Автор: Алатау Ахмет-Султан
-

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістанда Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білім берудегі ұстаз еңбегінің маңызын атап өтіп, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мен мәртебесін көтеру – білім саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді. Салтанатты жиында білім беру саласына…
-

Ұстаз – ұлттың ұлы құндылығы!
Ауданда Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың ұлы құндылығы» атты салтанатты іс-шара өтті. Ұстаз – жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, өмірлік бағыт-бағдар беретін маңызды тұлға. Мемлекет басшысының білім саласына айрықша мән беруі – ұстаз мәртебесін көтеру мен педагог еңбегін бағалаудың маңыздылығын айқындай түседі. Салтанатты жиында ауданның…
-

Атбасар ауданы әкімінің Мұғалімдер күнімен құттықтауы
Құрметті Атбасар ауданының білім беру саласының қызметкерлері және педагогикалық еңбек ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін біз ауданымыздың және еліміздің болашағы көп жағдайда байланысты болатын жандарды құрметтейміз. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекелеріне орай педагогтерді құттықтай отырып, мұғалімнің айрықша рөлін атап өтті. Президент: «Мұғалім – әр адамның өміріндегі негізгі…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ ТҰРАҚТЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауы мен тапсырмалары аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жоспары толығымен орындалып, қысқа мерзімді экономикалық өсім 121,9%-ды құрады. Осылайша, Түркістан облысы республика бойынша 1 орынға тұрақтады. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен жиында…
-

Азаматтарды жеке қабылдау
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Оразбеков Аслан Ұланұлы және департамент басшысының орынбасары Маканов Арман Мұратбекұлы азаматтарды күнделікті жеке қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындардың зейнетақы тағайындау, мүгедектікті рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қорғау саласына қатысты басқа да мәселелері қаралады. Азаматтарға қолданыстағы заңнама…
-

КЕЛЕСТЕ АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық – бірге!» атты ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды.Тазалық шарасына Келес ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Мырзамұратов қатысып, аудан тұрғындарын игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.Аудан көлемінде өткен акцияға 3 мыңға тарта адам мен 15 техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында елді мекендердегі…
-

Ұстаздар күні аталып өтті
Шортанды ауданында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданның білім беру саласының ұстаздары мен ардагерлері қатысып, кәсіби мерекелерін атап өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар, білім беру саласына қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды. Мерекелік…
-

Достық пен келісім
Достық пен келісім – адамдар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің негізі. Достық адамдарды жақындастырып, бір-біріне қолдау көрсетуге, көмектесуге және қиындықтарды бірге еңсеруге үйретеді.Келісім бар жерде өзара құрмет, татулық пен бірлік қалыптасады. Әр адам өзгенің пікірін тыңдап, түсіністікпен қараса, ортада жағымды қарым-қатынас орнайды.Мектепте достық пен келісімді насихаттау оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауына, мейірімділік пен жауапкершілікті сезінуіне ықпал…
-

Мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары
Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай міндетті шарттардың бір мезгілде болуы негіз болып табылады: организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың бұзылуы; тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы); әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі. Жас…
-

Қарағандының тағы үш көшесінде электр желілері жаңартылуда
Ержанов, Ермеков және Ғазалиев көшелерінде «Қарағанды Жарық» компаниясы электрмен жабдықтау кабель желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үш көшеде жалпы ұзындығы 5518 метр кабель ауыстырылады. Қолданыстағы 6 кВ желілердің орнына көлденең қимасы 240 мм² болатын жаңа кабельдер тартылады. Бұл желінің өткізу қабілетін арттырып, электр энергиясын тұтыну шарықтайтын кезеңдерде шамадан тыс жүктеме түсу қаупін азайтуға және…
-

Тауарды шығару — соңғы нүкте емес
Тауарды шығару — соңғы нүкте емес. Кедендік бақылау шығарудан кейін де жалғасады ЕАЭО Кеден кодексі мен ҚР Кедендік реттеу туралы кодексі бойынша мемлекеттік кірістер органдары мәліметтердің дұрыстығын тауар шығарылғаннан кейін де тексереді. Мерзім: әдетте 3 жыл (89 және 143-баптар). 5 жыл — салықтық мониторинг, отын-энергетика секторының жер қойнауын пайдаланушылары, уәкілетті экономикалық операторлар және…
-

Қазақстан БҰҰ-да әйелдер құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі реформалардың нәтижелерін таныстырды
Қазақстан Республикасының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындауы жөніндегі алтыншы мерзімді баяндамасын қарау шеңберінде қазақстандық делегация БҰҰ-ның Әйелдерге қатыстыкемсітушіліктің барлық нысандарын жою жөніндегі комитетке соңғы жылдары әйелдер құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету саласында жүзеге асырылған заңнамалық және институционалдық өзгерістердің нәтижелерін таныстырды. Делегация құрамына Мәдениет және ақпарат, Әділет, Ғылым және жоғары…
-

АЙМАҚТА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
АЙМАҚТА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде жылу беру маусымы, «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын іске асыру мәселелері қаралды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жылу беру маусымының басталуына орай өңірлердегі жағдайды баяндады. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы жылу…
-

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАРЫСЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Облыс әкімдігінде Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М. Усаин 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы және энергетика саласындағы өзекті мәселелерін талқылады. Мәжіліске Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Алтайұлы қатысты. Кездесу барысында өңірдің жылыту маусымына дайындығы, энергетикалық нысандардың әзірлігі,…
-

Колледжден әскери сапқа: бір топта оқыған жеті түлек Ұлттық ұланды таңдады
Биыл елордалық колледждің жеті түлегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланында мерзімді әскери қызмет өткеруге шешім қабылдады. Олардың барлығы фельдшер мамандығын меңгерген. Қазір жас сарбаздар Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің оқу пунктінде әскери қызметтің негіздерін меңгеріп, Отан алдында ант беруге дайындалып жатыр. Бұл бастаманы қатардағы Кәдіржан Байтенов көтерді. Ол алғашқылардың бірі болып әскери…
