Автор: admin
-

Петропавл қаласында «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» семинары өтті
2026 жылғы 19 маусымда Петропавл қаласында MyBuh.kz интернет-бухгалтериясының өкілдері, кәсіби бухгалтерлер мен салық консультанттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржановпен бірлесіп, салық төлеушілерге арналған «Халық бухгалтері 2026: бизнес пен МКК ашық диалогта» атты семинар өткізді. Іс-шара кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыру, салық заңнамасындағы өзгерістерді…
-

Халық денсаулығы жолындағы ұзақ жылғы қызмет
Ділтаева Гүлбан Құздыбайқызы – санитарлық фельдшер, 1983 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық салада еңбек етіп келеді. Ол – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері және «Халық алғысы» мемлекеттік медалінің иегері. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласында ұзақ жылдар бойы аянбай еңбек етіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Өз қызметінде жоғары кәсіби шеберлік, адамгершілік қасиет пен мамандығына деген адалдық…
-

Жағажай волейболы
Қопа көлінің жағалауы абаттандырылғаннан кейін ол қала тұрғындарының ең сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Жағалау бойында шағын футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған заманауи спорт алаңдары, ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары мен балаларға арналған ойын кешендері орнатылған. Демалыс күндері мұнда адам қарасы көп болады: қала тұрғындары таза ауада спортпен шұғылданып, белсенді демалысты тиімді өткізеді. Қалалық…
-

Қарағандыдағы кибер-күзетші: робот-ит қоғамдық қауіпсіздікті күзетуде
Қарағандыда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Осы мақсатта қала аумағында қоғамдық орындарды патрульдеуге арналған роботтандырылған «робот-ит» кешені пилоттық режимде сынақтан өткізілуде. Заманауи құрылғы бейнебақылау жүргізіп, тұлғаларды тану және бейнеаналитика элементтері арқылы жедел ақпарат жинауға қабілетті. Робот алынған деректерді қолданыстағы ақпараттық жүйелермен салыстырып, іздеуде жүрген тұлғалар мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтауға мүмкіндік…
-

Таңдаған мамандығына адалдық
Потапова Марина Алексеевна – еңбек өтілі 39 жыл. Өзінің еңбек жолын Қостанай қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында паразитологтың көмекшісі қызметінен бастаған. 2003 жылдан бастап Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінде жетекші маман болып қызмет атқарды. Адал әрі мінсіз еңбегінің арқасында Қостанай облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты. Ақпарат көзі :…
-

«Автобус»: Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы бақылауға алынды
19–23 маусым аралығында Қарағанды облысының аумағында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның негізгі мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық көлік жүргізушілерінің көліктік тәртібін арттыру және жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара аясында өңір полицейлері уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, автобустар мен шағын автобустарға кешенді тексеру жүргізуде. Бақылау барысында көліктердің техникалық жай-күйі, жүргізушілердің…
-

Медицина қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті
Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі, жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің марапаттарына ие болды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен келесі қызметкерлер марапатталды: Айгерім…
-

«Ішімдіксіз ауыл»
Қызылащы ауылдық округінде 2026 жылғы 15-19 маусым аралығында «Ішімдіксіз ауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту, сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Аталған іс-шара аясында ауылдық округ әкімдігі, учаскелік полиция мен қоғамдық жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысымен…
-

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі 36 жылдық еңбек
Аймбетова Гүлзираш Сыдыққызының санитариялық-эпидемиологиялық саладағы еңбек өтілі – 36 жыл. Еңбек жолын Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында санитариялық дәрігер қызметінен бастаған. Әр жылдары бас маман, бөлім басшысы және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2023 жылдан бастап Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын басқарады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1244145?lang=ru
-

Икемді жұмыс кестесі және жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеу
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының маңызды қағидаттарының бірі – еңбек саласында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Жұмыс беруші жұмыскерлердің жынысына, жасына, отбасылық жағдайына, балаларының болуына немесе жұмыскердің іскерлік қасиеттеріне байланысты емес өзге де мән-жайларға қарамастан, олардың еңбек құқықтарын іске асыруына жағдай жасауға міндетті. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес еңбек саласында кемсітушілікке тыйым салынады. Бұл жұмысқа қабылдау,…
-

Мамандыққа адалдық пен көпжылдық тәжірибе
Самотина Тамара Антоновна – санитариялық фельдшер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен маман. 1990 жылдан бастап Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында, кейін Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. Көпжылдық адал еңбегімен Қостанай облысы тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Қазақстан Республикасы Денсаулық…
-

СУСН бағдарламасы бойынша ауылдық округте салынып жатқан үйлер
Жылысай ауылдық округі бойынша халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын (СУСН) баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар. Тұрғын үй құрылысы және дайындығы: Ағымдағы кезеңде округ бойынша СУСН санатындағы азаматтарға беру үшін жаңадантұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Әр үй заманауи талаптарға сай, инженерлік-коммуникациялық желілерге (су, жарық, жылу) толық қосылған. Құрылыс жұмыстары жергілікті және республикалық бюджет есебінен үйлестіріліп, бақылауға…
-

Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз
Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.Акция Абай облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі 44 “А”, (Көкпекті ауданы әкімдігі) және 2025 жылдың 24 маусым күні сағат 17-00 ден бастап өтеді.Мемлекеттік органдар, қаланың заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап,…
-

«Тоқта, алаяқ!» акциясының жүргізілуі
Облыс прокуратурасымен интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Тоқта, алаяқ!» профилактикалық акциясы өткізілуде. Акция аясында прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтармен кездесулер өткізіп, ақпараттық материалдар таратып, алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ерекше назар егде жастағы адамдар мен зейнеткерлерге аударылады, себебі олар көбінесе телефон және интернет алаяқтарының құрбанына айналады…
-

BALKHASH TOUR FEST 2026: мыңдаған қонақтың қауіпсіздігін 300-ге жуық полицей қамтамасыз етуде
Балқаш қаласында дәстүрлі BALKHASH TOUR FEST 2026 туристік фестивалі басталды. Еліміздің әр өңірінен келген мыңдаған қонақтың басын қосқан ауқымды шараның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысы Полиция департаментінің 300-ге жуық қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары фестиваль алаңдарында, оған апаратын автожолдарда және Балқаш көлінің акваториясында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету…
