспірімдер…
-

«RnR Group» нан зауыты елорданың нан өндірісі саласында сапаның жаңа стандарттарын қалыптастырып, жоғары өндірістік әлеуетін көрсетуде.
Зауыттағы өндірістік үдерістер толықтай автоматтандырылған. Швеция, Болгария және Италиядан әкелінген заманауи жабдықтардың арқасында тәулігіне 25 тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдері өндіріледі. Кәсіпорын өз шикізат базасын пайдаланады, ал дайын өнім елорданың сауда орындарына, әлеуметтік нысандарына және сауда желілеріне жеткізіледі. Бүгінде зауытта технологтар, наубайшылар және жабдық операторларын қоса алғанда 30-дан астам маман еңбек етеді. https://www.instagram.com/astana_kasipker/ Ақпарат…
-

ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Мәжілісте Тереңөзек кентінде салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды. Бүгінгі таңда ғимараттың кіреберіс баспалдағының астыңғы іргетасы құйылып, электр желілерін қосу, есік-терезе откостарын әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба аудан тұрғындары үшін аса маңызды. Себебі аудан аумағы арқылы өтетін…
-

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыланды
Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызмет қорытындылары шығарылған алқа отырысы өтті. Отырыс барысында аумақтық басқармалардың жұмыс нәтижелері, Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесінің орындалуы, халықты вакцинациялаумен қамту, екпеден бас тартатын азаматтармен жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялар бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал мен эпидемияға қарсы атқарылып жатқан іс-шаралар қаралды. Алқа отырысының қорытындысы…
-

Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер арасындағы республикалық спартакиада өтуде.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының намысын жарыста Инвестициялар тарту және сыртқы экономикалық қызмет бөлімінің бас маманы Олжас Әубәкір мен Сауда және қызмет көрсету саласын дамыту бөлімінің басшысы Әділ Қапсалямов қорғауда. Қазақ күресінен өткен жарыс қорытындысы бойынша Әділ Қапсалямов жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсетіп, І орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, елордалық футбол командасы да…
-

Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкерлері келісілді: Асыл Бахитович Даутбаев бағалы қағаздар нарығында Директорлар кеңесінің басшысы, Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына (2026 жылғы 17 шілдедегі №327/РЦБ хаттамасы); Бексултанхожа Абдикахарович Ануаров бағалы қағаздар нарығында Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор лауазымына (2026 жылғы 17 шілдедегі №326/РЦБ хаттамасы); Сауле Амреевна Пралиева «Фридом Финанс» АҚ бас…
-

Қазақстанда цифрлық трансформация стратегиясы аясында 50-ден астам ЖИ-агент енгізілді
Қазақстан экономиканың негізгі секторларына жасанды интеллект технологияларын енгізе отырып, цифрлық трансформацияны жеделдетуде. Еліміз мемлекеттік басқару мен бизнеспен өзара іс-қимылдың негізі ретінде ЖИ-ді таңдап, AI-First архитектурасына көшуде. Қазіргі таңда өнеркәсіп пен энергетикадан бастап денсаулық сақтау мен білім беруге дейінгі 72 саланы қамтитын цифрлық трансформацияның 20 картасы бекітілді. Бұл бюрократиялық рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге және кәсіпкерлердің шығындарын қысқартуға…
-

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Е.А. Садырбаев Алматы қаласындағы «Метрополитен» МКК-да жұмыс сапарымен болды
Сапар аясында вице-министр авариялық-құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын, оқу-жаттығу полигонын, қызметкерлерге арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығын және электр депосының нысандарын кешенді түрде тексерді. Күн тәртібінде жерасты құрылыстарының қауіпсіздігін нығайту, төтенше жағдайларға жедел ден қою дағдыларын жетілдіру және бірлескен практикалық іс-шараларды ұйымдастыру мәселері қаралды. Нәтижесінде азаматтық қорғау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары айқындалды. Сейсмологиялық…
-

Ақмола облысының полицейлері көлікті ұрлап, ЖКО жасап, оқиға орнынан жасырынған күдіктіні ұстады
Ақмола облысының полицейлері ұрланған көлік құралын басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған және апат орнынан жасырынған ер адамды ұстады.Полицейлердің айтуынша, мұндай қылмыстарды мас күйінде жүрген адамдар жиі жасайды. Осындай жағдайлардың Степногорск қаласында орын алды.Полиция қызметкерлері анықтағандай, алкоголь өнімін ішкен ер адам бұрынғы жұбайының көлігінің кілттері өзінде қалғаны есіне түскен. Автокөлік әдеттегі автотұрақта деп болжап, сол жерге барып,…
-

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ЖЫЛ САЙЫН ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ
Ауданымыздың негізгі саласы – агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жыл сайын ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы ауданда 32 473 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, күріш 18 541 гектарға егілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді. Биыл шаруашылық құрылымдары заманауи лазерлік жер…
-

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды
Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Бастауыш мектептің жазғы сессиясы: Сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық семинар басталды. Сессияға еліміздің барлық 20 өңірінен 200-ден астам қатысушы – білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және бастауыш сынып педагогтері қатысуда. Семинардың ашылуында…
-

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бастөбе ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторының қатысуымен рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд барысында тұрғындарға тазалықты сақтау, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамау және қоршаған ортаны қорғау талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардың тазалығы бақылауға алынып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және елді мекеннің тазалығын сақтау. Ақпарат көзі…
-

Өндірістік нысандағы қауіпсіздік нормалары
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Конденсат» АҚ мен «Аксайгазсервис» АҚ-на қатысты жоспарлы инспекция жүргізді. Тексеру барысында аталған саладағы заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды. Кәсіпорынның техникалық регламенттерді толық көлемде орындамайтыны белгілі болды. Мекеме инвестор болғандықтан, прокурор сүзгісінен өтті. Анықталған кемшіліктерді жою үшін инспекторлар мекеме басшылығына міндетті нұсқама берді. Заңды…
-

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТҰРАҚТЫ ӨСІМ КӨРСЕТТІ
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алда атқарылатын жұмыстар туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде баяндады. Брифинг барысында аудан басшысы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, барлық негізгі бағыттар бойынша жоспарлы жұмыстардың жүйелі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде аудан бюджеті жыл басында 10 млрд. теңгеге бекітілсе, шілде айындағы…
